Энтропия. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 10.2B Термодинамикаға кіріспе

КҮНІ:

Мектеп: Орал қаласы ФМБ НЗМ

Мұғалім: Базарова Д.Ж.

СЫНЫП:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Энтропия

Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты

10.3.1.5 энтропияны жүйенің ретсіздік өлшемі ретінде түсіндіру және оны анықтамалық деректер бойынша есептеу.

Сабақ мақсаты

  • Энтропия терминін түсіну және анықтау;
  • Энтропия өзгерісіне әсер ететін факторларды анықтау;
  • Реакцияның ΔS мәнін анықтамалық мәндерін пайдалана отырып есептеу.

Бағалау критерийі

Білу

  • Энтропия терминін түсіне алады;

Түсіну

  • Энтропияға температураның әсерін түсіне алады;

Қолдану

  • Энтропия өзгерісін есептей алады;

Миссия, Ұстаным, Құндылықтар

Миссия

  • Шығармашылық дағдысын дамыту;

Ұстаным

  • Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру;
  • Сыни ойлау дағдыларын дамыту;

Құндылықтар

  • Құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапкешілік

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алуы керек:

Химиялық реакциялар үшін энтальпия өзгерісін қалай есептеу керек екенін түсіндіру

Пәнге қатысты лексика және терминология

энтальпия, энтропия, Гиббстің бос энергиясы, Гесс заңы, жылу эффектісі

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Берілген реакцияның энтальпиясы……….. қосындысына /айырмасына тең

....... реакциялар энтальпиясы және ………..реакциялар энтальпиясы

Гиббстің бос энергиясы……

Реакцияның энтальпиясын есептеу үшін……………. қолданылады

Пәнаралық байланыс

Физика

Алдыңғы білім

8.2С Химиялық реакциядағы энергиямен танысу

8.3В Химиялық байланыс түрлері

9.1С Химиялық реакция жылдамдығы

Жоспар

Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-3

(3 минут)

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

  •  «Дайындық» (W)
  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Сабақ тақырыбы және оқу мақсатымен таныстыру.

Power point бағдарламасы бойынша жасалған презентация

Ортасы

3-9

(6 минут)

9-25

(16 минут)

25-35

(10 минут)

35-40

(5 минут)

40-55

(15 минут)

55-75

(20 минут)

  •  «Энтропияға кіріспе» (W, T)

Мақсаты: Энтропия терминін түсіну және анықтау;

Сипаты: Оқушылар энтропия туралы бейнематериалды көріп, кейін жаңа сөздік термин «энтропия»ны өз ойларымен түсіндіреді.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар бейнематериалды көріп, кейін мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушыларға бейнебаянды көрсетеді, энтропия ұғымын түсіндіре алатын сұрақтар қояды. Күнделікті кездесетін мысалдарды қолдана отырып,

Бағалау: Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген оқушы анықталады.

Бағалау критерийлері: Оқушылар электролиз процесін түсінеді.

  • «Энтропия ұғымы» (W) (P)

Мақсаты: Энтропия ұғымын ретсіздіктің өлшемі ретінде түсіндіру;

Сипаты: Энтропия ұғымын ретсіздіктің өлшемі ретінде енгізіп түсіндіріледі. Бұл терминді түсіндірерде «еркіндік дәрежесі» ұғымына сүйеніп, мысал ретінде газ қолданылады. Оқушылар температураның жоғарлауы не себептен энтропияны ұлғайтатынын және де энтропияны нақты өлшеуге болатындығын түсінулері қажет.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушыларға энтропия ұғымын түсіндіретін мәтін беріледі. Оқушылар жұпта талқылап, өз ойларымен бөліседі.

Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушыларға мәтін беріп, кейін олардың жұпта жұмыстанунын қадағалайды.

Кері байланыс: оқушы – оқушы/мұғалім

  • «Сұрақ-жауап» (W)

Мақсаты: Энтропия ұғымын ретсіздіктің өлшемі ретінде түсіну;

Сипаты: Оқушылар «энтропия» ұғымына байланысты берілген сұрақтарға жауап береді. Және энтропия өзгерісіне қандай факторлар әсер ететінін талқылайды.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, кейін өз-ара талқылау жүргізеді.

Бағалау: Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген оқушы анықталады.

Бағалау критерийлері:

  • Энтропияға температураның әсерін түсіне алады;

Рефлексия ®

  • ThinkPair Share (W)

Мақсаты: Оқушылардың түсінік дағдыларын бағалау;

Сипаты: Оқушылар «энтропия» ұғымына байланысты берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушыларға жеке берілген сұрақтарды жеке ойланып, кейін жұпта талқылау жүргізеді. Одан кейін түгел сыныпқа сұрақтарының жауаптарын түсіндіреді.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушлар берілген сұрақтаға жауап береді.

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға сұрақтарды беріп, олардың жеке, жұпта және сыныпқа қалай жұмыстанатынын бақылайды.

Бағалау: Бір-бірін бағалау.

  • «Тапсырма орындау» (I)

Мақсаты: Энтропия өзгерісіне есептер шығару.

Сипаты: Энтропия өзгерісін есептеуге бірнеше мысалдар ұсынылады. Бірнеше үдерістер үшін энтропияны есептеуді орындау беріледі.

ΔS-ті энтропия өзгерісінің символы ретінде енгізеді.

Оқушы іс-әрекеті:

1) S реакциясын есептеу үшін негізгі қадамдарды жазады;

2) кесте мәндерін пайдаланып, реакцияның энтропиясын есептейді;

3) Жауаптардың дұрыстығын тексереді.

Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушылардың жеке есептер шығаруын қадағалап, оқушыларға түсінбегендеріне көмектеседі.

Бағалау: Өзін-өзі бағалау;

Бағалау критерийлері:

  • ΔS-ті энтропия өзгерісін есептей алады.

https://www.youtube.com/watch?v=YM-uykVfq_E

Бейнежазба бойынша түсіндіру:

http://www.youtube.com/watch?v=z0XrbWNsSwA

http://www.chemistry.ru/course/content/chapter4/section/paragraph6/theory.htmlhttps://www.saddleback.edu/faculty/cabel/Saddleback/Chapter17_files/chem1b-ws14-s-g-key.pdf

Энтропияның теориялық негізі

http://butane.chem.illinois.edu/cyerkes/102_F_11/Worksheets/Worksheet_18_answers.pdf

Энтропия бойынша тапсырмалар

Қосымша 1

Соңы

75-80

(5 минут)

  • Рефлексия

БББ кестесін толықтыру.

Білем

Білемін

Білгім келеді

Үй тапсырмасы:

БББ кестесінің сызба - нұсқасы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды