Энтальпия өзгерісін өлшеу Практикалық жұмыс № 1 «Бейтараптану реакциясының жылу тиімділігін анықтау». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3 | Мектеп: Павлодар қ. ХББ НЗМ | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Оразбай Асылбек | |||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Энтальпия өзгерісін өлшеу Практикалық жұмыс № 1 «Бейтараптану реакциясының жылу тиімділігін анықтау» | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.1.3 Реакция энтальпиясының өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтап, тәжірибелік мәліметтерден энтальпия өзгерісін анықтай алу | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Ауызша/жазбаша түрде деректерге сәйкес қорытынды жасай алады; есептің шығарылуын түсіндіре алады Пәнге қатысты лексика мен терминология Қарапайым энтальпия өзгерісі, реакция энтальпиясының өзгеруі, меншікті жылу сыйымдылығы / температура өзгерісі; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Формула түрлендіру, қолдану және есептеу жүргізу Реакция энтальпиясының өзгеруін есептеу үшін ... формула қолданылады; Х | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық; өмір бойы білім алу | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика: меншікті жылу сыйымдылығы; температура өзгерісі, график сызу. математика: Формула түрлендіру | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Білімлэнд сайтымен жұмыс http://www.chemguide.co.uk/physical/energetics/practical.html#top https://bilimland.kz/kk#lesson=11304 «Бейтараптану энтальпиясының тәжірибеде анықталуы» видео тәжірибе көру | |||||||||
Бастапқы білім | ||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Амандасу, оқушыларды белгілеу Үй жұмысын тексеру: энтальпия түрлері Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау Мұғалім: Тақырыпқа сұрақ-жауап арқылы шығу Меншікті жылу сыйымдылығы деген не? Ол қалай өрнектеледі? Химияда қалай қолдануға болады? | Тақырып бойынша презентация, тапсырмалар | ||||||||
Сабақтың ортасы Жалпы мағынаны тануға 30 минут | Алдымен кіріспе ретінде: Күтілетін нәтиже көрсетіледі Тапсырма1 (8минут) 1) Оқушылар жұпта Білімлэнд сайтынан https://bilimland.kz/kk#lesson=11304 «Меншікті жылу сыйымдылығы» туралы ақпаратпен танысады, немесе ақпараттық парақшаны оқиды. 2) Білімлэнд сайтынан https://bilimland.kz/kk#lesson=11304 6-ші беттегі жаттығу №2,3 орындайды немесе «тапсырмалар парағында №2,3 жаттығу» орындайды, талдайды, есептейді содан кейін 7-ші беттегі видео көрсетіледі: Ұзындығы 1:00 (59 секунд). Сіз меншікті жылу сыйымдылығын есептеу үшін келесі формуланы қолдана аласыз. q = m * c * ΔT q = жылу энергиясы кДж m = массаkг C = меншікті жылу сыйымдылығы kДж K -1 kг-1 [су 4.18 ] ΔT= температура өзгерісіK сабақ тақырыбына шығу «Энтальпия өзгерісін өлшеу» Тапсырма 2 Практикалық жұмыс №1 (12 минут) «Бейтараптану реакциясының жылу тиімділігін анықтау» Тәжірибелік деректер негізінде калориметрлік әдістермен алынған және өлшенген энергияны айналдыру Қорытындылау Тапсырма 3 Есеп жаттығулар орындайды (10-15 минут) Бейтараптану реакциясының қарапайым энтальпия өзгерісі есептеу. 1) Оқушылар есептер шығарады, жұпта талдайды, калькулятормен есептейді, жауабының дұрыстығын бірін бірі тексереді (сигналды карталар), бағалайды. 2) Шығарылу жолы оқушыларға слайдта беріледі, (өте мұқият болу!). Мысал 1 Оқшауланған стаканда 25 см3 2.0 М NaOH дейін 25 см3 2.0 М HCl қосылды. Екі ерітіндінің бастапқы температурасы 20°C болды. Ерітінділерді араластырған соң температурасы 33°C-қа дейін көтерілді. Бейтараптанудың реакциясының молальды энтальпия өзгерісін есептеңіз. [Судың меншікті жылу сыйымдылығы (с) - 4,18 кДж К-1 кг-1] Есептердің түп нұсқасы ағылшын тілінде қосымша ретінде «ЕСЕПТЕР» парағында беріледі.
Мысал 2. Оқшауланған стақанда 25 дм-3 2.0М NaOH ерітіндісін 25 дм-3 2.0 М HCl ерітіндісімен араластырылды. Екі ерітіндінің бастапқы температурасы 20°C болды. Араластырғанан кейінгі ең жоғарғы температура 33°C болды. Бейтараптану реакциясының энтальпиясын есептеңіз. [Судың меншікті жылу сыйымдылығы (с) 4,18 кДж К -1 кг -1] Есептің шешуін дәптерлеріне жазады:
*Тапсырма 2 Қосымша тапсырма Калориметрия тәжірибе орындау | Слайд 2 «Меншікті жылу сыйымдылығы» ақпараттық парағы Слайд 5-10 «Практикалық жұмыс» парағында орындайды Слайд 11-16 «ЕСЕПТЕР» парағында орындайды Қалыптастырушы бағалау парағында орындайды | ||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | * Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Оқушылар практикалық жұмыстың орындалу барысына өз жұмыстарынның нәтижелерін сыныптастарымен бөлісе талқылайды өздеріне ауызша баға береді. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Үй жұмысы: Есептерді аяқтау | |||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
| бірін-бірі өзара бағалау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпыбаға Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?