Реакция теңдеулері бойынша есептеулер. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән: Химия

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс:

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

10.1B Стехиометрия

Сабақтың тақырыбы

Реакция теңдеулері бойынша есептеулер

Бастапқы білім

7.3С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула. 8.2А Зат мөлшері.

8.2CХимиялық реакциядағы энергиямен танысу.

Оқыту мақсаттары

10.2.2.2 бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері (массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек сандарын) есептеу;

 Сабақтың мақсаттары

  • бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері (массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек сандарын) есептеу;

Бағалау критерийлері

  • бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін есептейді

 Тілдік мақсаттар

 

Авогадро саны, моль, молярлық масса, эмпирикалық формула, концентрация, сұйылту;

дәл/дәл емес, дәлдік, сенімді / сенімсіз, сенімділік, шынайы/ шынайы емес, шынайылық, қателік (қателіктер);

Менің өлшеу дәлдігім … негізделеді

Мен алған нәтижелерімді … салыстырдым және олар … расталды / расталмады

Менің өлшеулерімде ....туындағанқателіктер бар деп ойлаймын

 Құндылықтарды

 дарыту

Қауіпсіздік ережесі арқылы оқушы денсаулығын нығайту

Топтық тапсырмалар арқылы оқушының логикалық ойлау дәрежесін, қарым- қатынасын, жауапкершілігін арттыру.

Топпен, ұжыммен жұмыс жасау арқылы адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу дағдыларын дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Пән

Математика

Кезең

Сабақ барысы

 Дифференциация

Барлық оқушылар: бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде есептей алады

Кейбір оқушылар:

бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлеріне берілген күрделі есептерді шығарады

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Халат кию

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2минут

Оқушылармен амандасу

Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру.

Сабақ тақырыбы:

Реакция теңдеулері бойынша есептеулер

Сабақтың мақсаты:

Бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері (массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек сандарын) есептеу

Bilimland.kz сайтынан: https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/ximiyalyq-reakcziya-tengdeuleri-bojynsha-esepter-shyharu

Сабақтың ортасы

2-12 минут

12-13 минут

13-38 минут

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/zat-molsheri-mol-avogadro-sany-zattardyng-molyarlyq-massasy-massa-molyarlyq-massa-zhane-zat-molsheri-arasyndahy-bajlanys

Тапсырма №1

Топқа бөлу:

І – топ, ІІ – топ, ІІІ – топ.

Тапсырма барлық топқа бірдей. Тапсырмалардың жауабы ақ параққа жазылып, тақтаға ілінеді. Парақтың бергі жағында дұрыс жауабы, ал артқы бөлігінде келесі тапсырманың берілгені жазылады.

Дескриптор:

  • Реакция теңдеулері арқылы өнім шығымын, массасын және қоспа құрамындағы заттың массасын анықтайды

Тапсырма №2

2,33 г темір мен мырыштың қоспасын қышқылға еріткенде 896 мл сутегі алынады. Қоспадағы әрбір металдың массасын анықтаңдар?

І – топ: формула арқылы анықтайды

ІІ – топ: пропорция арқылы анықтайды

ІІІ – топ:алгебралық теңдеулер құрастыру арқылы анықтайды

Дескриптор:

  • Берілген есепті бірнеше әдісті пайдалана отырып шығара алады

Тапсырма №3

1) Егер шығымы 100% болса, 10г алюминийді оттекте жаққанда алынған алюминий оксидінің массасы?

а)20г b) 7г c)18г d)13г e)35г

2) 100 г темір пластинкасын мыс купороса ерітіңдісіне батырған.Мыс қонған пластинканы кептіріп қайтадан өлшеген. Оның массасы 101,3 г болған, Пластинкаға қонған мыстың массасын анықтаңдар?

а) 9,2г b) 5г c)8,5г d)10,4г e)35г

3)1,60 г калий бромиді ерітіндісіне құрамында хлоры бар бромның 6,00 г қоспасы қосылады. Қоспаны кептіреді. Сонда 1,36 г тұз қалдық болып қалады. Қоспадағы хлордың проценттік массасын анықтаңдар

а) 3,2% b) 12% c)0,5% d)10,4% e)9,8%

Дескриптор:

  • Шығымға байланысты әртүрлі есептерді шығара алады

Тапсырма №4

Сұрақтарға жауап бер.

a) Заттың молярлық массасы дегеніміз не?

Жауабы: Мольдік масса – грамның мольге қатынасымен берілетін заттың бір молінің массасы.

b) Заттың молярлық массасының өлшем бірлігі дегеніміз не?

Жауабы: (г/моль)

c) Қай формуланың көмегімен заттың молярлық массасын, массасын, мөлшерін анықтауға болады?

Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?

Жауабы: Зат массасы: m = n ∙ M Зат мөлшері: n = m/M Молярлық масса: M = Mr Зат мөлшерінің өлшем бірлігі – моль

d) Зат мөлшері қалай белгіленеді?

Жауабы: n деп белгіленеді, ню деп оқылады.

Өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Тапсырма №1

20кг магний оксиді 94,5 г азот қыщқылымен әрекеттескенде түзілген тұздың массасын есептеңдер. (74г)

Тапсырма №2

10 г натрий гидроксиді ерітіндісімен қандай көлемде хлорлы сутегі әрекеттеседі? (5.6 л)

Тапсырма №3

Оқушы оттек алу үшін суретте көрсетілген аппаратты қолданып, тәжірибе жүргізді. Ол үшін 39,5 г калий перманганатын өлшеп алды. Бұл тәжірибе үшін неше моль калий перманганаты жұмсалды? Тәжірибе соңында оқушы қанша көлемде оттек алады?

Бағалау критерийі

Дескриптор

бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері (массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек сандарын) есептейді

  • Шығымға байланысты әртүрлі есептерді шығара алады
  • Реакция теңдеулері арқылы өнім шығымын, массасын және қоспа құрамындағы заттың массасын анықтайды

Бастапқы заттың құрамында қоспасы бар заттар бойынша есептер http://zadachepohimiy.blogspot.com/2013/04/blog-post_5365.html

Құрамында қоспасы бар заттарға есептер :

http://s-konda.ru/exam/chemistry_9-34.htm

Құрамында қоспасы бар заттарға есептер:

https://infourok.ru/praktikum-resheniya-razlichnih-tipov-zadach-po-himii-klass-931830.html

Реагенттердің «артық- жетпеген» жағдайда есептер шығару әдістемесі.

http://him.1september.ru/2003/44/25.htm

Сабақтың соңы

38-40минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- нені үйренді;

- не нәрсе түсініксіз болып қалды;

- немен қайта жұмыс жасау керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?