Зат мөлшері. Стехиометриялық заңдар. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1B Стехиометрия Күні: Сынып: 10 (ЖМБ) |
| |||||
Сабақ тақырыбы | Зат мөлшері. Стехиометриялық заңдар. | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.1.3 зат мөлшері ұғымын және стехиометриялық заңдарды қолданып есептеулер жүргізу; | |||||
Сабақ мақсаттары: | - есептеу мәселесін шешу үшін «өлшеу арқылы санау» қағидасының тұжырымдамасын қолдану - Химиядағы зат мөлшері тұжырымдамасын қалыптастыру - Маңызды сандардың тиісті мөлшерін көрсете отырып, СИ жүйесіне сәйкес массаны өлшеуді жүзеге асыру - формулалар бойынша массаға, зат мөлшеріне, молярлық массаға және құрылымдық бөлшектердің санына есептеулер жүргізу | |||||
Күтілетін нәтиже | Оқушылар: - есептеу мәселесін шешу үшін «өлшеу арқылы санау» қағидасының тұжырымдамасын қолданады - Химиядағы зат мөлшері тұжырымдамасын қалыптастыру - Маңызды сандардың тиісті мөлшерін көрсете отырып, СИ жүйесіне сәйкес массаны өлшеуді жүзеге асыру - формулалар бойынша массаға, зат мөлшеріне, молярлық массаға және құрылымдық бөлшектердің санына есептеулер жүргізу | |||||
Бағалау критерийі: | - есептерді шешудің алгоритмін сақтайды - СИ жүйесіне сәйкес өлшем бірліктерді көрсетеді - формулалар бойынша массаны, зат мөлшерін, молярлық массаса және құрылымдық бөлшектер санын дұрыс есептейді | |||||
Тілдік мақсат: | оқушылар: есеп шығару үшін алгоритм құрастыруда тақырыптық сөздіктерді қолданады | |||||
Құндылықтарды дарыту | - өмір бойы білім алу - бірін – бірі құрметтеу мен ынтымақтастық | |||||
Пәнаралық байланыс | Математика, физика | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-5 мин 6-10 мин 11-21 мин 21-26 мин 27-37 мин
| Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру Оқушыларға жаңалықтан үзінді көрсетіледі: «Қытай әйелі банкке 100 мыңға жуық ақша салады». Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады: Банктегі жұмыс неге тоқтатылды? Бұл проблеманы сіздер қалай шешер едіңіздер? Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, мұғалім жаңа проблемалық сұрақ қояды: Егер біз 2 грамм темірге 2 грамм күкірт қосып реакция жүргізсек, реакция аяқталғаннан кейін күкірттің бар екенін анықтаймыз.Fe + S = FeS 1. Реагенттердің толық әрекеттескендігіне қалай көз жеткізуге болады? 2. Әр атомнан қанша атом қатысу керек? Сабақ тақырыбын болжау және сыныпты үш топқа бөлу үшін мұғалім түрлі түсті таяқташаларды қолданады Әр топқа тапсырма беріледі: №1 топ Сізде қызыл үрмебұршақ жармасы салынған қап бар. Жармаларды санамай қаптағы жармалардың санын қалай анықтауға болады? №2 топ Сіздерде ақ және қызыл үрмебұршақ жармалары салынған қап бар. Санамай ақ каптағы жармалардың санын қалай анықтауға болады? №3 топ Сізде жасымық (чечевица) жармасы салынған қап бар. Санамай ақ қаптағы жарма санын қалай табуға болады? Қаптағы жармалардың барлығының массасы бірдей. Оқушыларға өлшеу құрылғысы (таразы) таратылады. Оқушылардың жауаптарын тыңдай келе мұғалім бастапқы сұраққа қайта оралады: Реагенттердің толығымен әрекеттескендігіне қалай көз жеткізуге болады? Оқушыларды зат мөлшері туралы түсінікке алып келу. Оқушылардың жауаптарын тыңдай келе мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды. Оқу мақсатымен және күтілетін нәтижелерімен таныстырады. Қайталау үшін төмендегі тапсырмаларды орындайды: Төменде берілген заттардың бөлшектер санын есептеңіз: 1моль Fe = 6,02*1023 0,5 моль C = 3,01*1023 2моль Al2O3 = 12,04 *1023 1,5моль NaCl = 9,03 *1023 2,5моль Na = 15,05 *1023 3моль Ca = 18,06 *1023 0,2моль K = 1,204 *1023 0,5моль KOH = 3,01*1023 Мұғалім оқушылардан зат мөлшерін есептеу үшін қажетті формуланы еске түсіруді сұрайды. Оқушылардан топтарда берілген аялдамаларға саяхат жасауды сұрау. Әр станцияда олар есептерді шешу алгоритмдерімен танысады, берілген тапсырма түрлерін анықтайды, орындайды. Мұғалім өз кезегінде орындалған тапсырмаларды берілген бағалау критерийі бойынша тексереді. Алгоритм№1 Реакцияға қатысатын зат мөлшерін заттың белгілі мөлшерімен есептеу 1. Есептің шартын жазу 2. Есепте берілген заттардың молярлық массасын есептеу 3.Тиісті реакция теңдеулерін жазып, теңдеуді теңестіру 4. Зат формуласының үстіне есеп шартында берілген зат мөлшерін ал астына реакция теңдеуіндегі стехиометриялық коэффициенттерді жазу 5. Табу керек заттың мөлшерін есептеу үшін қатынас құру 6. Жауабын жазу Берілген алгоритмді қолдана отырып, келесі есептерді шешіңіздер: №1. Зат мөлшері 4 моль күкірт (IV) оксидін ау үшін қажетті күкірттің зат мөлшерін есептеңіз (S+O2=SO2). №2. Зат мөлшері 0,6 моль литий хлоридін алу үшін қажетті литийдің масасын есептеңіз (2Li+Cl2=2LiCl). №3 Көлемі 180 мл судың зат мөлшерін және молекула санын есептеңіз Алгоритм№2 Реакцияға қатысатын заттардың бірінің белгілі массасы бойынша сәйкес зат массасын химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеу 1. Есептің шартын жазу 2.Формула бойынша молярлық масса есептеу 3. Берілген масса бойынша зат мөлшерін есептеу 4. Тиісті реакция теңдеулерін жазып, теңдеуді теңестіру 5. Формулалар астына реакция теңдеуі арқылы көрсетілетін стехиометриялық қатынастарды жазыңыз. 6. Табу керек заттың массасын есептеу 7. Масса есепету 8. Жауабын жазу Берілген алгоритмді қолдана отырып, келесі есептерді шешіңіздер: №1. Массасы 280г күкірт қышқылының артық мөлшерімен калий гидроксиді әрекеттескенде түзілетін судың массасын есептеңіздер№2. Калий хлоридімен әрекеттескенде массасы 0,716 г күміс хлориді тұнбаға түссе, реакцияға қатысқан күміс нитратының массасын есептеңіздер.№3. Массасы 200г кальций карбонатымен тұз қышқылы әрекеттескенде бөлінетін көмірқышқыл газының (қ.ж) көлемін есептеңіздер. Алгоритм№3
Берілген алгоритмді қолдана отырып, келесі есептерді шешіңіздер:№1. Массалық үлесі 6% (тығыздығы 1,044 г /мл) натрий гидроксиді ерітіндісімен көлемі 40мл натрий гидросульфиді әрекеттескенде бөлінетін күкірт сутектің көлемін есептеңіздер №2. 1,8 *1024 су молекуласында (қ.ж) қанша көлем сутек бар екенін есептеңіз. №3 Қалыпты жағдайда 7грамм азот қанша көлем алады? Қалыптастырушы бағалау оқу мақсаты: 10.1.1.3 зат мөлшері ұғымын және стехиометриялық заңдарды қолданып есептеулер жүргізу Оқушылар тыныштықта отырып, төмендегі тапсырмаларды жеке орындайды: Тапсырма №1 56,2 г кремний 284,0 г хлормен реакцияласып, нәтижесінде 340,2г кремний (IV) хлориді түзілді. Жоғарыда келтірілген ақпаратты пайдалана отырып, осы реакцияның стехиометриясын есептеңіз. Тапсырма №2 Массасы 50г кальций карбонаты артық мөлшердегі тұз қышқылымен реакцияға түскенде бөлінетін көмірқышқыл газының массасын, көлемін, зат мөлшерін есептеңіз. Тапсырма №3 Артық мөлшердегі тұз қышқылымен барлық қосылыстарында екі валент көрсететін металл әрекеттескенде массасы 12г , көлемі 6,72л (қ.ж) сутек газы бөлінді. Белгісіз металды анықтаңыз | https://www.youtube.com/watch?v=8gZQWcavz1w Үш түрлі жарма түрі және таразы. Табличкалар: «M аялдамасы» «n аялдамасы» «N аялдамасы» Аялдама тапсырмалары Бағалау критерийі Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары | ||||
37-40 мин Рефлексия | Рефлексия «Шығу билеті» Оқушылар ұсынылған терминдердің бірін таңдап, оны толықтырады және шығу билеті ретінде оны есікке жапсырып кетеді Маған сабақта қиын болды......................... Маған сабақта жеңіл болды........................ Маған әлі де көмек керек …........................ | Стикерлер |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?