«Орташа салыстырмалы атомдық массаны есептеу» тақырыбына есептер шығару. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


ҚысқамерзімдіКүні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

«Орташа салыстырмалы атомдық массаны есептеу» тақырыбына есептер шығару

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары

Изотоптар қоспасындағы химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептеу

 Бағалау

 критерийлері

- изотоптардың табиғатта таралған үлесі арқылы элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептей алады;

- салыстырмалы атомдық массасы арқылы изотоптардың табиғатта таралуын анықтай алады;

Тілдікмақсаттар

Оқушыларорындайалады:

тақырыптызерттейотырыпжәнеалынғанмәліметтерденөздерініңқалауларыбойыншасапалыауызша презентация жасау;

Пәнге қатысты лексика мен терминология

деңгей, деңгейше, орбиталь, айналу, квант саны, изотоптар, (радиоактивті) ыдырау, (масс-) спектрометр, (масс-) спектр, (электрондық) конфигурация, иондану, экрандау

Казақша

орысша

ағылшынша

Атом

Атом

Atom

Элемент

Элемент

Element

Изотоптар

Изотопы

Isotopes

Салыстырмалы атомдық масса

Относительная атомная масса

Relative atomic mass

Массалық атом бірлігі

Атомная единица массы

Atomic mass unit

  • Протий

Протий

Рrotius

  • Дейтерий

Дейтерий

Deuterium

  • Тритий

Тритий

Tritium

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

X -ті yyyy-та ашқаннан кейін, Z… тұжырымдамасы

Z атом ядросы … тұрадыдепболжады

Бұл теория … ашуғакөмектесті (анықталған факт)

 Құндылықтарды

 дарыту

Қазақстанда ғылыми прогресс жасай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу

Жаһандықазаматтықтытәрбиелеу

Сабақ барысында білім құндылықтары:

  • Құрмет
  • Ынтымақтастық
  • Өмір бойы білім алу

көрсетілім жасау, жеке және сыныппен бірлесіп жұмыс жасату арқылы, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

АҚТ қолдану

дағдылары

Сабақ презентациясы, атом құрамы, құрылысы изотоптар

Өмірмен байланыс

Радиация, изотоптардың табиғатта таралуы және оның қоршаған ортаға әсері.

Пәнаралық

байланыстар

Физика (атом құрылысы, изотоптар, радиоактивтілік)

Математика – салыстырмалы атомдық массаны есептеу

Бастапқы білім

«атом құрылысы», «изотоп»

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтыңбасы

0-5мин

Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу.Жағымды атмосферақұру.

- Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және бағалау критерийлерін анықтау.

Бағалау критерийлері:

изотоптардың табиғатта таралған үлесі арқылы элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептей алады;

- салыстырмалы атомдық массасы арқылы изотоптардың табиғатта таралуын анықтай алады;

Сабақтың ортасы

6-10 мин

11-15 мин

16-18 мин

19-25 мин

26-30 мин

31-35 мин

Сабақтың стартері негізінде «изотоптар» тақырыбында бейнематериалдар беріледі. Изотоптардың атаулары мен химиялық таңбалары . Сутек изотоптары.

көрсетілген видеоның негізінде сұрақтар беріледі?

  •  Изотоптар дегеніміз не?
  • Неге элементтердің атомдық массалары бүтін сандармен өрнектелмейді? Мысалдар келтіре отырып түсіндіріңіздер.
  • Сутегінің қандай изотоптары бар?
  • Табиғатта кездесетін изотоптарға мысал келтіріңіз.

5.Элементтердің салыстырмалы атомдық массасының мәні қайда көрсетілген?

6.Салыстырмалы атомдық масса қандай шама?

7.Реттік нөмірлері 12, 24,13 тең элементтердің салыстырмалы атомдық массалары нешеге тең және олар қалай аталады?

8. Химиялықэлементтің изотоптар қоспасындағысалыстырмалы атомдық массаларын қалай есептеуге болады?

Дескриптор Білім алушы

атомдық массаны өлшеу шамасын айтады

- периодтық кестеден элементтердің с.а.м тауып, бүтін санға дейін дөңгелектейді

- периодтық жүйеден с.а.м берілген элементтерді табады

- изотоп туралы анықтаманы тұжырымдайды

- с.а.м анықтамасын айтады

- массаның атомдық бірлігі не екенін айтады

- сутегінің изотоптарына мысал келтіреді

- табиғатта кездесетін изотоптарға мысал келтіреді

- элементтердің с.а.м мәні шамасын анықтайды

- с.а.массаның шамасын айтады

(G-W) Оқушылар изотоптың мөлшерін білу атомның негізгі бөлшектері туралы ақпарат алу үшін пайдалануға болатындығын талқылау.

Масс-спектр дегеніміз не? Масс – спектрометрде анықталған изотоптар көрсеткіштермен салыстырмалы атомдық массаны есептеу (слайд бойынша мысалдар мен тапсырмалар келтіріледі)(I) Оқушылар салыстырмалы атомдық және молекулалық және молярлық массаны есептейді және элементтердің атомдық массасы мен изотоптар арасындағы байланысты анықтауды еске түсіреді.

Оқушыларға ақпараттық парақтарды таратамын. Мәліметпен танысып болғаннан кейін оқушылармен бірге табиғатта таралған элементтердің үлесі арқылы, олардың салыстырмалы атомдық массасын есептеуді және оған кері есепті тақтаға шығарамын.

Сынып жұмысы:

1. Табиғатта уранның үш изотопы кездеседі: 234U, (үлесі 0,0055 %), 235U (0,7200 %), 238U (99,2745 %). Уранның салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз.

2. Табиғатта азоттың екі тұрақты изотобы кездеседі: 14N және15N. Азоттың салыстырмалы атомдық массасы 14,00643 екенін ескеріп, әрбір изотоптың табиғаттағы үлесін анықтаңыздар.

Топтық жұмыстар

  • Табиғатта 63Cu (72,7%) және 65Cu (27,3%) изотоптар қоспасы кездесетін мыс атомының орташа салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз. Неліктен орташа салыстырмалы атомдық масса бөлшек сан болады?

Бағалау критерийлері:

  • Мыс атомының орташа салыстырмалы атомдық массасын есептейді;
  • Неліктен бөлшек сан болатынын түсіндіреді.
  • Табиғи магний 24Mg, 25Mg, 26Mg изотоптарынан тұрады. Магнийдің атомының изотоптарының нуклондары мен нуклидтерін анықтаңыз және салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз. Магний атомының салыстырмалы атомдық массасы қанша?

Бағалау критерийлері:

  • Магнийдің атомының изотоптарының нуклондары мен нуклидтерін анықтайды, салыстырмалы атомдық массасын есептейді;
  • Магний атомының салыстырмалы атомдық массасын есептейді?
  • Табиғатта бор элементініңекітүрлі изотопы 11В 80% және10В 20%кездеседі. Бордыңсалыстырмалыатомдықмассасынесептеңіз. Неліктен орташа салыстырмалы атомдық масса бөлшек сан болады?

Бағалау критерийлері:

  • Бор атомының орташа салыстырмалы атомдық массасын есептейді;
  • Неліктен бөлшек сан болатынын түсіндіреді.

Бағалау: Қол шапалақтау арқылы

Жеке тапсырма:

Оттек изотоптары үшін массалық сандарын анықта.

8O (8 нейтроны бар оттек изотопы).

8O (9 нейтроны бар оттек изотопы).

8O (10 нейтроны бар оттек изотопы).

Қорытынды: бір элемент атомының массасы екінші бір элементтің массасынан айырмашылығы бар.

Оқушыларға өздеріне қорытынды жасатуға болады

Изотоп – атомның массалық саны бірдей элементтің нуклидтерінің жиынтығы деген қорытынды жасайды .

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp/atom-quramy-men-qurylysy-izotoptar

Сабақтың соңы

36-40 мин

Рефлексия.«Бес саусақ» тәсілі

Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

Бас бармақ- неден қиналдым?

Балалы үйрек- кімге көмек бердім?

Ортан терек- көңіл күйім?

Шылдыр шүмек- қандай жетістіктерге қол жеткіздім?

Кішкентай бөбек- не үйрендім?

Кері байланыс «Гүл» әдісі

Үй жұмысы

Оттектің изотоптары 16 және 18 салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз

Саралау–оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Барлығы: - химияның негізгі ұғымдарын біледі;

Көбісі- изотоптардың табиғатта таралған үлесі арқылы элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептей алады;

Кейбіреулері:- салыстырмалы атомдық массасы арқылы изотоптардың табиғатта таралуын анықтай алады;

Бекітуге арналған тапсырмаларды тексере отырып, оқушылардың қаншалықты жаңа ақпаратты игергенін қадағалайды.

Интерактивті тақтамен мұқият жұмыс жасау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

Изотоп (изо... және грекше topos – орын) – бір химиялық элементтің  атомдық нөмірі бірдей, бірақ массалық саны әр түрлі белгілі бір элемент атомдарының түрлері.Химиялық элементтердің периодтық кестесінде бір ғана орын алатын әр элементтің бірнеше изотопы болуының себебі осыдан. Изотоптарды бір-бірінен айыра білу үшін элементтің химиялық таңбасының сол жақ төменгі бұрышына реттік нөмірін (яғни ядродағы протонның санын), ал сол жақ жоғарғы бұрышына массалық санын (яғни ядродағы протондар мен нейтрондардың қосындысын) жазады. Әр элементтің периодтық кестедегі орны белгілі болғандықтан изотоптарды таңбалағанда, көбінесе, тек массалық саны ғана көрсетіледі. Мысалы, оттек изотоптарын былай белгілейді: 160, 170 және 180. Кейбір изотоптардың өздерінің жеке таңбалары да бар. Мысалы, сутектің 2Н изотопы D деп белгіленіп, дейтерий деп, ал 3Н изотопы Т деп белгіленіп, тритий деп аталады. Изотоптарды зерттеуге, әсіресе, оларды бір-бірінен бөлу мәселелеріне қосқан үлесі үшін ағылшын ғалымы Ф.У. Астон 1922 ж., ал ауыр сутекті – дейтерийді тапқаны үшін Г.К. Юри 1934 ж. Нобель сыйлығын алды.

Атомдық масса - атомдық салмақ—химикалық элемент атомы массасының салыстырмалы бірлікпен көрсетілген орташа мәні. Ол осы элемент атом массасының көміртек атом массасының 1/12 бөлігінен неше есе артық екенін көрсетеді.

Атомдық масса — мөлшерсіз шама. Ол Ar белгісімен таңбаланады (“r” — индексі ағылш. relatіve — салыстырмалы). Кез келген элементтің орташа атомдық массасы периодтық кестеде көрсетілген. Мысалы :Ar (Na)-23,

Ar (N)-14, Ar (Ca)-40 т.б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?