II топ элементтері және олардың қосылыстары. № 8 Зертханалық жұмыс «Кальцийдің сумен және қышқыл ертінділерімен реакциясы». Химия, 9 сынып, дидактикалық материал.
1.Барлық сілтілік металдарға тән сипаттамаларды көрсетіңдер
a) сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар саны
ә) оксидтердің негзгі сипаты
б) атомдағы энергетикалық деңгейлер саны
в) қосылыстардағы тотығу дәрежесі
2.Сілтілік металдарға тән: 1) жоғары тығыздық; 2) созылғыштық; 3) металдық жылтыр; 4) электрөткізгіштік; 5) сарғыш қызыл түс; 6) олардың барлығы пышақпен оңай кесіледі. Осы қасиеттердің шындыққа сай келетіндері:
a) 2, 4 , 5ә) 3,4,5,6
б) 1, 3, 4, 5в) 2, 3, 4, 6.
3. Сілтілік және сілтілік жер металдар:
a) Cl2, Ar,CuSO4, NaOH;
ә) H2SO4,CCl4, Br2;
б) галогендермен, сумен, сутекпен,қышқылдармен,оттекпен;
в) сілтілермен, тұздармен, оксидтермен және металдармен әркеттеседі.
4.Сілтілік және сілтілік жер металдардың гидридтері сумен мына заттарды түзе әрекеттеседі:
a) тұз бен су;
ә) сілті мен сутек;
б) сілті мен оттек;
в) тұз.
5. Литийдің сумен әркеттесу реакциясы қалай жүреді?
a) қалыпты, тұтанбай;
ә) қопарыла, тұтана;
б) қопарыла;
в) қалыпты жағдайда жүрмейді.
6. Тотықсыздандырғыш ретінде мына заттарды қолдана отырып таза натрий алуға болады:
a) сутек
ә) кокс
б) алюминий
в) натрий хлоридінің балқымасының электролизі кезіндегі катодтағы электр тогы.
7. Натрий және калий тұздары жалынды мына түстерге бояйды:
a) ал қызыл және қызыл күрең;
ә) күлгін және көгілдір;
б) сары және күлгін;
в) сары және көк.
8. Натрий ауада жанғанда түзілетін заттар:
a) Э2О
ә) Э3N
б) Э2О2
в) ЭО2
9.Натрий гидроксидін алу үшін өндірісте қолданылатын реакция:
a) Na2CO3+Ca(OH)2→
ә) NaCl ерітіндісінің электролизі
б) Na+ H2O→
в) Na2O2+ H2O→
10. Әк суы дегеніміз:
a) сөндірілген әктің сулы жүзгіндері
ә) кальций карбонатының сулы жүзгіндері
б) сөндірілген әктің сулы ерітіндісі
в) ағартқыш әктің сулы ерітіндісі
11. Нәтиижесінде кальций карбонатыналуға болатын реакция сызба-нұсқасын көрсетіңдер:
a) CaCl2+K2CO3→
ә) 1 мольCa(OH)2+ СО2(арт)→
б) 1 моль Ca(OH)2+ 1 моль СО2→
в) Са(HCO3)2+KOH→
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?