№ 7 Практикалық жұмыс:«Судың кермектігін анықтау». Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қызылорда қаласындағы химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пәні: Химия

Сабақ жоспары

Мұғалімнің аты-жөні

Сабақтың тақырыбы:

№ 7 Практикалық жұмыс:«Судың кермектігін анықтау»

Кәсіби даму мақсатының тақырыбы:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Күні:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.16 кермек судың әрекетін және кермектілікті жою әдістерін түсіну;

Сабақ

мақсаттары

  • Судың жалпы кермектігін зерттеу;
  • Алынған мәліметке сүйеніп, судың жалпы кермектілігін есептеу;
  • Игерілген білімді тұрмыста қолдана алу

Жетістік

критерийлері

  • Практикалықжұмыcқа дұрыс болжам жасай алса
  • Өз бақылаулары нәтиже кестесіне жазса
  • Алынған мәліметке сүйеніп, судың жалпы кермектілігін есептей алса;
  • Кермектілік деңгейі бойынша анықталған су үлгісіне оның әртүрлі

мақсатқа қолданылуына қорытынды жасай алса

 Тілдік мақсаттар

Кермек су әсерін және оны жою жолдарын түсіну

Пәнге қатысты лексика мен терминология

кальций/магний/иондар, сабын ерітіндісі, натрий карбонаты, жұмсақ/ кермек су, минералдар

уақытша, тұрақты, қасиеттер, реакция, жою, химиялық процесс, жинақтау, түзу, жегі, еріту, қосу/қосылған

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Кермек су ... жинақталуына әкеледі

Уақытша кермек су қайнатылған кезде, кальций/магний карбонаты жинақталады/... жегі түзеді

Су кермектілігі... жойылады

Ү қосу арқылы Х жоюға болады.

 Құндылықтарды дамыту

Нақтылық, шынайылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық

Пәнаралық

байланыстар

Биология

АКТ қолдану дағдылары

Power point

Бастапқы білім

8.4.А Көміртегі қосылыстары

7.3В Геологиялық цикл

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады

1. Судың жалпы кермектілігі дегеніміз не?

2. Судың жалпы кермектігі қалай бөлінеді?

3. Уақытша кермектік қандай иондардың болуымен анықталады?

4. Тұрақты кермектік қандай иондардың болуымен анықталады?

5. Кермек су қалай түзіледі?

6. Неліктен кермек суда сабын нашар көбіктенеді?

7. Электр станцияларының бу қазандарында кермек суды қолданғанда, оны жылыту үшін көбірек отын қажет. Осы жағдайды түсіндіріңіздер.

8. Үй жағдайында судың уақытша кермектігін жоюға болады ма?

9. Неге жаңбыр суы жұмсақ, ал өзен суы кермек болып келеді?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сұрақ жауаптары тақтадан көрсетіліп, талқыланады.

Сабақ мақсаты айқындалады.

Презентация

Сабақтың

ортасы

7-10 мин

11-26 мин

27-31мин

32-38 мин

Тәжірибе.Судың жалпы кермектілігін анықтау

Қажетті құрал-жабдықтар тізімі: бюреткалар, өлшеуіш цилиндр, конустық колбалар, воронкалар,

Ерітінділер: трилон Б, эриохром қара Т ерітіндісі, аммиак-буферлік ерітінді, су үлгілері

Қосымша 1

Оқушыларға жұмыспен танысуға уақыт беріледі.

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелері қайталанады.

Оқушылармен жұмысты жасау барысы талқыланады.

Оқушылар практикалық жұмыс жасайды

Оқушылар практикалық жұмыс парағын толтырады және алынған мәліметтер бойынша есептеулер жүргізеді.

Жұмыс нәтижесі төмендегі есептеу жолы арқылы есептеледі.

Суды титрлеуге кеткен Трилон Б ерітіндісінің көлемі, V, мл:

  • Тәжірибе: V1=
  • Тәжірибе: V2 =
  • Тәжірибе: V3 =

3 тәжірибе бойынша орташа мән Vорт

Vорт=

Vорт=

Судың жалпы кермектілігін (мг*экв/л) мына формуламен өрнектейді

Жо =  

NхVортх 1000

V1

Оқушылар берілген су үлгісінің кермектік дәрежесін анықтап, қорытынды жасайды.

Кермектікті жоюға байланысты “Skirt” ойыны ойналады.

Оқушылар топқа бөлініп, берілген реакция теңдеулерін жазады.

Дескриптор

1. Сөзбен жазылған реакция теңдеулерін таңбамен жазып, теңестіреді.

2. Берілген реакция кермектіктің қай түрін жоюға арналған әдіс екендігін анықтайды.

Кермектілікті жоюға байланысты топтарға сұрақтар қойылады және қорытындыланады.

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың

Соңы

39-40 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Бүгінгі сабақта судың ... кермектілігін зерттедім.
  • Судың ... кермектілігі ... арқылы жойылады
  • Ү қосу арқылы Х жоюға болады.

Үйге тапсырма:

  • Тұрмыста шәйнектегі түзілген қақты қалай кетіруге болады?
  • Кермек судың пайдасы бар ма?
  • Тұрмыста «Calgon» ұнтағын пайдаланудың қажеттілігі бар ма әлде жоқ па?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

-кермек су, оның түзілуі және оның әрекетін атайды,

Көпшілік оқушылар:

- судың жалпы кермектілігін анықтайды.

Кейбір оқушылар:

-судың кермектілігіне және оның жою әдістеріне өмірмен байланысты қорытындылар жасайды

Практикалық жұмыс парағы арқылы;

Кері байланыс жасау арқылы;

Сұрақтар қою арқылы

Ақ халат киюін қадағалау, практикалық жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалау, партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы

Сабақбойыншарефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттарыдұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өзпікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ет еалады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныбы _____ Күні______

Оқушының аты- жөні: _____________________________________________________________

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

(і) Су кермектігі дегеніміз не?_________________________

(іі) Кермектіктің неше түрі бар?

1._________________________________________________

2.__________________________________________________

3.________________________________________________

(ііі) Сіз атаған кермектік түрлерін қалай жояр едіңіз?

1.__________________________________________________

2.___________________________________________________

3.__________________________________________________

(іv) Сіз судың жалпы кермектігін анықтауға арналған тәжірибе жасағансыз.

Титрант ретінде қолданылған ерітінді:_________________

Индикатор:__________________________________________

Түстің өзгеруі:__________________________________________

(v) Сіз судың карбонатты кермектігін анықтауға арналған тәжірибе жасағансыз.

Титрант ретінде қолданылған ерітінді:______________________________________________

Индикатор:___________________________________________

Түстің өзгеруі:___________________

Сыныбы _____ Күні______

Оқушының аты- жөні: _____________________________________________________________

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

(і) Су кермектігі дегеніміз не?_________________________

(іі) Кермектіктің неше түрі бар?

1._________________________________________________

2.__________________________________________________

3.________________________________________________

(ііі) Сіз атаған кермектік түрлерін қалай жояр едіңіз?

1.__________________________________________________

2.___________________________________________________

3.__________________________________________________

(іv) Сіз судың жалпы кермектігін анықтауға арналған тәжірибе жасағансыз.

Титрант ретінде қолданылған ерітінді:_________________

Индикатор:__________________________________________

Түстің өзгеруі:__________________________________________

(v) Сіз судың карбонатты кермектігін анықтауға арналған тәжірибе жасағансыз.

Титрант ретінде қолданылған ерітінді:______________________________________________

Индикатор:___________________________________________

Түстің өзгеруі:___________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?