Еріген заттың массалық үлесі. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


Заттардың ерігіштігі

 Ерітінділер дегеніміз – еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын және өзара бір-бірімен физикалық-химиялық әсерлесетін біртекті жүйе. Іс жүзінде белгілі болғандай, заттардың барлығы дерлік суда жақсы ери бермейді, сондықтан бір зат екіншісімен салыстырғанда қаншалықты еритінін көрсету үшін «ерігіштік» деген ұғым қолданылады. ерігіштіктің сандық мөлшері ерігіштік немесе еру коэффициенті арқылы анықталады. Ол белгілі бір температурада қаныққан ерітінді түзген зат массасының еріткіштің көлеміне қатынасына тең. Өлшемі: г/см3, кг/м3, г/мл, г/л. Көріп жүргеніміздей, заттардың ерігіштігі шексіз емес. берілген температурада одан әрі ерімейтін ерітінді қаныққан, ал одан әрі ери алатын ерітінді қанықпаған деп аталады. Заттардың ерігіштігі шартты түрде былай белгіленеді: ЕМ – ерімейтіндер; АЕ – аз еритіндер; Е – еритіндер. Температура жоғарылағанда көптеген қатты заттардың ерігіштігі артады. Температура төмендегенде және қысым өскенде газдардың ерігіштігі артады. Ал сұйықтарда, мәселен, спирт пен глицирин суда шексіз ериді, ал бензин суда ерімейді, өсімдік майы эмульсия түзеді.

Заттардың ерігіштігінің сипаттамасы

1. Ерігіштік дегеніміз не?

2. Іс жүзінде суда ерімейтін: а) қатты заттар; ә) сұйықтар; б) газ тәрізді заттарды атаңдар.

3. Көптеген қатты заттардың: а) ерітіндіні қыздыру кезінде; ә) салқындаатқан кезде ерігіштігі қалай өзгереді?

4. Ерітінді деген не?

5. Қатты заттардың ерігіштігінің температураға тәуелділігін нақты мысалдар келтіре отырып дәлелдеңдер.

6. Сұйықтардың суда ерігіштігін нақты дәйектермен нақтылаңдар.

7. Газдардың судағы ерігіштігіне температура мен қысым қалай әсер ететінін қалай анықтауға болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?