Еріген заттың массалық үлесі. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3С Ерітінді мен ерігіштік | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: Еріген заттың массалық үлесі (2 сағ) | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.4.5 – еріген заттың берілген массалық үдесі бойынша белгілі ерітінді массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу | ||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Анықтаманы талқылап, есептеулер жүргізеді Пәнге тән лексика мен терминология: Су, сусыз, таза, алу, жинау, тексеру, есептеу, буландыру, Еріген зат, массалық көлем, омега, пайыздық құрам, ерітінді Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Затты ерітеді, бұл ... Еритін зат бұл ... Затты балқыту үшін ... Ерітінді құрамына … және … кіреді | ||||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы сыйластық, серіктестік, жауапкершілік сияқты құндылықтар дамиды | ||||
Бастапқы білім | 7.1В. зат күйінің өзгерісі 7.2В. Қарапайым химиялық реакциялар 7.3C. ерітінді және ерігіштік 7.3А. Химиялық элемент пен қосылыстар | ||||
Жоспары | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Басы 0-3минут 4-8мин 9-25 мин 26-40 минут 41-61 мин 66-77мин 78-80 мин | Жағымды орта қалыптастыру Алдыңғы білімді тексеру мақсатында оқушылармен «Жұбыңды тап» ойыны өткізіледі. Ары қарай мұғалім жұптар ұйымдастырады Ой шақыру сатысы . Оқушыларға бейнеүзінді қарау ұсынылады. Баспа ауруы кезінде тамақты шаю үшін ерітіндіні қалай дайындайды? Су мен тұзды қандай қатынаста алу керек? Оқушылармен әңгімелесу барысында мұғалім ОМ мен сабақ мақсаттарын болжайды. Осы жерде KWL әдісі қолданылады Оқытушы: Бүгін біз еріген заттың массалық үлесі турал танысамыз. Ерітінді деп екі не одан да көп (компонент) құрамдас бөліктен тұратын біртекті (гомогенді) жүйені айтады.Ол еріткіштен (артық мөлшерде алынған компонент) және еріген заттан тұрады. Осы құрамдас бөліктерінің агрегаттық күйлеріне байланысты ерітінділерді үшке бөледі: сұйық (газды су), газ (ауа) және қатты ерітінділер (құйма). Химия үшін маңыздысы сұйық күйдегі ерітінділер, бұларда көбінде еріткіш ретінде су алынады. Олардың адам тіршілігенде және өндіріс орындарының жұмыс істеуінде маңызы зор. Ой шақыру сатысы Оқытушы: Ерітіндінің маңызды сипаттамасы – ертіндідегі еріген заттың массалық үлесі немесе концентрация. Ол еріткіштегі еріген заттың салыстырмалы құрамын көрсетеді. Еріген заттың массалық үлесі - ерітінді массасына еріген зат массасының қатынасы. Массалық үлесі % өлшенеді : W = [m (еріген зат)/m(ерітінді)] x100%, мұндағы W – еріген заттың массалық үлесі m (еріген зат) – еріген зат массасы (г, кг) m (ерітінді) – ерітінді массасы (г, кг) Ерітінді массасын төмендегі формуламен есептейді: m(ерітінді)=Vp m(ерітінді)=m(еріген зат) +m(су) V – ерітінді көлемі (мл, л, м3) p – ерітінді тығыздығы(г/мл, г/л, кг/м3 ) Түсіну сатысы Оқытушы: Сіздің үстеліңізде сірке суы мен дәрілік заттары бар құтылар орналасқан. Затбелгісінде ерітінді аты мен пайыздық құрасмы келтірілген. Сіздерге еріген заттың массасын есептеу керек. Учащиеся составляют условие задачи, пишут данные и решают задачи. Жұпта жеке жұмыс Әр жұп тапсырмаларды анықтап, бір-біріне көмектеседі 1. Жараны зарарсыздандыру үшін 5% марганцовка (KMnO4) ерітіндісін қолданылады. 200 г ерітінді даярлау үшін марганцовка мен судың массасысын есептеңіз? 2. Үй дәрі қобдишасында 3 %«жасыл дәрі» ерітіндісін табуға болады. 10,25 г ерітінді даярлау үшін спиртте ерітетін бояғыш зат массасын есептеңіз? 3. Терінің ақ және тегіс болуы үшін бет пен қолға тұзды монша қолданады. Массалық үлесі 1% және 500 г тұз ерітіндісін даярлау үшін тұз бен су массасын есептеңіз? Оқытушы әр жұптардың жұмысын бағалайды. Топтық жұмыс Қазір сіздер лаборант қызметін атқарады. Сынып стикер бойынша бөлінеді. 1топ -лаборант – агроном – егуге арналған тұқымды өңдеу үшін ерітіндіге есептеу жүргізеді 2-топ– лаборант– фармацевт –тұмау кезінде мұрынды жуу үшін ерітіндіге есептеу жүргізеді . 3 топ– аспаз – қиярды тұздау үшін ерітіндіге есептеу жүргізеді Фармацевттер тобына нұсқаулық
Жауап: 10 г Аспазшылар тобына нұсқаулық
Жауап: 4 г Агрономдар тобына нұсқаулық
Жауап: 2,5 г Оқушылар арасында өзара бағалау жүргізіледі. Оқушылар орындап болған соң, өз жауаптарды түсіндіріп, бағалау критерийлері бойынша бағалау жүргізіледі. Рефлексия «Нені үйрендім» KWL әдісі Үйге тапсырма
| Қосымша №1 https://www.youtube.com/watch?v=SkiRy1TViPk Қосымша №2 презентация презентация дәрілік заттары бар құтылар Қосымша №3 Үш түсті маркерлер, стикер, |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар:
Кейбір оқушылар:
| Сабақ барысында талқылау жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың жауаптары бойынша бағалауды жүргізеді. Бағалау критерийлері бойынша тапсырмалар бағаланады | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?