Кристалдық тор түрлері. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«КРИСТАЛДЫҚ ТОР ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып:8, 3 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3 В Химиялық байланыс түрлері

Сабақ жоспары оқушылардың алдыңғы білімдерін жаңа тақырыпқа ұштастыра отырып өздігінен оқушыларыдың ізденушілік қабілеттерін өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған. Алдыңғы білімді пысықтау мақсатында берілген заттардағы химиялық байланыс түрін анықтауды ұсыныңыз. Оқушыларда Mg, Cu, Fe , Ca байланыс түрін анықтауда қиындық туындауы мүмкін. Сондықтан Mg, Cu, Fe , Ca - бұлар металдар екенін және металдарда болатын химиялық байланыс - металдық байланыс деп аталатынын түсіндіріңіз.Бұл білім металдық кристалдық тор қасиеттерін айқындауда қажет етіледі.

Сабақ тақырыбы және мақсаты таныстырғаннан кейін оқушылардан заттар қандай агреагаттық күйде кездесе алатын сұраңыз. Қатты заттардың басқа заттардан қарағанда жиі кездесетіні, қатты заттар аморфты және кристалды болып келетінін түсіндіріңіз. (Оқушылар кез келген қатты затты (қант) ұсатып көруіне болады. Олардың сынықтарынан белгілі пішіні бар кристалдарды оңай көруге болады) Кристалды заттар –кристалды тор түзеді. Кристалдық тор түйіндерінде бөлшектер дұрыс ретпен белгілі бір арақашықтықта орналасады; Кристалдық тор түйіндерінде орналасқан бөлшектерге сәйкес кристалдық тордың бірнеше түрі(атомдық, молекулалық, иондық және металдық) болатынын оқушыларға түсіндіріңіз. Оқушылардың білімді өздігінен игеруі үшін топтарға бөліңіз және берілген диаграммаларды қолданып, кристалдық тор түйінінде орналасқан бөлшектерді анықтап , мысал келтіруін және байланыс типін анықтауын сұраңыз. Оқушыларға өз жауаптарын өзге топтармен салыстыруға бірге талқылауға ортақ бір қорытындыға келулеріне мүмкіндік беріңіз. Оқушылар өз ойын ашық айтуға, өзгенің ойымен санасуға, өз пікірініне дәлел келтіру қалыптасады.

Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында шағын ақ тақта белсенді оқыту әдісін қолдануға болады. Оқушыларға берілген қосылыстардағы заттардың байланыс типі мен кристалдық тор түрін анықтауды ұсыныңыз.

Сыни ойлау, салыстыру, синтездеу , жіктеу қабілеттерін дамыту мақсатында топтық жұмыс ұсыныңыз. Оқушыларға зат, байланыс түрлері, кристалдық тор диаграммасы салынған үлестірмелер жиынтығын ұсыныңыз. Берілген үлестірмелердегі қосылыстарды байланыс типі мен кристалдық тор диаграммасымен сәйкестендіруін ұсыныңыз (Мысалы: CO2 ковалентті полюсті байланыс молекулалалық кристалдық тор).

Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?