Иондық қосылыстардың қасиеттері. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ИОНДЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 3 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3 В Химиялық байланыс типтері
Сабақ жоспары оқушылардың алдыңғы білімдерін жаңа тақырыпқа ұштастыра отырып өздігінен оқушыларыдың ізденушілік қабілеттерін өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған. Алдыңғы білімді пысықтау мақсатында «Missing gap» тапсырмасын орындауды, яғни бос орындарды қажетті сөздермен толықтыруды ұсыныңыңыз. Оқушылар өз жауаптарын дұрыс жауаппен тексеріп, өздерін бағалайды.
Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылған кейін алдыңғы білімге сүйене отырып оқушылар иондық қосылыстарда иондық байланыстар болатынын, байланыс оң және теріс зарядталған иондар арасындағы электростатикалық тартылыс әсерінен мықты болатынын және олар иондық алып кристалдық тор түзетінін түсіндіріңіз (иондық кристалдық тордың моделін көрсетіңіз).
Оқушыларды топтарға бөліңіз. Оқушыларға топта иондық қосылыстардың физикалық қасиеттерін болжап, постер дайындауды ұсыныңыз. Оқушылар өз постерлеріне балқу температурасы, электрөткізгіштігі, суда ерігіштігі, мықтылығы жайлы қасиеттері болжау қажеттілігін ескертіңіз. Әр топ өз постерін қорғайды, өзге топтар кері байланыс береді.
Оқушылардың болжамдарын практика жүзінде дәлеледеу үшін зертханалық тәжірибе жасауды ұсыныңыз. Зетханалық жұмысты бастамас бұрын оқушылармен бірлесе отырып тәжірибенің қауіптілігін болжаңыз, қыздыратын құралдарымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техника ережелеріне ерекше назар аударуды ескертіңіз. Оқушылар топта натрий хлоридін қыздыру арқылы балқу температурасының жоғары екендігін, суда еріту арқылы жақсы еритінін, қатты күйде электр тоғын өткізбейтінін,бірақ ерітінді күйінде өткізетінін анықтайды. Оқушылар өз болжамдарын тәжірибе қорытындысымен сәйкестендіреді, не себепті сәйкессіздік болғанын айқындайды. Оқушылардан иондық қосылыстардың айқындалған қасиеттерін байланыс тұрғысынан түсіндіруді ұсыныңыз. Оқушылар иондық қосылыстардың балқу температурасы жоғары, себебі қарама қарсы зарядталталған иондардың арасында тартылыс күші мықты болады, оны бұзу үшін көп энергия қажет, иондық қосылыстар суда жақсы ериді, себебі иондық қосылыстарда суда полярлы заттар, ұқсастар ұқсастарда ериді, электр тоғын суда ерігенде ғана өткізеді себебі бос иондар болады деген қорытындыға келулері қажет.
Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?