Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі. Химия, 8 сынып, қосымша материал 1.


«БІР ТОПТА ОРНАЛАСҚАН ЭЛЕМЕНТТЕР СИПАТТАМАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНА БЕРІЛГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

Сынып:8, 3тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Мұғалім түсіндірмесі

1.Электрондардың атомда орналасуы, энергетикалық денгейлер туралы мағлұмат қарастырады ( оқушылармен дәптермен жұмыс жүргізіледі)

Атом құрылысы тұрғысынан период нөмірі энергетикалық деңгейлердің немесе электрондық қабаттардың санын, ал топ нөмірі сыртқы деңгейдегі электрон санын білдіреді

2.Алғашқы 20 элемент атомдарындағы электрондардың энергетикалық денгейлерге орналасуын топтық жұмыс ретінде қарастыру

Кестені тотлтырыңыз

1-кесте

Элемент атауы

Реттікномері

Энергетикалық денгейлердегі электрон саны

1-ші

Сутек

c

Гелий

c

Литий

c

Бериллий

c

Бор

c

Көміртек

c

Азот

Оттек

Фтор

Неон

Натрий

Магний

Алюминий

Kремний

Фосфор

Күкірт

Хлор

Аргон

Kалий

Kальций

Жауабы:

2-кесте

Элемент атауы

Реттікномері

Энергетикалық денгейлердегі электрон саны

1-ші

Сутек

1

1

c

c

c

Гелий

2

2

c

c

c

Литий

3

2

1

c

c

Бериллий

4

2

2

c

c

Бор

5

2

3

c

c

Көміртек

6

2

4

c

c

Азот

7

2

5

c

c

Оттек

8

2

6

c

c

Фтор

9

2

7

c

c

Неон

10

2

8

c

c

Натрий

11

2

8

1

c

Магний

12

2

8

2

c

Алюминий

13

2

8

3

c

Kремний

14

2

8

4

c

Фосфор

15

2

8

5

c

Күкірт

16

2

8

6

c

Хлор

17

2

8

7

c

Аргон

18

2

8

8

c

Kалий

19

2

8

8

1

Kальций

20

2

8

8

2

3. Энергетикалық денгейлерде электрондардың таралуын топ бойынша қарастырамыз

Оқушылармен жеке жұмыс жүргізіледі (жұмыс парағы таратылады)

Дескриптор

Оқушы:

  • элементтің сыртқы қабаттағы электрондар саны осы элемент орналасқан топтың нөміріне тең екендігін білуі тиіс

1-тапсырма. Литий, натрий, калий элемент атомдарының энергетикалық денгейлерде орналасқан электрон санын жазыңыз

3-кесте

Элемент

Энергетикалық денгейлердегі

электрон саны

1-ші

Литий

Натрий

Kалий

Жауабы

4-кесте

Элемент

Энергетикалық денгейлердегі

электрон саны

1-ші

Литий

2

1

 

 

Натрий

2

8

1

 

Kалий

2

8

8

1

Сұрақ:

1.Литий, натрий, калий элемент атомдарының ең сыртқы энергетикалық денгейдегі электрон санын атаңыздар

Қорытынды, литий, натрий, калий элемент атомдарының ең сыртқы энергетикалық денгейде орналасқан бір электрон саны топтың нөміріне сәйкес келеді

2-тапсырма. Берилий, магний, кальций элемент атомдарының энергетикалық денгейлерде орналасқан электрон санын жазыңыз

5-кесте

Элемент

Энергетикалық денгейлердегі электрон саны

1-ші

Бериллий

Магний

Kальций

Жауабы

6-кесте

Элемент

Энергетикалық денгейлердегі электрон саны

1-ші

Бериллий

2

2

 

 

Магний

2

8

2

 

Kальций

2

8

8

2

Берилий, магний, кальций элемент атомдарының ең сыртқы энергетикалық денгейдегі электрон саны топ нөміріне сәйкестігі туралы қорытындыланады

3-тапсырма. Фтор, хлор, бром элемент атомдарының энергетикалық денгейлерде орналасқан электрон санын жазыңыз

7-кесте

Элемент

Энергетикалық денгейлердегі электрон саны

1-ші

Фтор

Хлор

Бром

Жауабы

8-кесте

Элемент

Энергетикалық денгейлердегі электрон саны

1-ші

Фтор

2

7

 

 

Хлор

2

8

7

 

Бром

2

8

18

7

Фтор, хлор, бром элемент атомдарының ең сыртқы энергетикалық денгейдегі электрон саны топ нөміріне сәйкестігі туралы қорытындыланады

4-тапсырма

Жұптық жұмыс

Гелий, неон, аргон, криптон, ксенон және радон элемент атомдарының энергетикалық денгейлерде орналасқан электрон санын жазыңыздар

9-кесте

Элемент

Энергетикалық денгейлерде орналасқан электрон саны

1-ші

Гелий

Неон

Аргон

Kриптон

Kсенон

Радон

Жауабы

10-кесте

Элемент

Энергетикалық денгейлерде орналасқан электрон саны

1-ші

Гелий

2

 

 

 

 

 

Неон

2

8

 

 

 

 

Аргон

2

8

8

 

 

 

Kриптон

2

8

18

8

 

 

Kсенон

2

8

18

18

8

 

Радон

2

8

18

32

18

8

Қысқа периодтық жүйе бойынша 8 топ бар екені белгілі. Жоғарыдағы тапсырмаларды орындау арқылы сіздер қандай қорытынды жасайсыздар

1.Сыртқы энергетикалық денгейдегі электрон саны топ нөміріне сәйкес келеді

2.Бір топ элементтерінің сыртқы деңгейінде электрон саны бірдей болады

3.Сыртқы деңгейдегі электрондар валенттік электрондар деп аталады. Валенттік электрондар элементтің химиялық реакциялардағы әрекетін анықтайды.  

Элементтердің периодтық жүйесі атомдардың құрылысымен тікелей байланысты. Атомдардың құрылысы элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруінің мәнін ашып береді. Ең кіш іпериодтағы s-орбитальға 2 электрон сыяды, оған екі элемент Н пен He сәйкес келеді. Ал кіші периодтарда (II, III) сыртқы энергетикалық s және p-орбитальдардағы электрондар саны 1-ден 8-ге дейін өсіп, осығансәйке сэлементтердің (Li—Ne, Na—Аr) металдық қасиеті кеміп, бейметалдығы артып, ең соңында инертті элементтермен аяқталады. Үлкен периодтарға (IV,V) ауысқанда, олардың жұп қатарындағы (4, 6, 8) элементтердің валенттік электрондары сыртқы энергетикалық деңгейдегі s-орбитальдан ішкері жатқан (n-1) d-орбитальдарға орналасатындықтан, металдық қасиет баяу кемиді. Периодтың соңына жақындағанда, қайтадан сыртқы p-орбитальдар толтырылып, бейметалдық қасиет күшейіп, сосын инертті элементтермен аяқталады.

Периодтық кестедегі элементтердің топтарын негізгі және қосымша деп бөлу энергетикалық деңгейшелерге байланысты. Негізгі топша элементтері сыртқы s және р-деңгейшелеріне орналасса, қосымша топша элементтерін d-және f-металдар құрайды. Әрбір топшадағы элементтердің валенттік электрондық конфигурациясы бірдей болады. Негізгі топша элементінің сыртқы деңгейшесіндегі электрондар саны топша нөмірімен сәйкес келеді. Қосымша топша элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейшесінде 1 (Ag) не 2 (көптеген d-элементтер) электрон ғана болатындықтан, олар айқын металдарға жатады. Мысалы, VII негізгі топшада галогендердің сыртқы деңгейшесінде 7 электрон — ns2np5 бар. Сондықтан олар — нағыз бейметалдар, ал қосымша марганец топшасын алсақ, сыртқы s-орбиталінде 2 ғана электрон болатындықтан, олар нағыз металдарға жатады. Марганец топшасы нөміріне сай валенттікке ие болу үшін ішкергі (n-1) d-деңгейшедегі 5 электронды пайдаланады: 4s23d5. Жалпы алғанда, топ нөмірі химиялық байланыс түзуге қатыса алатын максимал электрондар санын көрсетеді.

Aтом құрылысы теориясы тұрғысынан әр топтағы элементтердің ядро зарядының өсуі олардың металдық қасиеттерінің күшейіп, керісінше, бейметалдық қасиеттерінің төмендеуіне әкелетіні атомдар радиустарының өзгеру заңдылығына сүйеніп түсіндіріледі. Неғұрлым атом радиусы ұлғайған сайын, соғұрлым оның валенттік электрондарының ядромен байланысы кеми бастайды да, үзіліп кетуі жеңілдейді, яғни металдық қасиеті — тотықсыздандырғыштығы күшейеді. Бейметалдық қасиет р-элементтерге тән. Олар октетті 8 электронды қабат түзу үшін өздеріне жетпейтін 1—3 электронды қосып алады. Әрі радиусы кішірейген сайын бейметалдығы күшейіп, тотықтырғыштық қасиеті арта бастайды. Мысалы, галогендердің бейметалдығы топша бойынша йодтан фторға қарай күшейе береді.

Атомдардың электрондық конфигурациясына байланысты периодты өзгеретін қасиеттерінің қатарына олардың валенттігі, радиусы мен қатар электртерістігі де, тотығу дәрежелері де жатады. Элементтердің реттік нөмірінің (ядро зарядының) артуына қарай атомдардың басқа да көптеген қасиеттерінің периодты өзгеруі айқын байқалады.

Элементтердің салыстырмалы электртерістігін дәлірек сипаттайтын 1-кестеден олардың периодты өзгеру заңдылығымен қоса негізгі топша бойынша мәндерінің кемитіні, период бойынша сілтілік металдан галогендерге дейін біртіндеп артатыны байқалады. Жалпыалғанда, металдардыңэлектртерістігіаздау, ал бейметалдардікі көптеу болып келеді. Инертті газдардың электртерістігі жоқ, өйткені атомдарының сыртқы электрондық деңгейшесі толық толған, сондықтан әрекеттесуге бейімділігі өте төмен болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді