Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакциялар. Химия, 8 сынып, презентация.


Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакциялар

Оқу мақсаты:

- табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакцияларды сипаттау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

- табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакцияларды сипаттай білу;

- химиялық реакциялардың белгілерін білу;

Көптеген оқушылар білу керек:

- қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып эксперименттер жүргізу;

Кейбір оқушылар білу керек:

- айналасындағы химиялық үдерістерді зерттеу.

Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

химиялық реакцияның қандай екенін түсінсе;

қандай белгілеріне сәйкес химиялық реакцияларды анықтауды ажыратса;

химиялық реакция қандай жағдайларда жүретінің біледі;

химиялық құбылысқа мысал келтіреді және оны түсіндіре алады;

химиялық заттардың құрамын көрсетеді;

химиялық теңдеулерді жазады және коэффициенттер арқылы теңестіреді.

Химиялық реакциялар

Бізді қоршаған әлем сан түрлі заттардан тұрады. Олар белгілі бір ғажайып әлем тәріздес. Айналамызда алуан химиялық құбылыстар болып жатады. Мысалы,фотосинтез құбылысы, тыныс алу, шәйнектің қайнауынан түбінде тұздар шөгеді, шайға лимон кесегін салсақ түсінің өзгергенін байқаймыз, ауадағы газдар мен ылғалдың әсерінен темірдің таттануы, тәтті бәліштер пісіргенде ас содасын сірке суымен әрекеттесуін, не болмаса денеміздегі жарақатқа сутек асқын тотығын құйғанда газ көпіршіктерін байқаймыз.

Табиғаттағы химиялық реакцияны қарастырайық

Реакция № 1 – Фотосинтез

Өсімдіктер химиялық реакция – фотосинтезді көмірқышқыл газы мен суды қоректік заттар мен оттекті түзу үшін жүргізеді. Фотосинтез өмірдегі кең таралған және маңызды химиялық реакциялардың бірі. Фотосинтездің арқасында өсімдіктер өздері үшін қоректік заттарды түзеді, көмірқышқыл газын оттекке айналдырады.

6СО2 + 2О + жарықC6H12O6 + 6O2

Реакция № 2 – Аэробты жасушалық тыныс алу

Аэробты жасушалық тыныс алубұл фотосинтез үдерісіне қарама-қарсы реакция. Біз тыныс оттек молекулалармен әсерлесіп біздің жасушаларымызға қажетті бос энергия бөлініп шығады. Жасушалардың қолданатын энергиясы АТФ форматындағы химиялық реакция болып табылады.

Аэробты жасушалық тыныс алудың жалпы теңдеуі:

C6H12O6 + 6O2 → 6CO2 + 6H2O + энергия (36 ATФ)

Реакция № 3 – Анаэробты тыныс алу

Аэробты тыныс алудан айырмашылығы, анаэробты тыныс алуда күрделі молекулалар оттексіз жағдайда жасушалар энергия алатын реакциялар жүреді. Мысалы, ұзақ уақыт бойы физикалық жаттығу жасаған кезде бұлшықеттерде жүреді. Бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтары ашыту үшін қолданылады. Мысалы: этанол өндірісі және тағы да басқа ірімшік, шарап, сыра, нан сияқты өнімдер алатын химиялық реакциялар.

Анаэробты тынысалудың жалпы химиялық теңдеулер: C6H12O6 → 2C2H5OH + 2CO2 + энергия

Реакция № 4 – Жану

Әрбір сіріңкені, от жағу, газды жағу барысында сендер жану реакциясын көресіңдер. Жану реакциясы кезде отын мен оттек молекулаларының арасында әсерлесу болып, нәтижесінде көміртек диоксиді мен су бөлінеді.

Мысалы, көтеген пештердегі және газ плитасындағы пропан газының жану реакциясы келесідей болады:

C3H8 + 5O2 → 4H2O + 3CO2 + энергия

Реакция № 5 – Тот басу

Уақыт өткенде темір кірпіш қызыл түске айналып тот қабатымен қапталады. Бұл тотығу реакциясының мысалы болып табылады. Кейбір тұрмыстық бұйымдардың құрамында тот баспайтын басқа металдар болады.

Темірдің тот басу реакциясы келесідей болады:

Fe + O2 + H2O → Fe2O3 ∙ H2O

Реакция № 6 – Химиялық заттарды араластыру

Егер сірке суын ас содасымен әрекеттестірсе алмасу реакциясы жүзеге асады. Реакция нәтижесінде көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Көмірқышқыл газы көпіршіктер түзіп нанның көтеріліп пісуіне әкеледі.

Реакция теңдеуі:

NaHCO3 + CH3COOH → NaCH3COO + H2O + CO2

Реакция № 7 Ас қорыту

Ас қорыту кезінде өте көп хиямиялық реакциялар жүреді. Тағамды ауызға салған кезде ақ сілекейдегі амилаза ферменті көмірсуларды ыдырата бастайды. Асқазандағы тұз қышқылы тағаммен реакцияға түседі, ал ферменттер нәруыздар мен майларды ыдыратады.

Реакция № 8 – Сабын және жуғыш заттар

Сабын және жуғыш заттар таза химиялық реакциялардың нәтижесінде алынған заттар. Сабын кірді эмульсияға айналдырады, яғни сабынмен байланысқан майлы дақтар сумен шағанда кетеді.

Көрсетілім тәжірибелерін орындайық

Зерттеу жобалары

Жану реакциялары.

Асқорыту кезіндегі химиялық реакциялар.

Тыныс алу кезінде химиялық реакциялар.

Фотосинтез үдерісі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?