Атомда электрондардың орналасуы. Химия, 8 сынып, қосымша материал 1.


«АТОМДА ЭЛЕКТРОНДАРДЫҢ ТАРАЛУЫ» ТАҚЫРЫБЫНА

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 1-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1A Атомда электрондардың қозғалысы

 Оқушылардыың сабақты жеткілікті дәрежеде түсінуі үшін келесі ұғымдар мен түсініктерді анық білулері және іс-әрекеттерді жасай алулары қажет.

 Электрон санын анықтау

 Атомдар электрбейтарап бөлшектер болып табылады, протондардың оң заряды электрондардың теріс зарядының әсерінен теңдестіріледі. Яғни, егер оттек атомында 8 протон болса, онда 8 электроны болады (атомдық нөмірі 8); атомдық нөмірі 17-ге тең хлор атомының 17 протоны болса, онда оның 17 электроны болуы керек.

 Электрондардың орналасуы

 Электрондар ядродан едәуір алшақ энергетикалық деңгейлер деп аталатын қабаттарда орналасады. Әрбір электрон қабатында максималды электрондар саны орналаса алады. Бірінші қабатта (ядроға ең жақын қабат) 2 электрон бола алады, екінші қабатта 8, ал 3 қабатта 8 электрон орналасады. Негізгі мектепте оқушылар тек осы деңгейде ғана қалады, себебі одан әрі күрделенетіндіктен тақырып әрі қарай жоғарғы сыныпта қарастырылады. Бұл қабаттарды ядродан біртіндеп алыстайтын қабаттар ретінде қарастыруға болады. Әр қабаттағы электрондардың энергиясы әртүрлі болады, олар сол энергиясына сай әртүрлі қабаттарда орналасады.

 Электрондардың орналасуын анықтау

 Оқушылар химиялық элементтердің периодтық кестесінен атом нөмірін анықтай алулары керек. Яғни ұяшықтағы берілген екі санның мәні кішісін алатынымызды ескерту керек. Бұл сан атомдағы бөлшектердің саны туралы ақпарат беретіндігін қайталау маңызды. Электрондардың энергетикалық деңгейлерде орналасуы ішкі қабаттан басталып сыртқысына көшеді.

 Алғашқы 20 элемент атомындағы электрондардың орналасуы:

 

 Екі маңызды жалпылау

 Егер кестедегі шаблонға назар аударсақ:

  • Сыртқы электрон қабатындағы электрондар саны топтың нөмірімен сай келеді (гелийден басқасы, оның тек 2 электроны бар. Асыл газдардың тобын 8 емес 0деп атайды). Яғни оқушы барийдың 2 топта орналасқанын білетін болса оның сыртқы электрон қабатында екі электрон бар екендігін білетін болады; йодтың (7-топ) сыртқы электрондық қабатында 7 электрон бар.
  • Асыл газдардың сыртқы электрондаық қабаттары толық болады.

Бұл жалпылаулар жоғарғы сыныптыңк бағдарламасын оқу барысында қажет болады.

 Нүктелер мен айқыштар диаграммасы

Кез-келген химияның кіріспе бөлімінде оқушылар сутек пен көміртектің электрондық құрылысымен кездеседі, электрондардың атомдарда орналасуын көрсету үшін нүктелер мен айқыштар диаграммасы қолданылады.

Шеңберлер энергетикалық деңгейлердің ядродан қашықтығын көрсетеді. Электрондық диаграмманы жай диаграмма түрінде келесідей бейнелеуге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?