Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін сақтау. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалім үшін нұсқаулық

Сабақтың теориялық мазмұны, ұғымдар, анықтамалар және т.б.

Тіршілікке қажетті энергияның басым бөлігі Күннен келеді.

Осы энергияның тірі ағзалар арасында қалай таралатынын қоректік тізбек қай ағзаның басқаларымен қоректенетіні арқылы сипаттауға болады.

Әрбір қоректік тізбектің төменгі бөлігінде "продуцент" деп аталатын ағзалар болады. Олар күн энергиясын жұтып, фотосинтез процесі арқылы оны қантқа айналдырады.

Продуценттер: Өсімдіктер. Күн энергиясын өңдейді

Бұл - барлық өзге тіршілік иелерінің өміріндегі маңызды қадам.

Жануарлар азықты өздігінен өндіре алмайды, сол себепті олар өсімдік энергиясын пайдаланады. Шөпқоректілер немесе негізгі тұтынушылар тікелей өсімдіктермен қоректенеді.

Негізгі тұтынушылар: Шөпқоректілер. Өсімдіктермен қоректенеді

Шөпқоректілер өз кезегінде, өзге жануарлармен қоректеніп, энергия алатын жыртқыштарға немесе екінші реттік тұтынушыларға азық болады.

Екінші реттік тұтынушылар: Жыртқыштар. Басқа жануарлармен қоректенеді

Алайда энергия қоректік тізбекпен жоғары көтерілген сайын, оның мөлшері қарқынды түрде азайып отырады.

Қоректік тізбек

Мына солтүстік бұғылары өсімдіктердің Күннен алған энергиясының аз ғана бөлігін алады.

Олар энергияны дем алуға, қозғалуға және қалдық шығаруға қолданатындықтан, жиналған энергияның тек оннан бір бөлігі ғана өсуге жұмсалып, екінші реттік тұтынушылар қасқырларға беріледі.

Қоректік тізбек деңгейі жоғарылаған сайын, тіршілік мөлшері азая береді.

Мұны тірі ағзаларды биомасса пирамидасына орналастыру арқылы көрсетуге болады.

Биомасса пирамидасы

Мұнда өсімдіктердің өте көп мөлшері бұғылар табынының тіршілігін қамтамасыз етеді. Ал олар, өз кезегінде, қасқырлардың бұдан да аз санына азық болады.

Ағзалар өлген кезде, олардың энергиясы ешқайда жоғалмайды, оны өлексемен қоректенушілер пайдаланады. Және олар қоректік заттарды қоршаған ортаға қайтаратын редуценттер көмегімен ыдырайды.

Осылайша, барлық тіршілік иелеріне қажетті энергия өз бастауын Күннен алады.

Жер бетінде бір-біріне ұқсамайтын тіршілік иелері өте көп. Ғаламшарымызда 10 миллионнан астам түр тіршілік етеді.

Тірі ағзалардың әркелкілігі "биоалуандылық" деп аталады. Ол әралуан түрлердің саны мен түр ішіндегі айырмашылықтарды қамтиды.

Биоалуандылық экожүйелердің саулығы үшін өте маңызды.

Биоалуандылық: Әралуан түрлердің саны. Түрлер арасындағы айырмашылық. Тұрақты экожүйелер үшін маңызды

Әрбір түрдің ерекше рөлі бар, сондай-ақ түрлердің әралуандығы өзгерістен қорғануға көмектеседі.

Бірақ жаһандық биоалуандылық үлкен қарқынмен азаюда.

Жаһандық биоалуандылық қысқаруда. 2100 жылға қарай шамамен 50-75%-ға қысқарады

Бұл біздің тіршілігімізге қатты әсер етеді.

Қор

Біріншіден, барлық тағамдарымыз, көптеген дәрілер мен материалдар тірі ағзалардан алынады.

Биоалуандылықтың қысқаруынан болашақ қорларымызға қауіп төнеді.

Тұрақты экожүйелер

Екіншіден, бір биологиялық түрдің жойылуы өзге бір түрдің жойылуына әкеледі.

Әралуан түрлер өсімдіктерді тозаңдау, суды тазалау, топырақты қалпына келтіру, жерді эррозиядан қорғау және атмосфераны тазарту қызметтерін атқарады.

Биоалуандылықтың қысқаруы экожүйе мен бүкіл қоршаған ортаға қауіп төндіреді.

Құрметті профессор Уилсон Э.О., Гарвард университеті – "Бізге әрбір түр қажет. Бізге түрлердің шексіз әралуандылығы қажет. Біз үшін әрбір түр маңызды, себебі олардың азаюы аймақтың тұрақтылығын бұзады."

Барлық тірі ағзалар өзара тығыз байланысқандықтан, биоалуандылықтың азаюы бүкіл экожүйені бұзуы мүмкін.

Сондықтан өзіміз тірі қалу үшін биоалуандылықты сақтауымыз керек.

Көп адамның ойынша, адамдар Жердегі биоалуандылықты қорғауға моральды тұрғыда жауапты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу