Клондау. Биология, 11 сынып, презентация.


Оқу мақсаты

11.4.3.4 ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру

Этикалық мәселелерді қарастыру.

Интерактивті жұмыс: http://learn.genetics.utah.edu/content/cloning/

Бағалау критерийі

ағзаларды клондау тәсілдерін түсінеді;

тышқанды клондау бойынша интерактивті жұмысты толтырады.

Сөздік

Клон, донор, имплантация, генетикалық жағынан бірдей, жатыр, , жыныс жасушасы этикалық, соматикалық жасуша ядросының ауысуы

KNOW

Клондау дегеніміз генетиқалық бірегей тірі агзаларды соматиқалық жасушалардан алу.

«Клон» термині «бұтақ», «бүршік» деген мағынаны білдіреді. Өсімдіктерді клондау, олардың вегетативті көбеюі адамзатқа шамамен 4 мың жыл бұрын белгілі болды. Жануарларды клондау – бұл мүлде басқа мәселе! Бұл жұмыстар XX ғасырдың ортасында басталды. Алғашқы тәжірибелерді қос мекенділерде жүргізді. Ғалымдар эмбрионалды жасушаларды бір бақадан басқа бақаның ядродан айырылған жұмыртқа жасушасына қайта отырғызудың микрохирургиялық әдісі жетілдірілді. Ұрықтан дұрыс кішкене бақалар пайда болды. Осы тәжірибелерді 1952-ші жылдардан Дж.Гарди Ұлы Британияның ғалымы бастап өткізді, ал 1980-ші жылдардан бастап үй қояндарын, тышқандарды, сиырлар мен шошқаларды клондау бойынша тәжірибелер жүргізіле бастады. 1990-ші жылдары бүгінгі күні Долли қойы ретінде танымал қойды клондау жүзеге асырылды.

Клондау әдістері:

Аталып өткендей , клондау деп жыныссыз көбею арқылы біртипті ұрпақ алуды айтамыз. Неміс эмбриологы Г.Дриш ең алғашқы болып жасанды жолмен егіздерді алуға болатынын дәлелдеді. Теңіз кірпісінің клеткасын екіге бөліп, екі біртипті ағза алды.

Жануарларға тәжірибелер жасаудың өзінде зерттеушілер кері жанама құбылыстармен соқтығыса бастады. Біріншіден, кішкене бақалардың ұрықтарынан 80% ғана сәтті түрде жетілді, қалғандары тіршілік етпеді. Екіншіден, тышқандармен жүргізілген тәжірибелер өздерін мүлдем ақтамады, себебі эмбриондардың көпшілігі бастапқы сатылардың өзінде өлімге душар болды. Үшіншіден, үй қояндарының 3% ғана дұрыс жануарлар болып жетілді, қалғандарында ауытқулар белгіленді.

Жасушаның ядросын қайта отырғызу әдісі – ағзаларды клондау әдісі ретінде.

“Don’t clone

humans!”

Science

2001, 291, 2552

Бірінші кезең: донорлық жасушалармен манипуляциялар. Финн-Дорсет атты қойдың сүт безі эпителийінен алынған ересек соматикалық жасушаларды қоректік заттары аз мәдени ортаға орнықтырды. Мұндай әдіспен тежелген жасушалар айырылуын тоқтатады, олардың гендері белсенділігін жоғалтады. Екінші кезең: жұмыртқа жасушасымен манипуляциялар. Дәл сол уақытта басқа қойда — Блэк-фейс— эмбрионның қалыпты дамуы үшін қажетті болатын жұмыртқа жасушасының барлық әрекет етуші механизмдерімен цитоплазмасын тиіспей, тек ядросын алып тастап, ұрықтандырылмаған жұмыртқа жасушасын бөліп алды (және сәйкесінше ДНҚ). Үшінші кезең: донорлық жасуша мен ядросыздандырылған жұмыртқа жасушасының қосылуы. Финн-Дорсет пен Блэкфейс қойларынан алынған екі жасушаны да бір бірінің қасында мәдениеттендірілген ортасы бар құтыға орналастырды және электрлік разряд көмегімен олардың қосылуын жүзеге асырды. Осының нәтижесінде жасушалық гибридтің ядросы болып, жетілген донорлық жасушаның ядросы айналды, ал екі түрлі жасушалардың цитоплазмалары біріктірілді. Екіншілік электрлік рарядтың әсері табиғи ұрықтандыру механизмін «жұмыс істетеді», жұмыртқа жасушаның түгелдей потенциалын пайдаландырады. Төртінші кезең: 6 күннен соң жасушалық бөлінулердің қатарынан өткен, қалыптасқан эмбрионды Блэкфейс қойының маткасына көшірілді. Бесінші кезең: Блэкфейс қойының жүктілігінің аяқталу нәтижесінде оның Долли атты қозысы дүниеге келді— Финн-Дорсет атты қойдың генетикалық көшірмесі. Доллиды клондау бойынша сипатталған эксперимент сүтқоректілердің кез-келген түріне, соның ішінде адамға қолданыс таба алады. Қазіргі кезде осы әдіс арқылы әртүрлі жануарлардың клондарының жеткілікті түрде көп мөлшері алынды: тышқандар, қойлар, ешкілер, шошқалар, бұқалар, жылқылар, мысықтар және т.б. Клондау технологиясының жетілуімен қатар мұндай ағзалар дамуының жете зерттелуі басталды.

Cloning Dolly the sheep by nuclear transfer – born 1997

(enucleate)

Somatic cell

Доллиның клондау схемасы

Қорытынды:

Долли қойымен жүргізілген эксперименте, 277 тәжірибенің ішінен тек 29 эмбрион ғана алынды, олар тек 6 күндей ғана өмір сүрді, ал туған күніне дейін Долли ғана жете алды. Клондалған жануарлардың көбісінде жетілудің кемістігі анықталды. Жапон зерттеушілері клондалған тышқандардың азырақ өмір сүретіндігін және әртүрлі ауруларға шалдыққыш екендігін анықтады. Сондықтан, адамды клондауға баспас бұрын, тірі жәндіктерді клондау бойынша ұзақ мерзімді және дәл зерттеулер жүргізілуі тиіс. Ал енди адамды клондауды моральды мәселелерің қарастырсақ негізгі мақсаты ретінде жекеменшік эмбрионалды діңгекті жасушаларды, сондай-ақ мұндай жасушалардан өсірілген мүшелер мен ұлпаларды алуды көздейді.

Әрине, клондау табиғи емес, бірақ табиғи емес болған нәрсе міндетті түрде жаман деген сөз емес. Клондау, прогресстің кез келген жетістігі тәрізді өз плюстары мен минустарына ие. Бұл мәселені байыпты түрде, парасаттылықпен, клондаудың барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып шешу керек. Генотипті (ағзаны) клондауға болады, ал тұлға тәрбиелеу және оқыту үрдісінде қалыптасады, ал оның жағдайларын дәл етіп қайталау мүмкін емес. Бұл монозиготалы (біржұмыртқалы) егіздерді бақылау жолымен дәлелденген, олар шын мәнісінде бір бірлерінің клоны болып табылады. Сыртқы бейнесімен де ұқсас болса да, әртүрлі жағдайларда тәрбиеленген, олар әртүрлі мінез-құлыққа, бейімділіктер мен ақыл-ой қабілетіне ие болады.

Дж. Гердон 1962 жылы Xenopia laevis бақасының итбалығының ішек эпителиі жасушасының ядросын ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасына енгізген. Ол үшін алғаш жұмыртқа жасушасының ядросын ультракүлгін сәулесінің үлкен дозасымен сәулелеп жойған (өлтірген), содан кейін итбалық ішегінің эпителий жасушасының ядросын микропипетка арқылы сорып алып, (бұл кезде жасуша қабықшасы бұзылып ядро бөлініп шығады) оны ядросыз (ядросы өлтірілген) жұмыртқа жасушасына енгізген. Содан кейін, жасанды жолмен пайда болған зиготаның дамуын инициациялаған. Нәтижесінде кейбір жұмыртқалар әрі қарай дамымай өліп қалған, екінші біреулері дамып, бөлшектеніп бластула сатысына жетіп, мутантты ұрық түзілген, ал 1% жұмыртқалар қалыпты дамып, алғаш итбалыққа, сосын ересек бақаларға айналған.Дж. Гердон тәжірибелері - қазіргі кезде қол жеткізген жоғары сатылы диплоидты ағзаларды клондаудың алғашқы қарлығаштары болатын.

Бернан Маккин аталған компанияға сүйікті итінің тірі көшірмесін жасап беруге осыдан 5 ай бұрын тапсырыс берген. Ғалымдар оған итінен айнымайтын бір емес, 5 күшікті дүниеге келтірген.

1998 жылдың наурыз айының басында-француз ғалымдары клондалған бұзаулардың туылғаны жайлы мәлімдеді.

1997 жылы шотландиялық ғалым Я.Уилмут хирургиялық жолмен атақты Долли қойын алады. Ол үшін оның клекасының ядросын басқа қойдың жұмыртқа жасушасына салады. Ян Уилмут 277 ядролық трансплантация жасады: нәтижесінде 277 эмбрион алды, оның 29 –ы алты күн өмір сүрді, бірақ олардың тек қана біреуі жетілді. Осылай Долли қойы пайда болды. Бір қойды клондау үшін 1000 пісіп жетілген ооцит қолданылып, ядролық материалдан 50% ооцит –рецилеонт өшірілді. Сонымен Доллиді алу жұмысының нәтижелігі 0,1% құрады.Егер адамды клондауда Уилмуттің тәжірибесіндей нәтиже шықса, онда кіші сәбиді клондау үшін 100 циклді гормондық стимуляция мен 30 персонды эмбрион қажет. Осындай үлкен көлемді ооцит қажет болғандықтан, клондауды осы этапта қиындықққа соқтырады.

АҚШ-та адамды клондау заңмен шектелмегенмен, профессор Клинтон адамды клондауды зерттеуге ақша беруге рұқсат бермей, Ұлттық біріккен комиссияға осыны қолға алуды айтты. Комиссияның шешімімен баланың соматикалық клеткасындағы ядроны алмастыруды кейінге (3-5 жылға) қалдырылды. Тағы да комиссия :

Баланы клондауға ақша бермеу мораториін жалғастырды

Барлық фирмаға, клиникаларға, зерттеушілер мен профессияналдық қоғамға, секторларға осы мораториге қосылуға шақырды.

«Біз адамдардан көшірме алмауымыз керек,оған көшірме ретінде емес индивид ретінде қарау керек»

Йен Вилмут

«Бірде қоғам абортты қастандық деп санады.Бірнеше онжылдықтан кейін ол американдық қыздың конституциялық құқығына айналды.Доллимен де сол жағдай болды.Мәселе оның қой екенінде емес,біз өзімізді қой ретінде ұстағанымызда»

Раввин Моисей Тендлер

Діни Университет,Нью-Иорк

«Қазіргі кезде клондау арқылы барлық адамдардың Толстой мен Энштейн секілді данышпан қылуға жетуге болады.Бұлай болмайды ,керек те емес,бірақ келесі жүзжылдықта планетаның көп бөлігі клондалған адамдардан тұрады.Мұны басшылар да,дін басылар да тоқтата алмайда»

Владимир Войнавич

Клондаудың жылнамалары

1883ж-жұмыртқа жасушасын Оскар гертвиг ашты.

1943ж- «Сайенс»журналы пробиркада жұмыртқа жасушасының ұрықтанғаны туралы айтты

1953ж-Р.Бригс пен Т.Кинг «нуклеотрансфер»әдісінің сәтті аяқталғанын,яғни африкалық бақа ксенопустыңүлкен уылдырығына ядро жасушасын енгізгені туралы хабарлады.

1973ж-Нью-Йорктағы Колумбия университетінің профессоры Шетлз өзінің «пробиркадағы бэйби»шығара алатыны жөнінде жариалады,кейін оған Ватикан және СШАның пресвитериандық шіркеуі қарсы болды

1977ж-Оксфорд униврситетінің зоологы Дж Герезонның мақаласы аяқталып ,нәтижесінде көптеген бақалары клондалды.Олардың уылдырығынан ядро өшіріліп ,қалған цитоплазмалық қапшыққа соматикалық клетка енгізілді.Алғаш рет гаплоидты жасушаға генетикалық ақпараты бар диплоидты соматикалық жасуша енгізілді .

1978ж-Англиядағы алғаш рет пробиркадағы Луиза Браунның дүниеге келуі

1981ж-Шетлз үш рет клондалған эмбрион алады,бірақ дамуын тоқтатты.

1982ж-Женева университетіндегі Кори Илмензее және Питер Хоппе тышқан асырайды,сұр тышқан ұрығының ядросын қара аналықтан алынған цитоплазма ядросына енгізді,нәтижесінде сұр тышқан алды,кейіннен эмбриондар ақ аналыққа ауыстырылып алынды.Нәтижесі басқа лабараторияларда шығарылмады,сондықтан Илмензеені фальсификация үшін айыптады

1985ж-4 қаңтар Лондон клиникасында Миссис Коттонда қыз туылды-дүниежүзіндегі бірінші биологиялық анасы болып табылмайтын суррогат ана атанды

1947ж-Дж Вашингтон атындағы Университет мамандары адам ұрығын бірнеше бөлікке бөліп ,оның 32 кезеңіне дейін клондауға мүмкіндік алды(бластула,бластомер),сосын ұрықтар жойылды.Сол кездегі американдық администрация лабараторияларға осындай тәжірибе жасалынатын болса Федеральды фондтан айырылатыны жөнінде мәлімдеме жасалды

1996ж-7 наурызда «Нейчур »журналы өзінің мақаласында Эдинбургтағы Рослин Институтында қойдың қатысуынсыз бес қозытуылғандығы жөнінде мәлімдеме берді.Цитоплазмалық қапшыққа басқа ұрықтың әмбрион жасушасын енгізілген

1997ж-27 ақпан «Нейчур»өзінің фонына Эдинбургтегі Рослинде туылған Долли қойының суретін қойды

1997ж-Желтоқсанның соңында «Сайенс »журналырослиндік әдіс арқылы 6 қой туылды.Үшеуі және Полли атты қойда IX фактор деп аталатынадам гені болды немесе қан тоқтатын нәруыз гемофилиямен ауыратынадамдарға өте қажет

1997-АҚШ-та Майкл Смиттің Клондар кітабында Лос –Анжелестің адамдардың клондалатыны жайлы айтты

1998ж-Чикаголық физик Сиди клондайтын лабароториялардың жасалатыны жөнінде жариялайды:оның тұтынушылардан қолыбосамайтыныжөнінде айтты

1998ж-наурыздың басы сиыр клондалды

Cloning

Section 13-4

Flowchart

A body cell is taken from a donor animal and the nucleus removed.

An egg cell is taken from a donor animal.

The fused cell begins dividing, becoming an embryo.

The nucleus is removed from the egg.

The body cell nucleus and egg are fused by electric shock.

The embryo is implanted into the uterus of a foster mother.

The embryo develops into a cloned animal.

Somatic Cell Nuclear Transfer

Мен жасай аламын ....

Мен білдім ....

Маған қиын болды ....

Рефлексия

Егер уақытың болса қарауға болатын ақпарат көздері

https://www.youtube.com/watch?v=R4JoRy_vNEw

https://www.youtube.com/watch?v=nvSlqVHe6DA

[attachment=65786:prezentacija_gb_11_4_3_4-azalardy-klondau-tsilderin-tsindiru1.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу