Гормондардың әсер ету механизмі №2. Биология, 11 сынып, презентация.


Chemical substances secreted into the bloodstream by the endocrine glands

Hormones

Гормондардың әсер ету механизмі

11.1.7.2 Гормонының әсер ету механизмін сипаттау

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Эндокриндік бездердің гормондары

ГОРМОНДАР  — ішкі секреция бездерінде түзіліп, бірден қанға түсетін және әр түрлі мүшелер мен ұлпалардың қызметіне тікелей әсер ететін биологиялық белсенді заттар.

1 Пептидті және нәруызды гормондар — гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөліктері мен ұйқы безі гормондары (инсулин, глюкагон), т.б.;

2 Стероидты гормондар — холестериннің туындылары (кортикостероидтер, тестостерон, прогестерон және эстрогендер);

3 Аминқышқылдық (аминдік) гормондар - гидрофильдік қасиеті бар гормондар (адреналин, норадреналин, тироксин, трийодтиронин)

4 Май қышқылдық гормондар - простагландиндер

Әрбір гормонның өздерінің меншікті рецепторлары болады. Нысана-жасушаның бірнеше мың рецептор-нәруызы бар. Мысалы, стероидты гормондарға 10000 шамасындай рецептор арналады. Әр рецептор гормонның бір молекуласын қайтымды байланыстыра алады.

Гормондар химиялық табиғатына қарай негізгі 4 топқа бөлінеді

Гормондардың химиялық табиғаты

Гормондардың химиялық табиғаты

Омыртқалылардың гормондарының химиялық табиғаты бойынша жіктелуі

Нәруыздық, пептидтік гормондардың және амин қышқылдарының туындысы болып табылатын гормондардың әсер ету механизмі.

Бұл топқа жататын гормондардың (адреналин, глюкагон, кальцитонин, паратгормон, гипофиз гормондары) гидрофильдік қасиеті болады, сондықтан олар клетка мембранасының липидтік қабатынан өтіп кете алмайды. Олардың рецепторлары клетканың үстінгі бетіне орналасады.

Бұл гормондардың әсер ету механизмі плазмалық мембранамен байланысқан рецепторлармен өзара әрекеттесуден басталады. Гормондардың өзі клеткаға енбейді, сондай-ақ плазмалық мембранамен байланысқан аденилатциклаза ферментіне қолайлы жағдай туғызу жолымен әрекет етеді. Осының нәтижесінде, клеткадағы цАМФ мөлшері көбейеді, оны жоғарыда біз екінші реттік мессенджер (реттегіш) деп атағанбыз. Клеткадағы гормондар қасиетінің әрі қарай іске асуы цАМФ арқылы, оның синтезін күшейту немесе тежеу жолымен орындалады. Жануарлар клеткасында цАМФ әсері клетка ферменттерін активтендіру арқылы басталады, ондай ферменттер цАМФ – тәуелді протеинкиназа деп аталады. Ол ферменттер АТФ-тен фосфатты ерекше белоктардың (солардың ішінде ферменттердің) серині мен треонинінің белгілі бір қалдықтарына ауыстырылуын қатализдейді. Фосфорланған белоктар биологиялық активті болады.

Фосфорланбаса олар өздерінің арнайы қызметін атқара алмайды. Активтенген протеинкиназа әртүрлі ферменттерді (мысалы, фосфорилазаны), хроматин белоктарын және клеткадағы әр гормонға ерекше тән басқа да белоктарды фосфорлайды. Гормонның бір молекуласы белоктың 105 молекулаларын фосфорлай алады. Фосфорлау жолымен активтенген фосфорилаза гликоген ыдырауын катализдейді де, ол бірнеше аралық өнімдерден кейін глюкоза береді.

Стероидты гормондардың әсер ету механизмі.

Арнайы тасымалдаушы белоктардың – кортикостероид- транспортинмен, андрогендер және эстрогендер арнайы глобулиндермен, т.б. көмегімен стероидты гормондар қанға қосылады.

Олар көп клеткалы организмнің фундаментальды процестердің –қалыпты өсудің, адаптацияның, көбеюдің және метаболизмнің регуляторлары болып табылады.  Стероидты гормондар көбінесе бүйрек үсті безінің  қабығында, жыныс бездерінде холестериннен синтезделеді.

Стероидты гормондардың рецепторлары клетка ішінде – цитоплазмада орналасқан.

Нысана-клеткамен кездескен кезде өзінің май еріткіштігіне және шағын мөлшеріне сәйкес стероидты гормондар цитоплазма мембранасы арқылы өтіп кетеді. Клетка ішіне енгеннен кейін стероидтар арнаулы рецепторлармен байланысады. Осылайша құралған гормон-рецептор жиынтығы әрі қарай ядроға өтеді. Ядроға енген гормон-рецептор жиынтығы хромотиннің арнайы бөлігімен байланысады және белгілі бір гендер транскрипциясының жылдамдығын өзгертеді. Транскрипция а-рнк молекуласының көбеюіне себеп болады да, онда белоктар синтезі күшейеді. Мұндай стероидты гормондардың көмегімен іске асатын процесс индукция деп аталады.

https://www.youtube.com/watch?v=Rj9sx7SbJOY

Гормондардың екі әрекет ету механизмдерін көрсететін анимация:

Жеке тапсырма

Рефлексия

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу