Жаһандық жылыну. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сыныбы: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ тақырыбы | Жаһандық жылыну. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Оқушылар орындай алады: 11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық өзгеру салдарын болжау | ||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: Мүмкін болатын климаттың жаһандық өзгеру салдарын болжау | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар орындай алады:
| ||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Климаттың жаһандық өзгеруі салдарын аргументтеу және түсіндіру үшін сәйкес келетін терминология мен сөйлемдер жиынтығын қолданады. Пәнге қатысты лексика мен терминология жылыжай эффектісі, климат өзгеруі, жаһандық жылыну, ластану, салдары, сел жүруі, қалдықтар, қауіпсіздік, алдын ала болжау, көмірқыцшқыл газы, энергия, орман ағаштарын кесу, метан, температура, қышқылдану (теңіздерде) бейімделушілік, шөлге айналу, қуаңшылық, жойылу, мұздықтардың еруі, ауа райының экстремалды жағдайлары, мекен ету ортасының жойылуы, теңіз деңгейі, нақтылық, корреляция, есептеу, кері байланыс. Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы Х тобы болжайды, Ү болу, себебі .... Ү-ң зерттеулерін негізге ала отырып, Х тобы осындай қорытындыға келді, … Х құжаттар/зерттеу жұмысы шынайы емес, себебі … Мәліметтер шынайы болып табылады, өйткені … | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершлігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия | ||||||
Алдыңғы білімдер: | Биосфера, экожүйе, популяция: 7 - 10 сыныптар. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері: 7 - 10 сыныптар. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
| Оқушылармен амандасу Сіздердің көңіл күйлеріңіз қандай? Оқушылардың бүгінгі сабақтағы көңіл күйлерін смайлик арқылы біліп аламыз Тақырыпты ашуға негіз ретінде презентациядан 3 қатарға 3 түрлі сурет бойынша сұрақтар беріледі. Суреттен не байқадаңыздар? Бұл көрініс туындау себебі неде? Бұндай көріністердің арты неге әкелуі мүмкін? Осыдан келіп сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушыларға таныстыру. Ғаламдық жылыну туралы бейне жазба көрсету. | Жаһандық жылыну туралы ақпарат http://www.worldwarming.info/ https://www.youtube.com/watch?v=Uyfo4ffF51U | |||||
Сабақтың ортасы 10-13 13-18 18-35 | Мағынаны тану: Ғылыми деректер бойынша ғаламдық жылынудың негізгі мәселелері бірнеше гипотезаларды қарастырады, соның ішінде төртеуіне тоқтайық:
Мұғалім осы аталған гипотезалар бойынша оқушыларға қысқаша түсінік береді. 4 түрлі карточкалар дайындау арқылы таңдауларына қарай топқа бөлу. Бірінші топ: Адам әрекетіне байланысты климат өзгерді Екінші топ: Табиғаттың әсерінен климат өзгерді Үшінші топ: Басқа ғылыми дәлелдемелер де бар Төртінші топ: Мен ғаламдық жылынуға сенбеймін
Алдарына алдан ала ғылыми баспалардан және ғылыми емес газет/журналдарды қоса алынған жаһандық жылу туралы мақалаларды таратып шығыңыз Мәліметтердің шынайлығы, жасалған болжамды негізге алып, ақпарат қайдан алынды?/шынайы ма?/ әлемдік масштабта қолданылады ма? Мәліметтер үшін басқа да түсініктер бар ма, яғни CO2 басқа, назар аударылуы қажетті басқа да факторлар бар ма (күн дақтары?, табиғи циклдер?) Орын алған жағдайлардың себебі туралы сұрақтар қойыңыз. Осындай дәлелдемелерді келтірген жағдайда әр топқа (жаһандық жылыну;мұхиттардың жылынуы; мұздықтардың кішіреюі; қар жамылғысының жұқаруы; әлемдік мұхит деңгейінің жоғарылауы;Арктика мұздықтарының мөлшерінің кішіреюі;мұхиттардың қышқылдануы.) бойынша постер қорғауды ұсыныңыз. Әр топ бір бірін төмендегі бағалау критерйлері бойынша бағалайды. Бағалау критерийлері мысалдар арқылы өз дәлелдемелерін түсіндіреді; өз аргументтерін қолдау үшін ғылыми мәліметтер мен дәлелдемелер қолданады; өз дәлелдемелерін басқа пәндермен байланыстырады (физика, химия, география, математика, тарих); келтірілген дәлелдемелерге байланысты болашақтағы өзгерістерді болжайды; | Жаһандық жылыну туралы нақты мәліметтер келтірген НАСА сайты https://climate.nasa.gov Халықаралық экологиялық портал http://www.ecolife.ru/index.shtml | |||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия мұғалімнің сұрақ қоюы негізінде жүзеге асады:
| ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақтың ой-қозғау бөлімінде әр түрлі деңгейде жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес жақын арадағы даму аймағы анықталады. Оқушылардың алған білімдерін тексеру барысында оқушылардың қабілеттері ескеріле отырып әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылады. | Сабақтың ой қозғау бөлімінде «Блум түймедағы» әдісі қолданылады. Оқушылар мұғалімнің нұсқау картасын негізге алып, сыныптастарын бағалайды. Мағынаны тану кезеңінде карточкалардағы тапсырмаларды орындау арқылы жақын арадағы даму аймағы айқындалады. | Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру