Гормоналды сигналдардың мембрана рецепторлары арқылы берілуі. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Гормондарды әсер ету механизмі

 Қанға қосылған гормондардың әсері іс жүзінде зат алмасудың барлық жағына бірдей таралады. Гормон әсерін іске асыру үшін өзінің нысана-жасушасын білуі тиіс. Гормондарды танитын жасуша компоненті рецептор деп аталады.

 Рецепторлар-гормондарды байланыстыра алатын нәруыздар. Рецепторлардың өзіндік ерекшелігі болады. Мәселен, активтену үшін гормон молекулалары мен олардың сәйкестігі «құлыпқа дәл келген кілт» сияқты, субстраттың ферментің активті центріне «үйлесе алғандай» болуы керек.

Әрбір гормонның өздеріне меншікті рецепторлары болады. Нысана-жасушаның бірнеше мың рецепторлар-нәруызы болады. Мысалы, стероидты гормондарға 10 000 шамасындай рецепторлар арналады. Әр рецептор гормонның бір молекуласын қайтымды байланыстыра алады.

 Гормондар бір-бірінен химиялық табиғаты, физикалық, химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Гидрофильдік қасиетіне қарай гормондар әсері молекулалық механизімнің екі екі жолын қарастырады. 1) Нәруыздық, пептидтік гормондармен мен аминқышқылдың туындылары болып табылатын гормондардың гидрофильдік қасиеті бар. Оларға тән нәрсе-әсер ету механизмі ұқсас болады. 2) Стероидты гормондар гидрофобты болады. Олардың әсер ету механизмі гидрофильді гормондар әсері механизмінен өзгеше келеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу