Кері байланыс принциптері. Биология, 11 сынып, презентация.
Далада температура + 400С ыстық болса да біздің дене температурамыз бірқалыпты 36,60С болып тұрады. Не себепті деп ойлайсыздар?
Кері байланыс принциптері
Оқу мақсаты: 11.1.7.1 биологиядағы басқару жүйесін сипаттау
Сабақтың мақсаты:
кері байланыс ұғымына анықтама береді;
кері байланыстың түрлерін ажыратады;
кері байланысты температураның, көмірқышқыл газы мен глюкоза деңгейінің реттелуі мысалында түсіндіреді
Терминология
Ағзада, әдетте, барлық құбылыстар мен рефлекстік әрекеттер кері байланыс арқылы тұрақтылықты сақтап отырады.
Кері байланыс деп әрекеттің нәтижесі немесе қажеттілігі туралы қабылдағыштан басталатын ақпаратты орталық жүйке жүйесіне жеткізетін байланыс жолын айтады.Кері байланыс
Оң кері байланыс
Теріс кері байланыс
Әрекеттік жүйедегі келіссіздікті жоюға бағытталған сигналдарды жеткізеді
Жүйедегі келіссіздікті жоймайды, керісінше күшейтеді
Мәселен, дененің температурасы көтерілгенде, терідегі капиллярлар кеңейіп, жылу шығаруды ұлғайтады
Бұған мысал ретінде артериялық гипертензияны (қысымның жоғарлауы), қуықтың несеп шығару кезінде жиырылуын келтіруге болады.
Кері байланыс әсері
Ағзаның ішкі орта тұрақтылығын сақтауда өздігінен реттелу механизмі қажет. Көптеген жануарлар бұл тұрақтылыққа теріс кері байланыс арқылы қол жеткізеді.
Теріс кері байланыс әрекеттік жүйедегі келеңсіздікті жоюға бағытталған ұйғарымдарды жеткізеді. Мәселен, дененің температурасы көтерілгенде, терідегі капиллярлар кеңейіп, жылу шығаруды ұлғайтады, ал кәдімгі термостат - температура жоғарыласа, қыздыруды басып, жылу өндіруді азайтады. Бұл екі жағдайдағы кері байланыс әсерінің нәтижесі бірдей – қалыпсыз жағдайдағы температураның көтерілуі жойылады, алайда оны реттеу тәсілі мен тетіктері әртүрлі.
Оң кері байланыс әрекеттік жүйедегі келеңсіздікті жоймайды, керісінше күшейтеді. Бұған мысал ретінде артериялық гипертензияны (қысымның асуы), куықтың несеп шығару кезінде жиырылуын келтіруге болады.
Кері байланыс қарапайым және күрделі жүйелердің өздігінен реттелу тетігінің негізі болып саналады. Тірі организм кері байланыс арқылы тіршілік жағдайларына бейімделеді.
Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады, ұдайы +36-37°С шамасында сақталады.
Бұл тұрақтылық терлеу, вазодилатация, вазоконстрикция, дірілдеу үдерістері арқылы жүзеге асырылады.
Дене температурасы жоғарылаған кезде терідегі тер бездері белсендіріліп тер бөліне бастайды.
Судың булануына көп энергия кететіндіктен, дене салқындайды.
Гипоталамус жылу реттеу орталығы болып табылады.
Мидағы гипоталамус терморецепторлары қандағы термоөзгерістерге сезімтал. Сол арқылы дене температурасын бақылайды. Ал терідегі терморецепторлар тері температурасын бақылайды.
Термореттелу
Тер безі саңылауы
Булану
Эпидермис
Дерма
Тер бөліну түтігі
Тер безі
Қан тамырлары
Терлеу (булану)
Тер бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі терінің сыртына саңылаулар түрінде ашылады. Тер безі терді қаннан шығарып, тер бөліну түтігі арқылы терінің үстіңгі қабатына алып келеді. Осы жерде булану процесі жүреді.
Көп жылу жоғалады
Дене температурасы көтерілгенде, теріасты қан тамырлары кеңейіп, жылу шығару үрдісі күшейеді де, ішкі ағзалардағы аққан қан көп мөлшерде теріге келеді.
Вазоконстрикция
Аз жылу жоғалады
Дене температурасы төмендегенде, теріасты қантамырлары тарылып, сыртқа жылу шығару қарқыны төмендейді.
Vasoconstriction & dilation
7
Вазодилатация
Термореттелу
Қалыпты деңгейі: 100 см3 90 мг
Глюкоза концентрациясының жоғарылауы қандағы су потенциалының өзгерісін тудырады.
Глюкоза деңгейі төмендегенде ағза энергия тапшылығына тап болады, ұлпалар тыныс алу қасиеттерінен айрылады. Себебі глюкоза тыныс алу үдерісінің субстраты болып табылады.
Қандағы глюкоза деңгейі үнемі тұрақты болуы тиіс
Глюкоза ағзаны тыныс алу кезінде энергиямен қамтамасыз етуші моносахаридті көмірсу болып табылады.
Белгілі бір уақытта қан құрамында не тым көп мөлшердегі не тым аз мөлшердегі глюкоза концентрациясы болады.
Тамақтану қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауын тудырады.
Қарқынды жаттығу қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуін тудырады.
Қандағы глюкоза деңгейінің өзгерісіне не ықпал етеді?
Глюкоза
Көмірсулар алмасуын реттеуде гипоталамуста орналасқан орталық (детектор) маңызды рөл атқарады. Бұл орталық гипофиз (регулятор) арқылы ішкі секреция бездеріне ықпал етіп, организмдегі көмірсулар алмасуын реттейді. Қан құрамындағы глюкоза деңгейін реттеуде кемінде алты гормон қатысады. Олар - инсулин, глюкагон, адреналин, өсу гормоны, кортизол және тироксин. Аталған гормондардың тек біреуі — инсулин ғана қан құрамындағы глюкоза деңгейін төмендетеді, ал қалған бесеуі - оны жоғарылатады. Ал, гормондардың бөліну қарқыны қандағы глюкоза деңгейіне байланысты өзгеріп отырады
Ағза қан құрамындағы глюкоза деңгейін қалай реттейді?
Ағза глюкоза деңгейін реттеу үшін гормондарды пайдаланады.
Инсулин қандағы глюкоза деңгейін реттейтін гормон болып табылады.
Қандағы глюкоза деңгейінің реттелуіне көмектесетін мүшелер:
Бауыр
Ұйқы безі
Инсулин – ұйқы безінен бөлінетін, қандағы глюкоза деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп тұратын гормон.
Д/З: Үй тапсырмасы. Оқулық пен жұмыс Биология Грин, Стаут, Тейлор 2 том, бет 400-408.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру