Температура/көмірқышқыл газының концентрациясы/ глюкоза деңгейін мысалындағы теріс кері байланыс принципі. Биология, 11 сынып, презентация.
11.3 В Координация және реттелу
Температура/көмірқышқыл газының концентрациясы/ глюкоза деңгейін мысалында теріс кері байланыс механизмінің жұмыс істеу принципін сипаттау .
Бағалау критерийлері :
1. Ағзадағы тұрақтылықты реттеу механизміндерін сипаттайды.
2. Он кері байланыс пен теріс кері байланысты ажыратады.
3.Теріс кері байланыс механизмін ағзадағы температура, көмірқышқыл газы концентрациясыны мен глюкоза деңгейінің реттелуі мысалында сипаттай алады..
Оқыту мақсаты: 11.1.7.1 – биологиядағы басқару жүйелерін сипаттау
Сабақ мақсаты:
1. Теріс кері байланысты гомеостаздың реттеуші механизмі ретінде сипаттау.
2. Оң кері байланысты гомеостаздың (стресс кезінде) реттеуші механизмі ретінде сипаттау.
3. Температураның /көмірқышқыл газының деңгейін/ глюкоза деңгейін реттеуді сипаттау.
Терминдермен жұмысы
Биологиядағы басқару жүйелері
ГомеостазГомеостаз - бұл өзін-өзі реттеу, ағзаның динамикалық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған үйлестірілген реакциялар арқылы өзінің ішкі күйінің тұрақтылығын сақтау қабілеті.
Реттелудің екі түрін салыстырыңдар
https://www.youtube.com/watch?v=b6m35PlH7t8
Реттелудің екі түрін салыстырыңдар.
https://www.youtube.com/watch?v=b6m35PlH7t8
Биологиядағы басқару жүйелері – реттеуші жүйелер.
«Барлық реттеу жүйелерінің жұмысы бір сызба бойынша құрылады. Реттеуші қандай да бір эффекторға басқарушы әрекет етеді, ал осы эффектордың күш әрекетінің есебінен қандай да бір көрсеткіш – реттелетін параметр өзгереді. Адам ағзасында жүйке жүйесі, эндокринді және иммундық жүйелер реттеушілер, ал барлық мүшелер дерлік – эффекторлар болып қызмет етеді».
Адам ағзасында реттегіштер:
-жүйке жүйесі;
-эндокриндік жүйе;
- иммундық жүйе.
Ал эффекторлар - бұл іс жүзінде ынталандыруға жауап беретін барлық органдар.
Сөздер банкі:
Стимул ДетекторРегуляторЭффекторКез-келген басқару жүйесінің негізгі компоненттері
Кез-келген басқару жүйесінің тиімділігінің өлшемі - басқарылатын параметрдің тиісті (оңтайлы) деңгейден ауытқу дәрежесі және осы деңгейге қайтару жылдамдығы.
Гомеостатикалық тетіктерде тербеліс еркіндігі болуы керек, өйткені бұл тербелістер басқару жүйесін іске қосып, айнымалыны оңтайлы мәнге қайтарады.
Мұндай жүйелер олардың компоненттерінің осындай байланысына негізделген, онда шығуды кіріс арқылы реттеуге болады, яғни. олар кері байланыс принципі бойынша әрекет етеді
Кері байланыс түрлеріКері байланыс теріс және оң болып бөлінеді.
Ағзаның ішкі орта тұрақтылығын сақтауда өздігінен реттелу механизмі қажет. Көптеген жануарлар бұл тұрақтылыққа теріс кері байланыс арқылы қол жеткізеді.
Теріс кері байланыс әрекеттік жүйедегі келеңсіздікті жоюға бағытталған сигналдарды жеткізеді. Мәселен, дененің температурасы көтерілгенде, терідегі капиллярлар кеңейіп, жылу шығаруды ұлғайтады, ал кәдімгі термостат - температура жоғарыласа, қыздыруды басып, жылу өндіруді азайтады. Бұл екі жағдайдағы кері байланыс әсерінің нәтижесі бірдей – қалыпсыз жағдайдағы температураның көтерілуі жойылады, алайда оны реттеу тәсілі мен тетіктері әртүрлі.
Оң кері байланыс әрекеттік жүйедегі келеңсіздікті жоймайды, керісінше күшейтеді. Бұған мысал ретінде артериялық гипертензияны (қысымның асуы), куықтың несеп шығару кезінде жиырылуын келтіруге болады.
Оң кері байланыс мысалы
Оқылған ақпарат бойынша «Оң кері байланыс және теріс кері байланыс» Венн диаграммасын толтырыңыз.
Дескрипторлар:
1. Теріс кері байланыс пен оң кері байланыстың айырмашылығын анықтайды.
2. Теріс кері байланыс пен оң кері байланыстың ұқсастығын анықтайды.
Венн диаграммасы
Топтық жұмысБағалау критерийлері:
Сызбаны зерттейді.
Сызбаға сипаттама жасайды: детекторды, регуляторды, эффекторды атайды.
Теріс кері байланыс механизмі мен принциптерін түсіндіреді.
І – топ: Температураның реттелуі мысалында теріс кері байланысты сипаттау
ІІ – топ: Көмірқышқыл газы мөлшерінің реттелуі мысалында теріс кері байланысты сипаттау
ІІІ – топ: Қандағы глюкозаның мөлшерінің реттелуі мысалында теріс кері байланысты сипаттау
І – топ: ағзадағы температураның реттелуі мысалында теріс кері байланысты сипаттау
Термореттелу — тірі ағзалардың сыртқы орта температурасына тәуелсіз дене температурасын белгілі бір шекарада ұстап тұру қабілеттілігі. Егер ағза дененің қалыпты температурасын ұстап тұра алмаса, ағзаның тепе теңдігі бұзылады.
Терморегуляция
Дене температурасы қалыпты жағдайдан төмендегенде орталық басқару жүйесі нерв импульстерін тері қан тамырларының тарылуына бағыттайды.
Дене температурасы одан әрі төмендегенде орталық басқару жүйесі қаңқа бұлшықеттеріне нерв импульстерін жібереді. Қаңқа бұлшықеттерінің еріксіз жылдам жиырылып, босаңсуы бұлшықет дірілін туғызады. Бұл үдеріс тыныс алу жиілігін арттырып, көп жылудың жинақталуына әсерін тигізеді. Температура қалыпты жағдай шегіне жеткенде орталық басқару жүйесі белсенділігін тоқтатады.
ІІ – топ: Көмірқышқыл газы деңгейінің реттелу мысалында теріс кері байланыс механизмін сипаттау
Оттегі және көмір қышқыл газының концентрациясы
Ағзаның әрбір жасушасына тіршілік үдерістерін жүзеге асыратын оттегінің артық қоры мен қорек қажет. Соңғы өнім ретінде көміртектің қос тотығы жасушаны зақымдап, зиянды деңгейге жетпестен бұрын жойылып отырылуы қажет.
Бұл жағдайдағы тұрақтылықты жасушаларды “жуып” өтетін ұлпа сұйықтығы жүзеге асырады.
Ұлпа сұйықтығының құрамында жасушалар сіңіріп алатын оттегі мен қорек көзі болады, сондай ақ ұлпа сұйықтығы көміртектің қос тотығын жасушаның соңғы өнімі ретінде қабылдап алады.
ІІІ – топ: Глюкозаны қандағы мөлшерінің реттелуі мысалында теріс кері байланысты сипаттау
1. Сабақта не қызықты болды;
2. Сабақта нені үйрендім;
3. Сабақта қандай қиындықтарға тап болдым.
Кері байланыс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру