Жүректің өткізгіш жүйесі. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Мүмкіндік болса медбикені немесе дәрігерді шақыртып, электрокардиограмманың жазбасын түсіру үдерісін демонстрациялауды сұрауға болады/ бейнематериалдарды/ анимацияларды қолдануға болады.
Жүрекшелер мен қарыншалардың жиырылуы мен босаңсуларын анықтауда және жүрек циклінің осы фазаларын электрокардиографта белгіленуін анықтауда мұғалім оқушыларға көмек бере алады.
Жүректің толық циклін қарастыру қажет: жүрекшелер мен қарыншалардың систоласы мен диастоласы.
Бейнебаян: Экг жазу және түсіру техникасы (қазақша)
5:38 мин.
https://www.youtube.com/watch?v=6KZRd5TSp6E
Практикалық жұмыс №1
Тақырыбы: Электрлі процестердің жүрек жұмысына әсері. ЭКГ(Электрокардиограмма).
Мақсаты: Жүрек электрокардиограммасын іс жүзінде практика арқылы анықтай білу.
Құрал-жабдықтар: компьютер USB,
«Сobra 4 Wireless Manager» хабарлағыш -1 шт.(флешка),
«Сobra 4 Wireless Link» қабылдағыш -1 шт.,
Сobra 4 «Электрофизиология» датчигі-1шт,
Электрофизиология үшін түрлі-түсті сымдар -1шт,
ЭКГ датчиктеріне арналған электродтар(жабысқақ)-1шт,
Электродтарға арналған тісті қысқыштар-1шт,
(электрофизиология).
Жұмыс барысы:
- Зерттеу үшін екі адам керек, біреуіне электродтар бекітіледі, ал екіншісі компьютерде жұмыс істейді.
- Біреуінің білезік сүйегінің оң және сол ішкі жағына жабысқақ бетімен бір электродтан, және сол аяқ жіліншігіне бекіту керек. Зерттелетін адам босаң күйде отыруы керек.
- Тісті қысқышпен түсті сымдарды электродтарға қосыңыз: қызылды оң білезіктегі электродқа, сарыны сол білезіктегі электродқа және жасылды аяқтағы жіліншіктегі электродқа.
- Сосын электродтар сымын Сobra 4 «Электрофизиология» датчигіне қосыңыз: қызыл сымды « + » белгісіне; сары сымды « - » белгісіне; жасыл сымды «Ref» белгісіне шаншыңыз.
- Компьютердің USB шығысына «Сobra 4 Wireless Manager» хабарлағышын (флешканы) қосыңыз.
- Экраннан «Сobra 4 өлшеу» басыңыз.Өлшеуге арналған құрал автоматты түрде анықталады.
- «ЭКГ» өлшеу типін таңдаңыз.
- Компьютерден жүрек соғысының графигін зерттейміз.
- 5-сек. кейін өлшеуді тоқтатамыз.
Қорытынды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру