Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек автоматиясы механизмі. Биология, 10 сынып, презентация.


 

 

 

 

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері

Оқу жоспары

«Биология»

10 сынып

Жаратылыстану-математикалық бағыт

 

 

 

 

10.4 С: Биомедицина және биоинформатика

Алдыңғы білім: 8 - сынып. Қан айналым жүйесі.

9 - сынып. Қоректену және тасымалдау.

Күтілетін нәтиже:

Жүректің өткізгіш жүйесі туралы түсінік қалыптастыру;

Жүрек автоматиясы механизмі туралы түсінік қалыптастыру;

Бір жүрек циклінің электрокардиограммасының PQRST тісшелерін сипаттау.

Жүрек автоматиясының механизмдері түсіндіріледі.

Жүрек жұмысындағы ауытқушылықтарды диагностикалауда электрокардиографияны қолданудың кейбір аспектілері қарастырылады.

Жүректің өткізгіш жүйесі.

Жүрек автоматиясы механизмі.

Сабақтың мақсаты:

Жүректің өткізгіш жүйесі туралы түсінік қалыптастыру;

Жүрек автоматиясы механизмі туралы түсінік қалыптастыру;

Бір жүрек циклінің электрокардиограммасының PQRST тісшелерін сипаттау.

Жетістік критерийі

Терминдер

Проблемалық сұрақ

«Жүрек тоқтап қалғанда не себепті дефибриллятор қолданады?»

Жүрек жасушаларының негізгі қызметтері, қасиеттері

Автоматизмдік қызметі

Рефракторлық қасиеті

Өткізгіштік қызметі

Жиырылғыштық қасиеті

Қозғыштық қасиеті

Жүрек автоматизмі жүректің өзінде пайда болатын импульс  (серпін) әсерінен жиырылу қабілеті. Импульс екі жүрекше мен екі қарыншаның бұлшық ет қабырғаларына беріледі де олардың жүйелі ырғақты жиырылуын туғызады.

Қозғыштық - бұл жүрек жасушаларының электрлік импульстар арқылы қозуы. Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық,

химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады.

Рефрактерлік- қозу үстіндегі жүрек етінің тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті.

Жиырылғыштық -қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады.

Өткізгіштік жүрек жасушаларының

электрлік импульстерді өткізуі.

Жүректегі электрлік үрдістерге

шолу

Жүректің өткізгіштік

жүйесі

1-Синусты (синоатриальды

немесе Кисс-Флек) түйін

ұзындығы 15 мм, ені 5мм, қалыңдығы 2мм болатын оң жақ жүрекшенің жоғарғы бөлігінде орналасқан түйін.

1

Жүректің өткізгіштік

жүйесі

2-AV (АВ) түйін

Жүрекше қарыншалы жүйе. Жүректің өткізгіштік ұлпасының осін құрайтын, ұзындығы 5-6 мм, ені 2-3 мм болатын А-бәсең, V-жылдам өткізгіш каналдарынан тұрады.

2

Жүректің өткізгіштік

жүйесі

3-Гисс шоғыры жүрекшелі-қарыншалы шоғыр. Жүрекше миокарды мен қарынша миокардын байланыстырады.

Қарыншааралық пердешеден шоғыр оң және сол аяқшаға бөлінеді. Гисс шоғыры бағанасының жалпы ұзындығы - 8-18 мм, ені - 2 мм. Өткізгіш сегменті АV

түйінінің артерия қантамырымен байланысқан.

3

Жүректің өткізгіштік

жүйесі

4-Пуркинье талшықтарын өткізгіш миоцит жасушалары құрайды. Жиырылғыш кардиомиоциттермен салыстырғанда ашық реңді, миофибрилдері аз болады. Бұл жасушалар Гисс шоғыры мен оның тармақтарында жатады. Олар арқылы қозу қарынша миокардының жиырылғыш кардиомиоциттеріне өтеді.

4

Жүректің өткізгіштік

жүйесі

Оң жақ жүрекше

Синусты түйін

АV- түйін

Гисс шоғыры

Пуркинье талшықтары

Гисс шоғырының аяқшалары

Сол жақ жүрекше

Жүректің қозғыштық

қасиеті

Поляризация

Мембрананың өткізгіштігі төмен болғандағы тыныштық қалпы. Мембрана сыртында натрий және кальций иондары, ал ішінде калий иондары болады. Яғни мембрана беткейінде потенциалдар айырмашылығы жоқ. Мембрана сырты оң зарядталған, ал іші теріс зарядталған болады.

Жүректің қозғыштық

қасиеті

Деполяризация

қозу импульстерінің әсерінен жасуша мембранасының өткізгіштігі жоғарылайды. Мамандандырылған ферменттер натрий және кальций иондарын мембрана ішіне , ал калий иондарын сыртқы беткейіне шығарады. Мембрана беткейінде потенциалдар әр түрлі болады.

Натрий концентрациясының жоғарылауы

Жүректің қозғыштық

қасиеті

Реполяризация-

қозудан тыныштық қалыпқа өту. Натрий және кальций иондары жасуша мембранасынан сыртқа қарай, калий иондары жасуша ішіне қарай өтеді. Нәтижесінде келесі қозу импульстері өткенге дейінгі тыныштық қалып сақталады.

Натрий концентрациясының жоғарылауы

шығады

ішке қарай енеді

Жүректің электрлік жүйесі

дұрыс жұмыс

істемесе, не болады?......

Вольф-Паркинсон-Уайттың синдромы (WPW)

Тумалы жүрек құрылымдарының аномалиясы.

Жүректегі электрлік импульстердің өтуі барысындағы ауытқулар.

Кент шоғыры оң және сол жүрекшелердегі немесе қарыншалардың біріндегі аномальді шоғыр.

АV –өткізгіштігінің Махейма талшықтары, Джеймс шоғыры, Брешенмаше тракты сияқты аномальді жолдардың пайда болуы.

Бұл шоғыр WPW синдромының патогенезінде маңызды рольге ие.

Қосымша шоғыр импульсті жылдам таратуының нәтижесінде интерваларалықтары P — R (P — Q) қысқа болады.

WPW синдромы АV түйінінің кез-келген өткізгіштігінің нәтижесінен туындаған жүрек ауруларынан пайда болады.

Адамдарда себепсізден себепсіз талма пайда болады.

WPW синдромы, аритмия талмасымен үнемі пайда болуы, жүректің ішкі гемодинамикасын бұзып, жүрек камераларының кеңеюі мен миокардтың жиырылғыштығының төмендеуіне алып келеді.

WPW синдромындағы

реципрокты тахикардия

Синусты түйін

АV- түйіні

Кент шоғыры

Электрлік импульс

WPW синдромы

Брешенмаше тракты

Джеймс шоғыры

Жүректің қалыпты өткізгіштік жүйесі

Вольф-Паркинсон-Уайттың синдромы

Қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау

1

Электрокардиографияның

мәнін түсіндіру

Электрокардиография дегеніміз —жүрек еті қозған сәтте пайда болатын электр құбылысын жазып алу әдісі.

Электрокардиографпен жазып алынған қисық сызық электрокардиограмма

деп аталады.

Электрокардиография дегеніміз —жүрек еті қозған сәтте пайда болатын электр құбылысын жазып алу әдісі. Электрокардиографпен жазып алынған қисық сызық – электрокардиограмма д.а.

Электрокардиографияны сипаттайтын видеоматериалды тамашалайық!

Видео 1

Электрокардиограмма

-толқыны

-комплексі

-толқыны

Электрокардиограмма

қисық сызығын талдау

Р тісшесі -жүрекше деполяризациясы және жүрекше систоласы кезіндегі қозудың синоатриальды шоғырдағы таралуы.

QRS-комплексі -

қарыншалар систоласы.

Т тісшесі -

қарыншалар диастоласы.

тісше

тісше

комплесі

Қалыпты пульс

Жылдам пульс

Төмен(бәсең) пульс

Қалыпсыз пульс

Қалыпты

Электрокардиография

Жүректің дұрыс және кезектен тыс (аритмия) жиырылу үрдістерін анықтайды.

Миокардтың созылмалы ауруларын (миокард инфарктын,  миокард ишемиясы) анықтайды.

Кейбір электролиттер мен калий, кальций, магнийдің ауытқуларын анықтайды.

Жүректің өткізгіщтік қасиетінің ауытқуларын анықтайды.

Скрининг арқылы жүректің  ишемиялық ауруларын анықтайды.

Жүректің физикалық қалпын көрсетеді.

Жүректің патологияларын диагностикалайды.

Тапсырма №1

Топтық тапсырма: (топта 3-4 оқушы)

Оқушылардың :

1- тобы: Электрокардиограмманың жасалу себептерін анықтайды;

2 -тобы: ЭКГ-ның жұмыс жасау механизімін сипаттайды;

3-тобы: Берілген электрокардиограмманы сипаттайды.

Тапсырма №2

Кластер құрастырыңыз

Критерийлер:

Ақпарат нақты, әрі түсінікті берілген.

ЭКГ тісшелерінің жүрек бөлімдерімен байланысы мен қолданылу аясы нақты көрсетілген.

Тапсырма №3

ЭКГ-ң тісшелерін белгілей отырып, жүрек жұмысының сызбасын құрастыру

Қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Тапсырма №4

Мәтінмен жұмыс

Тапсырма №4

Тест жұмысы.

Қосымша 2.

Кері байланыс “Бағдаршам”

Түсінгенін білу үшін қолданыңыз.

Мысалы:

Қызыл түс түсінген жоқпын;

Сары түс әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

Жасыл түс барлығы түсінікті.

Пайдаланылған әдебиеттер

тізімі

Оқулықтар:

Д.Тейлор, Н.Грин, У. Стаут «Биология » II том

Ғаламтор беттерінен:

http://1referat.kz/biologiya-valeologiya-zoologiya-anatomiya-medicina/elektrokardiogramma.html

http://helpiks.org/2-21473.html

https://ru.wikipedia.org/wiki/%

https://www.youtube.com/watch?v=RYZ4daFwMa8

https://www.youtube.com/watch?v=BKVv6v-Hd0A

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу