Пассивті тасымалдаудың маханизмі: қарапайым тасымалдау, жеңіл диффузия. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Мембрана арқылы заттардың тасымалы
Мембрана арқылы заттардың тасымалымен жасушаның метаболизм үрдістері, биоэнергетикалық үрдістер, биопотенциалдардың пайда болуы, жүйке импульсінің өндірілуі және т.б. байланысты. Биомембрана арқылы зат тасымалының бұзылуы әртүрлі патологияларға әкеліп соғады.
Биофизикада заттың тасымалы дегеніміз заттың жасушаға не одан қоршаған ортаға орын ауыстыруы. Мембрананың өзі арқылы белгілі бір заттарды өткізу қабілеттілігі мембрананың өткізгіштігі (өтімділігі) деп аталады.
Енжар - ЕТ (пассивті)
Енжар тасымал дегеніміз электрохимиялық потенциалының мәні жоғарғы орыннан төменгі орынға қарай заттың тасымалы. ЕТ қандайда бір градиентте жинақталған энергияның есебінен, өздігінен жүреді және жасушаның метаболизм үрдісінің энергиясы (АТФ гидролизінің энергиясы) осы тасымалға тікелей жұмсалмайды.
ЕТ әрқашан градиенттер бағытымен жүреді, яғни энергиясы жоғарғы деңгейден энергиясы аз деңгейге қарай.
Мұндағы j- тасымалданатын зат ағынының тығыздығы.
Диффузия
Диффузия- енжар тасымалдың негізгі механизмі болып табылады. Диффузия- молекулалардың хаосты жылулық қозғалысы әсерінен заттың таралымы жоғары орнынан таралымы төменгі орынға өздігінен өтуі. Диффузияны математикалық жолмен сипаттаған Фик болған. Липидті биқабат арқылы заттардың диффузиясы мембранадағы заттың таралымының градиентімен жүреді.
Осмос
Осмос- жартылай өткізгішті мембрана арқылы еріген заттың таралымы аз жағынан көп жағына қарай су молекулаларының қозғалысы. Жартылай өткізгішті мембрана еріген затты өткізбейді, ал суға өтімді. Осмос- судың қарапайым диффузиясы, яғни таралымы көп жағынан таралымы аз жағына қарай судың тасымалы.
Белсенді - БТ (активті)
БТ- электрохимиялық потенциалының мәні төменгі орыннан жоғарғы орынға қарай заттың тасымалы. Мембранада белсенді тасымал өздігінен жүре алмайды. Ол АТФ қышқылының гидролиздену үрдісімен қатар жүреді, яғни бұл тасымал АТФ-те жинақталған энергияны жұмсау есебінен болады. Биологиялық мембрана арқылы белсенді тасымалдың тіршілікті қамтамасыз ететін үрдістерде маңызы аса зор. БТ әсерінен мембранада зат таралымының өзгерісі (градиенті), электр потенциалдарының өзгерісі, қысым өзгерісі, және т.б. тіршілікті қамтамасыз ететін үрдістер өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру