Иммунитет. Иммунитет түрлері. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Иммунитет жүйе.

Иммундық жүйе екі бөлікке бөлінген - гуморальдық иммунитет жүйесі және жасушалық иммунитет жүйесі. Гуморальдық иммунитетте қорғаныштық қызметін жасушалар емес, қан плазмасында орналасқан молекулалар (антиденелер) атқарса, жасушалық иммунитетте қорғаныштық қызмет иммундық жүйенің жасушаларымен тығыз байланысты.

  • Жасушалық иммундық жүйеде Т-лимфоциттер, ал гуморальдықта В-лимфоциттер болады.

Жасушалық иммунитет

  • Жасушалық иммунитет — антиденелер қатыспайтын иммундық жауап қайтару түрі. Жасушалық иммунитет барысында макрофагтар, Т-лимфоциттер және антигенге жауап ретінде цитокиндер бөлінеді.
  • Макрофагтар мен табиғи киллерлердің активтіленуі → жасушаның ішіндегі патогендерді жояды; цитокиндер секрециялары → туа пайда болған және жүре пайда болған иммундық жүйенің басқа жасушаларына әсер етеді.
  • Жасушалық иммунитет, фагоциттерде тірі қалатын микроорганизмдерге қарсы бағытталған.
  • Жасушалық иммунитет вирустармен инфекцияланған жасушаларға қарсы тиімді болып келеді.
  • Фагоциттік қасиеті бар Т-лимфоциттер антигенді таниды→ангтигенді өзіне қарай тартады→ антиген жасушаға енеді→ жасушадағы ыдырату қасиеті бар лизосома ангигенді жояды→ антиген қорытылады.

Гуморалды иммунитет жүйесі

  • Гуморалды иммунитет жүйесі – антигендерге қарсы антидене түзу қызметін атқаратын арнайы жүйе болып табылады.
  • Гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі жасушалары антидененің түзілуіне жауапты В-лимфоциттер болып табылады.
  • В-лимфоциттер - тимусқа (айырша безге) тәуелсіз лимфоциттер.
  • В-лимфоциттер — сүйектің қызыл кемігі майында түзіліп, тимусқа соқпай, оның ықпалына түспей қан арқылы тікелей шеткі қан жасау мүшелеріне (лимфа түйіндеріне, көкбауырға, лимфа түйіншелеріне) барып көбейіп, пісіп - жетіліп, белгілі бір антигендерге байланысты маманданып, әсерлі (эффекторлы) плазмоциттерге айналады.
  • Плазмоциттер организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сүйығына) антиденелер бөліп, адам мен жануарлар денелеріндегі сұйықтық (гуморальдық) иммунитетті қалыптастырады.
  • В-лимфоциттер организмдегі гуморальдық иммунитетке жауапты.

http://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=12724



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу