Иммунитет. Иммунитет түрлері. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


«Биология» ӘБ-нің жетекшісі ________________________ Каракучукова А.Б.

Сабақ жоспары

9.2A Қан және оның иммунитеттегі рөлі (Заттардың тасымалдануы )

Мектеп: НЗМ Петропавл қаласы

Күні:

Мұғалімдер:

Сынып:9

Қатысқандар саны:11

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Иммунитет. Иммунитет түрлері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

-гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- «иммунитет» түсінігін түсіндіреді

- гуморальдық және жасушалық иммунитеттің механизмдерін түсіндіреді

- гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстырады

 Бағалау критерийлері

- «иммунитет» түсінігін түсіндіре алады

- гуморальдық және жасушалық иммунитеттің механизмдерін түсіндіре алады

- гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыра алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар гуморальдық және жасушалық иммунитеттің механизмдерін жазбаша немесе ауызша түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

иммунитет, гуморальды иммунитет, жасушалық иммунитет, фагоцитоз, лейкоциттер, лимфоцит, моноцит, макрофаг, нейтрофилдер, қан, антиген, антидене.

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

Иммунитет – дегеніміз …

гуморальдық және жасушалық иммунитеттің механизмі …

Антидене –дегеніміз ...

Антигендер – дегеніміз ...

жасушалық иммунитеттің гуморальдықтан ерекшеленеді …

 Құндылықтар

 

Компентенттілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық, өмір бойы оқып іздену. Сананың ашықтығы.

 Дағдылар:

 Коммуникативтілік

 

 Сыни тұрғыдан ойлау

 

 Зерттеу

 АКТ қолдану

Топтық жұмыс (гуморальдық және жасушалық иммунитеттің механизмдерін оқу), жұптық жұмыс (гуморальдық және жасушалық иммунитетті сызба арқылы салыстыру)

Сабақтың басында миға шабуыл

Мәтін арқылы талдап зерттеу

Интернет-ресурстарды пайдалану.

 Пәнаралық байланыстар

Химия- иммунитетке қатысатын химиялық заттар

Бастапқы білім

Жүректің және қан тамырлардың құрылысы (8.2A бөлім)

Қан айналым жүйесінің маңызы (8.2A бөлім).

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0 – 1 минут

2 – 5 минут

(W) Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, қатысушыларды тексеру, қолайлы психологиялық жағдай жасау.

(W,Т) Оқушылармен миға шабуыл жасаңыз: Ағза қандай механизмдермен патогендерден қорғанады?

Мына тәсілдерге көңіл аудару: тері (баръер), талшықтар, асқазандағы тұз қышқылы, лейкоциттер (фагоцитоз).

ҚБ: миға шабуыл кезіндегі оқушылардың жауаптары бағаланады.

Оқушылармен сабақ тақырыбын, оқыту мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау және тұжырымдау.

Мұғалім журналы

Таратпа материал

Презентация

Сабақтың ортасы

6-8 мин.

9-20 мин.

21-30 мин.

31-35 мин.

36-38 мин.

(W,Т) Оқушылар мен «Иммунитет» түсінігін талдау.

ҚБ: мұғалім оқушылардың жауптарын бағалайды.

(G, f) Оқушыларға гуморальды және жасушалық иммунитет туралы ақпараттар ұсынылады (қағаз/интернет ресурст.).

Топтық жұмыстың бағалау критерийлері:

  • Иммунитеттің сызбасын көрсетеді;
  • Иммунитет механизмін сипаттайды;
  • Иммунитет механизмінің бұзылу салдарын сипаттайды.

ҚБ: 1.мұғалім оқушылардың жауптарын бағалап, көмек көрсетеді.

2. Оқушылар постерлерді өзара бағалайды, мына критерийлері бойынша:

  • Нақты ақпарат беруі;
  • Топ мүшелердің толық қатысуы;
  • Постердің безендіруі.

(Р, f) Оқушыларға гуморальды және жасушалық иммунитет туралы сызба ұсынылады. Оқушылар берілген сызбаны талдайды.

ҚБ: мұғалім оқушылардың жауаптарын бағалайды, көмек береді.

(I,f) Оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды.

Ең күшті оқушыларға қосымша есеп беріледі:

1. Жас баланы ит тістеп алды. Құтырудан оған егу жасау қажет пе? Бірақ оған екі жыл бұрын дәл осындай егу жасаған.

2. Мектепке дейінгі бала Медет қызылшаның жеңіл формасымен ауырып қалды, көп ұзамай тез жазылып кетті, бірақ оған ешқандай егу жасалмады.Бұны қалай түсіндіруге болады?

А. Табиғи туа пайда болған иммунитеті бар.

Б. табиғи жүре пайда болған иммунитеті бар

В. Жасанды иммунитеті бар

Г. Тромбоциттері бар

Д. Эритроциттері бар.

Ең әлсіз оқушыға келесі тұжырымдамалар мен сызбаларды пайдалана отырып, иммунитетті түсіндіруді ұсынылады:

Гуморальды иммунитет

Жасушалық иммунитет

Плазмадағы антиденелер

Антиген жасушада орналасқан да, Т-лимфоциттер пайда болады;

В-лимфоциттер

Құрамына цитокининдердің секрециясы болады, олар антигенді бұзатын химиялық заттар.

Плазмадағы антигенге әсер етеді.

Осы тұжырымдамалар карточкада жазылады, оқушылар оларды ретімен орналастырады.

ҚБ: мұғалім оқушылардың жауаптарын бағалайды.

Презентация

Таратпалар,

ноутбуктер, флип-чарт, фломастерлер

http://www.4lifemarket.ru/kletochnyiy-immunitet

Сызба

ҚБ тапсырмалары

Тұжырымдамалары бар карточкалар

Сабақтың соңы

(39-40 мин.)

Рефлексия.

Үйге: тақырыпты қайталау

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ байланыстар

Құндылықтармен байланыстар

Оқушылардың қабілеттеріне байланысты топты және тақырыпты таңдауы.

Сабақ соңында

дифференц.тапсырмалар ҚБ ретінде таратылады.

Пәнаралық байланыстар:

Химия- иммунитетке қатысатын химиялық заттар

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы:

Оқушылардың кабинетте қозғалуы және оқушылардың сымбаттылығын байқау

АКТ байланыстар:

Ноутбуктар мен интерактивті тақтамен жұптық жұмыс

НЗМ құндылықтарымен байланыстар:

Жұппен жұмыс достықты дамытады.

Қарым-қатынас жасау жұппен жұмыс істеу кезінде және сұрақтарға жауап беру арқылы дамиды.

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Мұғалім әр кезеңде бағалау жүргізеді. Топтық және жұптық жұмысты бағалайды

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу