Селекциядағы қолдан сұрыптаудың маңызы. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

 Жасанды немесе қолдан сұрыптау — адамға қажетті пайдалы белгілері мен қасиеттері бар дараларды жүйелі сұрыптап, көбейту жолымен жануарлардың жаңа колтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару. Жасанды сұрыптаудың нәтижесінде адам тек көздеген мақсатына сай, пайдалы колтұқымдар мен іріктемелерді шығарады. Жаңа іріктемелер мен қолтұқымдар шығару жұмысында адам организмдер белгілерінің өзгеруін негізге алады. Мұндай өзгерістер біртіндеп жинақтала түседі де, ол тұқымқуалайтын өзгергіштіктң пайда болуына жол ашады. Жасанды сұрыптау тиімді болу үшін, көбірек даралар арасынан таңдау жұмыстары жүргізіледі.

 Жасанды сұрыптаудың кезеңдері:

  • Қажетті белгілерді анықтау
  • Таңдалған белгілері бар дарақтарды таңдап алу
  • Дараларды будандастыру
  • Алынған нәтижелердің ішінен ең сапалысын іріктеу
  • Қайта шағылыстыру
  • Алынған қолтұқым немесе іріктемені оқшаулап жеке көбейту

Жасанды сұрыптаудың принциптері:

  • Қолдан сұрыптаудың нәтижесінде адам тек өз қажетіне жарайтын пайдалы қолтұқымдар мен іріктемелерді шығарады.
  • Жаңа іріктемелер мен қолтұқымдарды шығару жұмысында организмдер белгілерінің өзгеруін негізге алады.
  • Барлық мәдени іріктемелерді адамның қажетіне қарай сәйкестендіру, пайдалы белгілерді ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, біртіндеп күшейту, адамға пайдалы айқын көрінген белгілері бар дараларды оқшаулау.

2- қосымша

Мақсат: Отандық фермерлерге алманың сапасын арттыру жолы туралы кеңестер беру

Рөл: Улар мен ауруларға және ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімділігі жоғары алма алудың тиімді жолын арнайы мысалдар арқылы түсіндіре алатын ғалымсыз.

Аудитория: Өсірген алмаларының сапасы нашар болып, мәселенің шешімін таба алмай жүрген қазақстан фермерлері.

Жағдаят: Алмалар ауруларға төзімсіз, тез бұзылады. Фермерлерге көмек қажет.

Өнім: Фермерлерге көмектесетін арнайы плакат немесе нұсқаулық хатын әзірлеу.

Өзара бағалауға арналған рубрика

Категориялар

Стандарттан төмен

Стандартқа жақын

Стандартқа сай

Жоғары

Тұқымқуалау-шылық, өзгергіштік ұғымдары

Ұғымдар аталған

Ұғымдарды қолданған

мысалдар арқылы келтірген

Әрбір түсініктің тірі ағзалар үшін маңызы ескерілген

Қолдан сұрыптау әдісі

Қолдан сұрыптауды қалай қолдануға болатындығы жазылған

Қолдан сұрыптау әдісін пайдаланып, маңызды іріктемелер шығару жолы бар

Іріктемелерде қасиеттерді жақсарту жолдары ұсынылған

Іріктемелердегі қасиеттердің себептерін аша алған

Таныстырылым

Нұсқаулықтары бар, сызбалар нақты емес

Нұсқаулықтары ғылыми негізделген, сызбалар түсінікті

Нұсқаулықтарды мысалмен түсіндірген, сызба үлкен, нақты

Қосымша ақпараттарды қолданған



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу