Эмбриондық даму кезеңдері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4B Өсу және даму | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Эмбриондық даму кезеңдері (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.2.3.1 эмбриондық даму кезеңдерін сипаттау 8.2.3.2 әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасатын ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануын сипаттау | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Эмбриондық дамудың сатыларын, ұрық жапырақшаларынан түзілетін мүшелер мен ұлпалардың дифференциациясын сипаттауда қажетті терминологияны қолдана отырып, ауызша жазбаша сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Жыныстық және сомалық жасушалар, жыныс бездері, ұрықтану, эмбриогенез, сперматозоид, жұмыртқажасуша, гаметалар, зигота, эмбрион, бөлшектену, морула, бластула, бластомерлер, бластоциста, бластодерма, гаструла, гаструляция, нейрула, бластоцель, эктодерма, мезодерма. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Зигота ... арқылы бөлінеді. Бластула ... айналады. Бластула кезеңінде зигота...бөлінеді. Бластуланың соңында...пайда болады. Гаструла кезеңінде ...қалыптасады. Гаструланың соңында...пайда болады. Ішкі/ортаңғы/сыртқы қабат...деп аталады. Нейрула кезеңі...түзілуінен басталады. Нейруланың соңында...қалыптасады. Эктодермадан...,...,...дамиды. Энтодермадан...,...,..дамиды. Мезодермадан...,...,...дамиды. Мүшелердің қалыптасуы...деп аталады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Эмбриондық дамудың зерттелу тарихындағы ашылуларды қарастыру арқылы тарих пәнімен байланыстыруға болады | |||||
Алдыңғы білім | Оқушылар 7 сыныптан жасуша, ұлпа, мүшелер жүйесі ұғымдарын, кейбір мүшелер жүйелері туралы, 8-сыныптан асқорыту, зәр шығару, тыныс алу мүшелер жүйелерін, митоз бен мейоздың тірі ағзалар үшін маңызын біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Мұғалім оқушылардан «ұрықтану» терминіне анықтама беруді сұрайды. Оқушылардың анықтамаларын толықтырып, оның нәтижесінде не пайда болатынын сұрайды. Оқушылар зигота деп жауап бергенде одан қалайша тірі ағза дамып шығады деп сұрайды. Мұғалім зиготаның түзілуі эмбриондық дамудың бастамасы екендігіне назар аудартады. Оқушылардың пікірлері тыңдалғаннан соң мұғалім сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырады. | 1 -2 слайдтар
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Мұғалім таныстырылымның көмегімен оқушыларға эмбриондық даму кезеңдеріне қысқаша сипаттама береді. Әсіресе оқушылардың назарын эмбриондық даму кезеңдерінің әрқайсысында тек митоздық бөлінудің жүретініне аудару маңызды. Мұғалім сынып оқушыларын 4 топқа бөледі. 1-топ: Бластула 2-топ: Гаструла 3-топ: Нейрула 4-топ: Органогенез сатысын зерттеп, басқа топтарға түсіндіреді. Оқушыларға таныстырылым, видеоматериалдар мен ақпарат парақшалары, сызбалар ұсынылады. Түсіндірме кезінде оқушылар таныстырылымды пайдалана алады. Тыңдаушы оқушылар кесте немесе сызба толтырып, әр кезеңге тән үдерістерді жазып алады. Кейбір оқушылар қосымша ақпарат көздерінен өз білімдерін тереңдете алады. Мұғалім әр топ оқушыларына сұрақтар қойып, тиісті кері кері байланысты ұсынады. | 1 - қосымша 3-9 слайдтар | ||||
27-36 мин | Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ұсынылады. Кейбір оқушыларға қосымша тапсырма ұсынылады. | 2-3- қосымша | ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс «5- 5- 1» 5 - жаңалық 5 - мәселе 1 - ұсыныс | 11 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Кейбір оқушылар қосымша ақпарат көздерінен өз білімдерін тереңдету арқылы Оқушыларға таныстырылым, видеоматериалдар мен ақпарат парақшалары, сызбалар ұсыну арқылы Мұғалімнің ойлаудың әр түрлі деңгейлеріне сай қойған сұрақтары арқылы Кейбір оқушыларға интерактивті тақтада сызбаны толтыру тапсырмасын ұсыну арқылы (10-слайд) | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Ауызша жауаптар мен талқылаулар арқылы Сызбада түсіндірулері арқылы Кесте немесе сызба толтырулары арқылы Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық жұмыс кезінде абай болу. Топтық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру