Тері аурулары. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

 Теміреткінің негізгі белгісі – денеде ұсақ түйіндер пайда болып, адам қатты қышынады. Теміреткімен барлық жастағы адамдар ауырады, әсіресе 40 – 60 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі. Дерттің дамуына әр түрлі инфекцияның түсуі,  ағзада жүйке және иммунды жүйелердің бұзылуы, улану және аллергия жағдайлар әсер етеді. Теміреткі алғашқыда дененің кез келген жеріне қызарып, бөртпе болып шығады. Оның беті жылтыр, түйіннің (папуланың) ортасы ойыс, қызғылт күңгірт немесе алқызыл түсті, диаметр 2 – 3 см болады. Түйіннің жылтыр бетіне жарық түсірсе, оның реңі балауыз тәрізді екені анық көрінеді. Бірте-бірте түйіндер бір-бірімен қосылып, бетін ұсақ қабыршақтар жапқан, кішкентай қатпарлы табақшалар құрайды. Осы қатпарлы табақшалардың бетін өсімдік майымен сүрткенде терінің мүйізді қабатында ұсақ, ақшыл түсті нүктелерді және шырматылып жатқан өрмек торын көруге болады (Уикхем симптомы). Дерт жазылып кеткеннен кейін де ауру ошағының орнында тұрақты гиперпигментация (пигменттің шамадан тыс бөлінуі) сақталып қалады. Ауру күшейгенде қышымаға айналып, науқас адам, әсіресе, түнде қатты қышынып, ұйықтай алмай мазасызданады. Теміреткі адамның қолтығы мен шабына, ауыздың кілегей қабатына, білегіне, білезік буындарына, санның ішкі жағына, балтырға жиі шығады. Жазылып кеткен теміреткі адам ашуланса, ренжісе, та жағдайларда қайта шығуы мүмкін.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында жеке бас қауіпсіздігін сақтау ескертіледі.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Оқушылар ұсынылған ауруларға қоса видеоматериалдар мен 2-қосымшадан өз білімдерін тереңдете алады.

Сабақта жинаған білімдеріне сүйене отырып оқушылар TEDx форматындағы 3 минуттық әңгіме (выступление) дайындайды. Кейбір оқушылар бұл әңгімені жазбаша орындап, оқып бере алады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың әр аурудың белгілері мен алдын алу жолдарын ұсына білулері маңызды.

Оқушылардың сөйлеу шеберлігі, фактілер мен дәйектерге сүйене отырып, әңгімені қызықты нақты жеткізе білулері бағаланады.

  • Саралау тапсырмалары
  • Оқушылар терінің басқадай ауруларын зерттеп ақпараттар толықтыра алады.
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Ауызша жазбаша түрде тері ауруларын сипаттау тапсырмасы орындалады.

Бағалау критерийлері:

  • Тері ауруларының белгілерін сипаттайды
  • Пайда болу себептерін сипаттайды;
  • Алдын алу жолдарын қышыма, теміреткі, безеу бөртпелер мысалында түсіндіреді.

Дескрипторлар:

Тері ауруларының белгілерін атайды;

Тері ауруларының алдын алу жолдарын сипаттайды;

Тері күтімін жасау жолдарын ұсынады.

  • Сілтемелер мен ресурстар

Деректер: Жасөспірімдерде безеу неліктен шығады?

https://twig-bilim.kz/kz/film/factpack-why-do-teens-get-spots

Теріні қалай күту керек? https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/teri-zhane-zhylu-retteushilik/lesson/teri-kutimi

Күннің жағымсыз әсері: https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/teri-zhane-zhylu-retteushilik/lesson/teri-kutimi

Безеулер: https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/teri-zhane-zhylu-retteushilik/lesson/teri-aurulary

Себорея: https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/teri-zhane-zhylu-retteushilik/lesson/teri-aurulary



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу