Тыныс алу қозғалыстары (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Тыныс қозғалыстары. Өкпеде бұлшықет ұлпалары жоқ. Сондықтан олар өздігінен жиырыла алмайды. Тыныс алу қозғалыстары негізінен қабырғаралық бұлшықеттер мен көкеттің жиырылуы арқылы қамтамасыз етіледі. Көкет дегеніміз-адамның кеуде қуысы мен құрсақ қуысын бөліп тұратын бұлшықет.

Тыныс алғанда-қабырғааралық бұлшықеттер жиырылып, қабырғаларды көтереді. Көкет жайпақ болып, құрсақ қуысындағы мүшелерге қысым түсіреді. Нәтижесінде кеуде қуысының көлемі артып, өкпеқап қуысындағы қысым төмендейді. Осы кезде өкпе кеңейіп, қысым азаяды да, атмосфералық ауа өкпеге барады. Тыныс алу іске асырылады. Тыныс шығарғанда тыныс алу бұлшықеттері босаңсиды, қабырғалар басылады, көкет көтеріліп, дөңес болып, кеуде қуысының көлемі кішірейеді. Сонымен қатар өкпе көлемі кішірейіп, ондағы қысым жоғарлап, атмосфералық қысымнан сәл артып, ауа өкпеден шығарылады. Тыныштық күйінде ересек адам минутына 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасайды.

2- қосымша

Кестені толтырыңыз.

Тыныс алу қозғалыстары

Салыстыру белгілері

Тыныс алу

Тыныс шығару

Қабырғааралық бұлшықеттердің

Көкет

Кеуде қуысы

Өкпенің көлемі

Өкпедегі қысым

Атмосферадағы ауа

3-қосымша

Сурет бойынша тыныс алу мен тыныс шығарудың алгоритмін құрыңыз.

Критерий:

Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін түсіндіреді.

Дескрипторлар:

  • Тыныс алу мен тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттерді атайды.
  • Тыныс алу мен тыныс шығару кезіндегі бұлшықеттердің қозғалыстарын салыстырады
  • Тыныс алу қозғалыстарын ретімен сипаттайды
  • Тыныс шығару қозғалыстарын ретімен сипаттайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу