Даржарнақты, қосжарнақты өсімдіктер. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Тарау 8.1С: Тірі ағзалардың көптүрлілігі | Мектеп: | ||||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Даржарнақты, қосжарнақты өсімдіктер (жаңа тақырыпты меңгеру) | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажырату | ||||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: түрлі материалдарды пайдалана отырып, өсімдіктер бөлімінің негізгі белгілерін сипаттайды Кеппешөптерді пайдалана отырып, даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілерін сипаттай алады. Зертханалық жұмысты рәсімдеп, қорытынды жаза алады. Пәндік лексика және терминология: кіндік және шашақ тамыр, камбий, бір және екі тұқымжарнақ, жапырақтары қарама-қарсы және кезектесе орналасады, жүйкелену типтері, гүл бөлімдерінің саны. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Тамыр жүйесі болады......қосжарнақты өсімдіктерде ....,шашақты.... өсімідктерде. Доға тәрізді жүйкелену ..... Тамыр жүйесі болады......қосжарнақты өсімдіктерде ...., шашақты .... өсімідктерде. Доға тәрізді жүйкелену .... . | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу кезінде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Тірі ағзалардың таралуы және олардың дамуына факторлардың әсері, тірі ағзалардың географиялық таралуын қарастыру арқылы география пәнімен байланысады. | ||||||
Алдыңғы білім | 6-7 сынып бағдарламасынан оқушылар жүйелеуге анықтама бере біледі. Оқушылар тірі ағзалардың көптүрлілігі туралы тараудан жергілікті жердің экожүйесін, біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттап және тірі табиғатты бес патшалыққа жіктей біледі. 8-сыныптан өсімдік бөлімдерін біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | |||||
Сабақтың басы | |||||||
0-4 мин | Ой толғау: Оқушыларға бидай мен күнбағыс тұқымдары беріліп, оларды аршып салыстыру тапсырылады. Оқушылардың нені байқағандарын сұрап, талқылау жүргізіледі. Тұқымдардағы тұқымжарнақтың санына тоқталу кезінде сабақтың тақырыбы анықталады. Сабақтың мақсаттары анықталады. Ол үшін осындай тұқымдары бар өсімдіктерді қалай ажыратуға болатыны талқыланады. Оқушылармен бағалау критерийлері талданады. | 1- слайд Күріш пен күнбағыс тұқымы
| |||||
Сабақтың ортасы | |||||||
4-27 мин | Оқушыларға жұмыс парағы бойынша зертханалық жұмысты орындау тапсырмасы ұсынылады. Ол үшін оқушыларға екі класс өкілдерінің суреттері, тірі үлгілері беріледі. Видеоматериалдар мен ақпараттар ұсынылады. https://bilimland.kz/kk/home#lesson=12639
https://bilimland.kz/kk/home#lesson=12639 Жұмыс барысы: 1. Кеппешөптерді қарап , өсімдіктің атауын, оның мүшелеріндегі (жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры) ерекшеліктерді тауып, зерттеу жүргізеді. 2. Микроскоп көмегімен қосжарнақты және даражарнақты өсімдіктер сабағының көлденең кесіндісінің дайын микропрепараттарын қарау, олардағы өткізгіш шоқтардың орналасуына мән беру және камбийдің болуын анықтау. 3.Алынған нәтижені сызбаға толтыру. Мұғалім биологиялық сурет салу ережелеріне назар аудартады. (жапырақ тақтасы мен жүйкеленуі, тамыр жүйесі)
| Жұмыс парағы 2 - 3 қосымша 3-8 слайд | |||||
28-38 мин | Зертханалық жұмыс нәтижесі бойынша жұптық бағалау жүргізіледі. Сызбаларды мұғаліммен бірлесіп талдап, толықтырулар еңгізіледі. | 3- қосымша | |||||
Сабақтың соңы | |||||||
39-40 мин | Кері байланыс Бұл кері байланыс сабақтың барысына емес, тақырып маөзмұнына байланысты жүргізіледі. Мысалы, даражарнақтылар мен қосжарнақтылар туралы жақсы меңгерген білім «жетістік шыңы» болып саналады. | 9- слайд | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Жетелеуші сұрақтар қою арқылы орташа және төмен деңгейдегі оқушыларды қолдау; Қабілеті жоғары оқушылар орташа және төмен қабілеті төмен оқушыларды қолдап, өзара оқыту жүргізеді. Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру үшін ресурстың түрлі көздері (ақпарат парақшалары, видеом атериалдар, интернет көздері) ұсынылады. | ||||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Ой шақыру сұрақтарына жауаптар; Оқушылардың өзара бағалауы Оқушылардың ауызша жауаптары, сұрақтар қоюы, зертханалық жұмыс кезіндегі практикалық дағдылары, жұмысты орындай білуі, нәтижені рәсімдеуі, сурет сала білуі арқылы бағаланады. | ||||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Зертханалық жұмыс кезінде қолданылған материалдармен жұмыс кезінде абай болу. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Бөлме өсімдіктеріне аллергиясы бар оқушылармен абай болу Микроскоппен, үлгілермен жұмыс кезінде қауіпсіздікті сақтау. | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру