Айнымалысын бөліктеу арқылы шешілетін бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Алгебра, 11 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.
12.3В. Интегралдау мен дифференциалдау арқылы қолданбалы есептерді шешу.
Тақырып: Экспоненциалдық өсім мен ыдырау
- Физикалық есептер шығару схемасы.
Физикалық есептерді дифференциалдық теңдеу құрып шығару үш этаптан тұрады:
- Теңдеу құрастыру.
- Теңдеудің шешімін табу.
- Қойылған сұраққа жауап іздеу(шешімді зерттеу).
Теңдеудің шешімін табуды төмендегідей тізбекпен орындау ұсынылады:
- Берілген құбылыстың өзгермелі шамасын орнату.
- Ізделінді функцияны және тәуелсіз айнымалыны таңдау.
- Осы айнымалыларды байланыстыратын заңдылықты орнату.
- Есептің шарты бойынша бастапқы шартты анықтау және қосымша берілгендерді көрсету.
- Есептегі барлық негізгі шамаларды тәуелсіз айнымалы, тәуелсіз айнымалыдан тәуелді функция және оның туындылары арқылы бейнелеп алу.
- Физикалық заңдылықпен есептің берілгені бойынша теңдеу құру.
- Теңдеудің жалпы шешімін табу.
- Есептің бастапқы шартын пайдаланып, теңдеудің дербес шешімін және қойылған есептің жауабын табу.
- Дененің сууы туралы есеп.
1 – тапсырма. Ауаның температурасы 200С тең, 20 минут ішінде дене 1000С –тан 600С – қа дейін температураға суитыны белгілі. t уақытына байланысты дененің температураның өзгеру заңын және қанша t уақытта 250C болады?
Шешуі: Есептің шарты бойынша айнымалы уақыт пен дене температурасы болып табылады.
Оның ішінде, уақыт t – тәуелсіз айнымалы (сағат), ал температура T(t)0C – функция (Цельсия градус) берілген.
Физикалық заңдылықты пайдаланамыз: Дененің ауадағы суу жылдамдығы, дененің температурасы мен ауаның температурасының айырмасына пропорционал.Бастапқы шартты көрсетеміз: t0=0 минутта дене температурасы T0=1000C тең.
Пропорционалдық коэффициентті табу үшін қосымша шарттар берілген: t1=20, T1=600C.
Есептің сұрағы: егер T2=250C болғанда, t2 уақытты анықтау керек.
Туындының физикалық мағынасынан температураның өзгеру жылдамдығы дене температурасының уақыт бойынша туындысы болатынын аламыз.
Физикалық заңдылық бойынша теңдеуді жазамыз:
.
Жалпы шешімін табамыз:
,
– жалпы шешім.
Бастапқы шартты қоямыз: , бұдан .
Дербес шешімді жазамыз. коэффициентті табу үшін қосымша шартты пайдаланамыз:
, .
Енді ізделінді теңдеудің шешімін төмендегдей жазамыз:
.
T2=250C болғанда, t2 уақытты іздейміз:
, ,
мин.
Жауабы: , минут.
- Қоспа туралы есеп.
2 – тапсырма. 30л көлемді жабық ыдысқа ауа толтырылған (80% азот, 20% оттегі). Ыдысқа секундына 0,2л азот қосылып тұр, қосылған азот ыдыстағы ауамен араласады. Ыдыстан осындай көлемді қоспа ағызып алынып отырады. Қанша уақыттан кейін ыдыстағы қоспаның құрамында 90% азот болады?
Шешуі: t – уақыт (секунд), белгісіз айнымалы болсын.
– t уақыттағы ыдыстағы азот мөлшері.
Қолданылатын заңдылық: қандайда бір уақыттағы азоттың санының өзгеруі, осы уақыттағы қосылатын және ағып кететін азоттардың айырмасына тең.
Бастапқы шарт | Қосымша шарт | Есептің сұрағы |
t=0 | Қосылатын азот пен ағызылып алынатын қоспа 0,2 л/с | t1-? |
уақытта л азот қосылады, ал сондай мөлшерде қоспа ағызып алынды, бірақ қоспадағы азот , яғни - уақыттағы бір литр азоттың мөлшері.
Сонда:
теңдеудің жалпы шешімі.
болғанда . Демек, дербес шешім. Есептің негізгі сұрағына көшсек: болғанда,
, ,
- Топтық жұмысқа арналған тапсырмалар.
Дененің сууы туралы есептер.
1. Бөлме ауасының температурасы 100С тең, 20 минут ішінде дене 250С –тан 200С – қа дейін температураға суитыны белгілі. Қанша t уақытта дененің температурасы 150C болады?
2. Бөлме ауасының температурасы 00С тең, 20 минут ішінде дене 250С –тан 200С – қа дейін температураға суитыны белгілі. Қанша t уақытта дененің температурасы 100C болады?
3. Бөлме ауасының температурасы 150С тең, 40 минут ішінде дене 1200С –тан 800С – қа дейін температураға суитыны белгілі. 60 минуттан кейін Т дененің температурасы қандай болады?
Қоспа туралы есептер.
4. 20л көлемді жабық ыдысқа ауа толтырылған (80% азот, 20% оттегі). Ыдысқа секундына 0,1л азот қосылып тұр, қосылған азот ыдыстағы ауамен араласады. Ыдыстан осындай көлемді қоспа ағызып алынып отырады. Қанша уақыттан кейін ыдыстағы қоспаның құрамында 90% азот болады?
5. 30л көлемді жабық ыдысқа ауа толтырылған (80% азот, 20% оттегі). Ыдысқа секундына 0,4л азот қосылып тұр, қосылған азот ыдыстағы ауамен араласады. Ыдыстан осындай көлемді қоспа ағызып алынып отырады. Қанша уақыттан кейін ыдыстағы қоспаның құрамында 95% азот болады?
6. 60л көлемді жабық ыдысқа ауа толтырылған (80% азот, 20% оттегі). Ыдысқа секундына 0,3л азот қосылып тұр, қосылған азот ыдыстағы ауамен араласады. Ыдыстан осындай көлемді қоспа ағызып алынып отырады. Қанша уақыттан кейін ыдыстағы қоспаның құрамында 92% азот болады?
Жоғары деңгейдегі есептер
- 30 күннен кейін радиоактивті зат өзінің бастапқы мөлшерінің –ін құрайды. Неше күннен кейін бастапқы массасының жартысы қалады?
- уақыттағы бөлмеде тұрған заттың температурасының өзгеру заңдылығы:
мұндағы k – тұрақты коэффициент.
а) болатындығын көрсетіңіз, мұндағы А – тұрақты коэффициент.
б) t=0,Т=100 болғанда және t=15, Т=70 болғанда.
в) Т=40 болғанда t –ның мәнін табыңыз.
- Көрсетілген үлгідегі радиоактивті заттың ыдырау жылдамдығы оның санына пропорционал. Егер 50 граммның 48 грамы 10 жылда ыдырайтын болса, заттың жартылай ыдырау периодын анықтаңыз.
Үй жұмысы.
1. Бөлме ауасының температурасы 00С тең, 30 минут ішінде дене 300С –тан 25,50С – қа дейін температураға суитыны белгілі. 3 сағаттан кейін Т дененің температурасы қандай болады?
2. 90л көлемді жабық ыдысқа ауа толтырылған (80% азот, 20% оттегі). Ыдысқа секундына 0,4л азот қосылып тұр, қосылған азот ыдыстағы ауамен араласады. Ыдыстан осындай көлемді қоспа ағызып алынып отырады. Қанша уақыттан кейін ыдыстағы қоспаның құрамында 85% азот болады?
Қолданылған әдебиеттер:
- Е.М.Аксененко, Г.М.Чуванова. Применение дифференциальных уравнений к решению задач. Практикум 2013г.
- Виленкин Н.Я. Алгебра және математикалық анализ математиканы тереңдетіп оқытылатын сыныптар үшін 11 сыныпқа арналған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру