Бірінші ретті айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулер. Алгебра, 11 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқаулар
Сабақтың тақырыбы: Бірінші ретті айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шешуге есептер шығару
Оқыту мақсаты:
11.4.1.24
Айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсаты - айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді түсінеді;
- айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шеше біледі;
- дифференциалдық теңдеулердің жалпы және дербес шешімдерін табады.
- Сабақтың түрі: айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шешуге есептер шығару.
Сабақтың басында оқушылар үй тапсырмасын бір-бірімен тексереді, мұғалім қадағалайды жауаптарын тыңдайды. Қайталау сұрақтары арқылы өтілген материалдарды еске түсіреді. Берілген есептердің ішінен айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеуді анықтайды.
Әр түрлі деңгейдегі есептер шығаруда оқушылар тапсырманы жеке орындайды.
Жеке жұмыс.
1
2
3
4
5
Бағалау критерийлері:
- Айнымалыларын ажырату жолын біледі
Оқушылар өздігімен тапсырма орындайды. Оқушылар сұрақ туындағанда көмек сұрауға болады. Мұғалім бақылау арқылы бағалау жүргізеді.
Осыдан кейін оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды.
- Теңдеудің шешімін табыңыз:
- Дифференциалдық теңдеудің болғандағы дербес шешімін табыңыз:
№ | Дескриптор | + / - |
1 | Айнымалыларын ажыратады | |
2 | Интегралдарды дұрыс есептейді | |
3 | Жалпы шешімін дұрыс табады | |
4 | Дербес шешімін табады |
Мұғалім әр оқушының материалды меңгеруіне сәйкес баға береді.
Үйде орындауға 4 тапсырма беріледі.
Оқушы сабақ әр кезеңінде іс-әрекеттерін бағалап, талдау жүргізуі үшін бағалау парағын дайындауға да болады. Оқушының сабақ кезеңдеріндегі тарауды толық меңгерудегі өзін-өзі бағалауын мұғалім бақылап, қадағалайды.
Сабақ соңында «Айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шешу » тақырыбына есептер шығару арқылы оқушылардың жинақтаған білімдері мен есеп шығару дағдылары бойынша қорытынды жасалып, рефлексия жүргізіледі.
Қолданылған әдебиеттер
Шыныбеков Ә.Н. Алгебра және анализ бастамалары 11-сынып. Алматы, «Атамұра» 2012 ж;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру