Құрамында логарифмдік өрнегі бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.3А Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құрамында логарифмдік өрнегі бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу

Оқу мақсаты

11.1.2.7 – логарифмдік теңсіздіктерді шешеді

 Сабақ мақсаттары

  • Логарифмнің қасиеттерін, логарифмдік теңсіздіктер ұғымын еске түсіру;
  • Логарифмдік теңсіздіктерді шешудің негізгі тәсілдерін қарастыру;
  • Логарифмдік теңсіздіктерді шешудің негізгі тәсілдерін есептер шығаруда қолдану.

Пәндік мақсат

Оқушылар:

көрсеткіштік, логарифмдік, рационал, иррационал теңдеулер мен теңсіздіктердің негізгі түрлерін және олардың жүйелерін шеше алады.

 Бағалау критерийлері

Логарифмдік функция мене логарифмнің анықтамасы мен қасиеттерін біледі;

Логарифмдік теңдеу және теңсіздікті шығара алады.

 Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді сипаттау үшін математикалық терминдерді пайдаланады және түсінеді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Логарифм, логарифмнің қасиеті бойынша, логарифмнің негізі

Шешу, шешім, бөгде шешім

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Егер логарифмдік теңсіздіктің негізі ....

Ондық және натурал логарифм

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өздігінен ақпаратты талдай алу, жағдаяттарды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді анықтау және шешім қабылдау, топпен жұмыс істей алу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.

Жоғарыда айтылған құндылықтар берілген сабақта жоспарланған жұмыстар бойынша іске асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

Оқушылар логарифмдік теңдеудің биология, химия да қолданылуын есептер шығару арқылы зерттейтін болады.

Логарифмдік спиральдың қолданылуын беріледі

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ қолданылады, интерактивті тақта презентация көрсеіледі

Бастапқы білім

Логарифм ұғымын, логарифм қасиеттерін біледі; қарапайым логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға

көңіл бөлу қажет

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

20 мин

ІІІ. Білімін жандандыру

Жаңа тақырыпты оқытар алды мұғалім оқушыларға логарифм анықтамасы мен қасиеттерін, логарифмдік функция мен оның қасиеттерін қайталауды ұсынады. Ауызша мысалдарды шығарту. Логарифмдік функцияның графигін береді, логарифмдік функция мен көрсеткіштік функция графиктерін салыстырады.

Біздің айналамыздағы логарифм презентацииясын көрсетеді.

IV. Логарифмдік теңсіздік және оны шешудің негізгі тәсілдерін қайталау және бекіту.

Оқушылар таратпа материалмен жұмыс жасайды, әр тәсілді берілген мысалдар арқылы талдайды. Есептер шешуде қолданады.

V. Жаттығу жұмыстары.

Оқулық № 454, 458, 460,462,464 (Алгебра және анализ бастамалары 11 класс Шыныбеков) немесе Қосымша №2

Презентация

Презентация

Таратпа материал «логарифмнің қасиеттері»

Презентация

Таратпа материал

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Үй тапсырмасы Қосымша 3

Презентация

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу