Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Алгебра, 9 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы: Ықтималдықтың классикалық анықтамасы

Оқу мақсаты:

9.4.3.2 ықтималдықтың классикалық анықтамасын біледі және оны есептер шығаруда қолданады;

Сабақ мақсаты:

Ықтималдықтың классикалық анықтамасын біледі және оны есептер шығаруда қолдана алады

Жетістік критерийлері:

-элементар оқиғалар кеңістігін түсінеді;

- оқиғалармен амалдар қолдана біледі;

-ықтималдықтың классикалық формуласын біледі және есеп шығаруда қолдана алады.

Элементар оқиғалар және оларға қолданылатын амалдар

Ан: Сынақтың қандай да бір нәтижесінің орындалуын элементар оқиғалар деп атайды және ω деп белгіленеді.

Элементар оқиғалар деп (оларды, сонымен қатар «элементтер», «нүктелер», «жағдайлар» деп те атауға болады) сынақтың қандай да бір «жіктелмейтін» нәтижесін айтады.

Ан: Сынақтың әрбір элементар нәтижелерінің жиынын элементар оқиғалар кеңістігі деп атайды .

Мысалы, ауа-райы болжамдары: ашық, жартылай бұлтты, ала бұлтты, бұлтты немесе нөсер элементар оқиғалар және олар элементар оқиғалар кеңістігін құрайды.

Оқиғаның үш түрі бар: кездейсоқ, ақиқат, жалған (мүмкін емес).

АН: Кездейсоқ оқиғалар (немесе жай оқиға) сынақ барысында орындалатын не орындалмайтын оқиға.

Егер оқиға сынақ нәтижесінде міндетті түрде орындалатын болса, онда ақиқат оқиға деп аталады.

Егер оқиға сынақ нәтижесінде міндетті түрде орындалмайтын болса, онда жалған оқиға деп аталады және Ø деп белгіленеді.

Оқиғалар латын алфавитінің үлкен әріптерімен белгіленедіАВС...

АН: Егер екі кездейсоқ оқиғалар бір сынақ нәтижесінде қатар орындалуы мүмкін емес болса, онда бұларды үйлесімсіз оқиғалар деп, ал өзге жағдайларда бұл оқиғаларды үйлесімді оқиғалар деп атайды.

АН:А және В оқиғаларының қосындысы деп осы оқиғалардың кем дегенде біреуінің орындалатынын білдіретін оқиғаны айтады және оны С = А + В түрінде жазады.

АН: А және В оқиғаларының көбейтіндісі деп осы оқиғалардың қатар орындалуын білдіретін оқиғаны айтады және С = А ∙ В түрінде жазады.

АН:А және В оқиғаларының айырмасы деп тек А ғана орындалыпВ-ның орындалмайтынын білдіретін оқиғаны айтады және С = А – В түрінде жазады.

АН: Егер А оқиғасы орындалған сайын В оқиғасы да орындалып отырса, онда В оқиғасы А оқиғасының салдары деп аталады және A ⊆ B түрінде белгілейді.

АН:Егер A ⊆ B және BA болса, онда А және В оқиғалары тең оқиғалар деп аталады, белгіленуі A = B.

Жеке жұмыс.

Жұмыс критерийі: Ықтималдықтың классикалық формуласын есеп шығаруда қолданады;

-Зауыттағы барлық тоназытқыштың саны 30. Олардың ішіндегі 5 тоңазытқыштың ақауы бар. Кездейсоқ сатып алған тоназытқыштың ақауының болмауының ықтималдығын есепте.

- Абонент қоңырау шалу барысында нөмірдің соңғы екі цифрын ұмытып қалды. Бірақ бір цифрының нөл, ал екіншісінің тақ екенін біледі. Оның телефон нөмірін дұрыс теру ықтималдығын тап. Комбинация санын тап.

- Дауылдан кейін телефон желісінің 40- және 70-шақырым аралығындағы сымы үзілді. Желінің 50- және 55-шақырым аралығында үзілуі мүмкін ықтималдығын тап.

Жұптық жұмыс.

Жұптық жұмысты бағалау критерийі:

-Ықтималдықтың классикалық формуласын қолдану шартын біледі;

-Ықтималдықтың классикалық формуласын біледі;

-Ықтималдықтың классикалық формуласын ықтималдықты есептеуде қолдана біледі.

Үйге тапсырма беру

- Оқушылар видео-сабақ қарап сабақта алған білімдерін өз бетімен қайталайды.

-Жеке орындауға тапсырмалар беріледі.

Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу.

Мен осы жұмысты жақсы істедім______________

Бүгінгі сабақтан өзіңе не ала алдың?____________

Бүгінгі сабақта нені істей алмадыңдар? Неге?

Болашақта нені ескеру керек?_______

Менің сабақтағы жетістігім.....________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу