Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4С бөлім: Ықтималдықтар теориясының элементтері

Мектеп: ФМБ НЗМ Орал қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ықтималдықтың классикалық анықтамасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.3.2 ықтималдықтың классикалық анықтамасын біледі және оны есептер шығаруда қолданады;

 Сабақ мақсаттары

Ықтималдықтың классикалық анықтамасын біледі және оны есептер шығаруда қолдана алады

 Жетістік критерийлері

-элементар оқиғалар кеңістігін түсінеді;

- оқиғалармен амалдар қолдана біледі;

-ықтималдықтың классикалық формуласын біледі және есеп шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Өздері түсінбеген терминдер, ұғымдар мен амалдарды түсіндіруін сұрай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Кездейсоқ оқиға;

Элементар оқиға;

Теңмүмкіндікті;

Ақиқат;

Мүмкін емес;

Қолайлы нәтижелер;

Барлық мүмкін нәтижелер;

Ықтималдық;

Абсолютті және салыстырмалы жиілік;

Геометриялық ықтималдық;

Геометриялық өлшем;

Ішінара кесінді, аудан, көлем.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бұл оқиғаның пайда болу мүмкіндігі ...

Бұл оқиғалардың пайда болуы тең мүмкіндікті/мүмкін емес/ақиқат.

Оқиғаның барлық нәтижелер саны ... тең.

Қолайлы нәтижелер саны ... тең.

Бұл оқиғаның ықтималдығын ... табамыз.

Салыстырмалы жиілік көмегімен, шамамен ... пайда болу санын болжауға болады.

Нүктенің берілген аймаққа түсу ықтималдығы...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Жұптық жұмыста бір-біріне көмек, сыйластық, адамгершілік қасиеттерін бойларына дарыту; жұмыстарын қорғау барысында терең білім, ұшқыр ойларын дамыту; бағалауда – шыншылдық, жарқындық құндылықтарын дарыту.

 Пәнаралық байланыстар

Физикада, биологияда, экономикада, басқа ғылым салаларында оқиғалар мен құбылыстардың орындалу ықтималдығын анықтау мен үлгілеу үшін қолданыстарын білу

 АКТ қолдану дағдылары

Қолданбалы бағдарламма: Power Point, BilimLand

Бастапқы білім

Жалпы жиынтық, таңдалым, кездейсоқ таңдалым, вариациялық қатар, нұсқалар ұғымдары;

абсолюттік және салыстырмалы жиілік және оларды кесте түрінде беру;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

  • Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау .
  • Өткен материалды еске түсіру:

2.1 жалпы жиынтық, таңдалым, кездейсоқ таңдалым, вариациялық қатар, нұсқалар ұғымдары;

2.2 абсолюттік және салыстырмалы жиілік ;

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері»

А.Қ. Алпысов, Павладар, 2011ж

Сабақтың ортасы

10 минут

7 минут

11 минут

3.Жаңа сабақты енгізу:

Оқушылар BilimLand бағдарламасын қолдана отырып , тақырыпты өз беттерімен оқып үйренеді.

Презентация арқылы бекітіледі.

5-7слайдта Элементар оқиғалар кеңістігі.Оқиғаларға қолданылатын амалдар. /оқушылармен бірге талдау арқылы жүзеге асады./

8-11 слайдта Ықтималдықтың классикалық формуласын енгізу; Ықтималдықтың классикалық формуласын ықтималдықты есептеуде қолдану;/ мұғалімнің көмегімен/

Презентациядағы тапсырма орындау критерийі:

- ықтималдықтың классикалық формуласын қолдану шартын анықтайды;

4. Сабақтың мақсатымен, орындалатын тапсырмалар бағытымен және бағалау критерийімен танысу.

Сабақтың мақсаты: Ықтималдықтың классикалық анықтамасын біледі және оны есептер шығаруда қолдана алады;

5. Жеке жұмыс

Жұмыс критерийі: Ықтималдықтың классикалық формуласын есеп шығаруда қолданады;

№1.

Ойын сүйегінің жақтарында 0, 0, 1, 1, 4 және 5 сандары белгіленген. Егер ойын сүйегі екі рет тасталған болса, онда

а) түскен жақтарының қосындысы 5 болу ықтималдығын табыңыз;

ә) екі рет те бірдей сандар түсу ықтималдығын табыңыз.

Екі өлшемді жазықтықты қолдану арқылы табуға болатынын көрсетіңіз:

Жауабы: а) ; ә)

6.Жұптық жұмыс

Топшамаларда тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ықтималдықтың классикалық формуласын қолдану шартын анықтай білетіндігін қадағалау, қажет жұптарға көмек беру.

Жұптық жұмысты бағалау критерийі:

  • Ықтималдықтың классикалық формуласын қолдану шартын біледі;
  • Ықтималдықтың классикалық формуласын біледі;
  • Ықтималдықтың классикалық формуласын ықтималдықты есептеуде қолдана біледі.

https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/9-synyp/yqtimaldyqtyng-klassikalyq-anyqtamasy-zhane-geometriyalyq-mahynasy

Презентация

Қосымша №1

Қосымша №2

Сабақтың соңы

2 минут

3 минут

7. Үйге тапсырма беру

7.1 Оқушылар видео-сабақ қарап сабақта алған білімдерін өз бетімен қайталайды.

7.2. Жеке орындауға тапсырмалар беріледі.

Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу.Мен осы жұмысты жақсы істедім______________Бүгінгі сабақтан өзіңе не ала алдың?____________Бүгінгі сабақта нені істей алмадыңдар? Неге?

Болашақта нені ескеру керек?_______Менің сабақтағы жетістігім.....________________

https://www.youtube.com/watch?v=PQ8pmQVtiX0

https://www.youtube.com/watch?v=BnSTdc3VX2Y

Қосымша №3

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

– Сұраққа жауап беруде қабілетті оқушылардын жауаптарын математикалық жолмен дәлелдеулерін талап етіледі;

– Қойылған сұрақтың қиындығына және жауаптың толықтығын қадағалап тексеріп отырамын;

–Өзара критерий бойынша бағалайды.

-Ынталандыру, қолдау көрсету

Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл-күйін қадағалап отыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу