Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

IV Бөлім «Тригонометрия»

Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.4.8

тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • тригонометриялық формулаларды қолданып, тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіреді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • тригонометриялық формулаларды қолданып, тригонометриялық өрнектерді ықшамдайды;
  • тригонометриялық өрнектердің тепе-теңдігін көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде формулалардың таңдалуын дәйектеу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • аргументтердің қосындысының, айырмасының синус/косинус/тангенс/котангенсы;
  • екі еселі аргумент/бұрыш, үшеселенген аргумент/бұрыш;
  • дәрежені төмендету формуласы, жартылай аргумент/бұрыш;
  • синустардың/косинустардың/тангенстердің қосындысы мен айырмасы;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • .... формулаларын қолдана отырып, ... формулаларын қорытып шығаруға болады.

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау біліктілігі практикалық мәні өте зор. Физика формулаларын түсіну, қолданбалы есептерді шешуге негіз болады

Бастапқы білім

Негізгі тригонометриялық функциялардың анықтамасын білу және бірлік шеңбер арқылы олардың қасиеттерін анықтай алу. Өрнектің мәнін табуда, өрнекті ықшамдауда, теңбе-теңдікті дәлелдеуде негізгі тригонометриялық теңбе-теңдіктер мен келтіру формулаларын қолдану.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-4 мин

6-13 мин

13-15 мин

Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ә) Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған сұрақтарға нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.

Тапсырма 1.

Формулаларды есте сақтау қабілеттерін тексеру үшін оқушыларға есепті шешіп, «жауабын сәйкестендіріңіз» тапсырмасы ұсынылады.

Тапсырма

Шешуі

Жауабы

1

Есептеңіз:

2

Егер болса, онда табыңыз.

3

Есептеңіз:

4

5

Есептеңіз:

6

Есептеңіз:

7

Есептеңіз:

Әр оқушы жұбының жазған жауабы мен өз жауабын салыстырады.

Қателіктер мен дәлсіздіктер талқыланады.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

.

Макарычев Ю. Н. Алгебра. 9 класс : учеб. для учащихся общеобразоват.

учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков,

И. Е. Феоктистов. — 7-е изд., испр. и доп. — М. : Мнемозина,

2008. — 447 с. : ил.

Сабақтың ортасы

15-23 мин

23- 28 мин

28-36 мин

Жаңа сабақты түсіну.

Топтық жұмыс. Топтарға бөліну

Оқушыларды жеке қабілеттіліктері мен математикалық дайындық деңгейлерін ескере отырып топтарға біріктіру.

Тапсырма 2.

Келтіру формулалары мен негізгі тригонометриялық теңбе-теңдіктерді қолдана отырып аргументтердің қосындысы мен айырмасының синусы, косинусы, тангенсы, котангенсы формулаларын қорытып шығарыңыз.

Әр топ өз беттерінше бір формуланы қорытып шығару ұсынылады.

Мақсат: оқушылардың ойлау әрекеттерін белсендендіре отырып, оқушыда әділдік командалық рух, көшбасшылық сияқты қырларын қалыптасуына жағдай жасау.

Әр топ өз нәтижелерін сыныпқа таныстырады.

Формулаларды есте тез сақтау үшін оқушыларға ауызша жаттығулар ұсынуға болады немесе әр оқушыға өз жауаптарын А4 форматындағы ламинатталған қағазда жазу ұсынылады.

Тапсырма 3.

Ықшамдаңыз:

Жауабы:

Есептеңіз:

Жауабы:

Жұптық жұмыс.

Тапсырма 4.

Тепе-теңдікті дәлелдеңіз.

1)

2)

3)

;

4)

Дескриптор: Білім алушы

    • Сәйкес тригонометриялық формулаларды қолдана отырып өрнекті түрлендіреді;
    • Тепе-теңдікті дәлелдейді.

Әрі қарай жұп мүшелері шешімдерімен алмасып, алынған жұмысты тексереді, жазбаша комментарийлер қалдырады. Тексеру аяқталған соң жұп мүшелері қайтадан жұмыстарымен алмасып, жазылған ескертулерді талдайды, қателерін түзейді.Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесі бағаланады.

Қосымша 1.

Сабақтың соңы

36-40 мин

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.

Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу