Тригонометриялық функциялардың анықталу облысы және мәндер жиыны. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.
Тарау Тригонометрия | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Тригонометриялық функциялардың анықталу облысы және мәндер жиыны | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.4.5 бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Бұрылу бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі анықтамаларын біледі, функция периодтылығын сипаттайды, тригонометриялық функциялардың жұп немесе тақтығын сипаттайды, тригонометриялық функциялардың монотонды аралықтарын сипаттайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Тригонометриялық функциялардың графигін салып қасиеттері бойынша зерттей алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсат: Оқушылар тақырып бойынша математикалық терминдерді қолданады, ойларын түсіндіреді, математикалық символдарды қолданады. Пәнге тән лексика мен терминология: Тригонометриялық дөңгелек, бұрылу бұрышы, бұрылу бағыты, радиан Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Радиус пен сәйкес доға пропорционал; Радиан – центрлік бұрыштың тірелген доғасының шамасы … Доғаның ұзындығы тең болады … Сектордың ауданы тең болады … | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жеке-дара оқушыға бағытталған сұрақтар қою арқылы оқушы бойында өзіне деген сенімділікті, ойын ашық жеткізуге мүмкіндік беруді жоспарлаймын. Сонымен қатар бір-бірінің пікірін тыңдауға, ақылдаса отырып шешім қабылдауға үйрету үшін жұптық жұмыс беремін. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика пәнінде алынған білімдері қолданылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақты талдау барысында презентация қолданылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Радианның анықтамасын біледі, градустық өлшемнен радиандыққа және керісінше ауыстыра алады; Бірлік шеңбердің центрлік бұрышының радиандық өлшемін осы бұрыш тірелген доғаның ұзындығына тең екендігін түсінеді; Бірлік шеңберде 0; π / 2; π; 3π / 2; 2 π сандарын бейнелей алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басталуы
| Ұйымдастыру кезеңі Рефлексия «Көңіл-күйіміз қалай?» | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 мин |
CLIL қолдану (Тригонометриялық функция тақырыбына қатысты терминдерді үш тілде беріп тілдік дағдыларын кеңейту) | Қосымша 1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 мин
7 мин 10 мин 5 мин | Өтілген сабақты қайталау мақсатында әрбір оқушыға бағытталған лездік сұрақтар беру. Тригонометриялық функциялардың ширектегі таңбалары: Бұрыштың радиандық өлшемі Ұзындығы радиусқа тең доғаға керілетін центрлік бұрыштың шамасы 1радианға тең болады. 1 радиан неше градусқа тең? 570. Градустық өлшемнен радиандық өлшемге ауысу формуласы? Радиандық өлшемнен градустық өлшемге ауысу формуласы? Төменгі сыныптарда өтілген функцияларды қарастырайық. Сұрақтар:
Жеке жұмыс. Тапсырма 1. Берілген карточкалардағы функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын анықтаңыз. Оқушылар тапсырманы орындап болған, тақтадағы дайын жауаппен өздерінің жауаптарын салыстырады, талдайды. Оқушыларға сұрақ қою: 1. Оқушылардан бірлік шеңбер бойындағы нүктенің координатасын қалай табу керектігін сұрау, қайталау. 2. Бірлік шеңбер бойындағы Р(0;1) нүктесін ; ; ; бұрышқа бұрғаннан кейін пайда болған нүктенің координатасын анықтаңыз. 3. Синус және косинусты функция ретінде қарастыруға болады ма? Жаңа сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын таныстыру. Оқушыларға зерттеушілік тапсырма: Оқушылар бірлесе отырып, бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын анықтайды. Төмендегі кестені толтырыңыз
Талдаудың нәтижесі бойынша, кестені толтырады. Оқушылармен бірлесе талдау, тақырыпты бекіту: Төмендегі функциялардың анықталу облысын және мәндер жиынын табыңыз: 1. ; 2. ; 3. | Қосымша 2 Слайд Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10 мин | Жаңа сабақты бекіту №1. Функциялардың анықталу облысын табыңыз.
№ 2. Функциялардың мәндер жиынын табыңыз.
№ 3. функциясының анықталу облысын анықтаңыз және нүктелеріндегі мәндерін табыңыз. | Қосымша 3 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақты қорытындылау 2 мин | Үйге тапсырмасы № 1. Функциялардың анықталу облысын табыңыз: № 2. Функциялардың мәндер жиынын табыңыз.
Рефлексия Стикер тарқатып, сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады.
| Қосымша 5 http://cdn.kutasoftware.com/Worksheets/Alg2/Graphing%20Trig%20Functions.pdf | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын. | Жаңа тақырыпқа байланысты әр оқу мақсатына жетістік критериін алып қаншалықты тақырыпты меңгергендігін тексеруді жоспарлаймын. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру