Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері. Алгебра, 9 сынып, презентация. 2 сабақ.


ЕКІ АЙНЫМАЛЫСЫ БАР СЫЗЫҚТЫҚ ЕМЕС ТЕҢДЕУЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ

Мақсаты: Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Бағалау критерийлері:

Мәтіндік есеп моделін құрады

Модельмен жұмыс жасайды

Есеп шартына сәйкес жауапты жазады

МЫСАЛ -ЕСЕП №1 (ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ МАЗМҰНДЫ)

https://bilimland.kz/upload/platform_lessons/L_10954/15.pdf?v1533275323686

ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС

1 тапсырма:

Тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің айырымы 31 м-ге, ал гипотенузасы 25 м тең болса, үшбұрыштың ауданын табыңыз.

Дескрипторлар:

Катеттерді х және y айнымалылары арқылы белгілейді;

(x-y) айырмасын 31-ге теңестіреді;

Пифагор теоремасын қолданып екінші теңдеуді жазады;

Теңдеулер жүйесін шешеді;

Катеттер ұзындығын табады;

Аудан формуласын пайдалынып есеп жауабын жазады.

 

ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС

2 тапсырма:

Ауданы 5000 м2 болатын тіктөртбұрышты жер алқабына тал отырғызылды. Оны қоршауға 330 м сым темір қажет. Жер алқабының ені мен ұзындығын табыңыз.

Дескрипторлар:

Тіктөртбұрыш қабырғаларын х және у –ке теңестіреді;

Тіктөртбұрыш ауданы формуласын пайдаланып теңдеу құрады;

Периметрді пайдаланып теңдеу құрады.

Теңдеулер жүйесін шешеді;

Есеп шартына сәйкес жауапты жазады.

Катер өзен ағысымен 15 км және ағынсыз суда 4 км жүзген жолына 1 сағат уақыт жұмсады. Егер өзен ағысының жылдамдығы катер жылдамдығынан 4 есе кем болса, өзен ағысының жылдамдығы қандай?

Катер жылдамдығы-x;

Ағыс жылдамдығы –y.

МЫСАЛ -ЕСЕП №2

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

3 ЕСЕП ДЕСКРИПТОРЫ

Катер мен өзен ағысының жылдамдығын х және y деп айнымалы енгізеді;

Екі жылдамдық айырмасын 16 км/сағ теңестіреді;

Өзен ағысымен жүрген уақытты өрнектейді;

Өзен ағысына қарсы жүрген уақытты өрнектейді

Екі уақыттың қосындысы арқылы теңдеу құрады

Теңдеулер жүйесін шешеді;

Есеп шартына сәйкес жауапты жазады.

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:ШЫНЫБЕКОВ Ә. 9 КЛ АЛГЕБРА №117,118.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу