Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мектеп:

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері

Дата:

Мұғалімнің аты-жөні: Шынболатова Ғ.Ж.

Класс: 9

Қатысушы оқушы саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.2.2 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;

Сабақ мақсаттары

  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешудің әдістерін меңгеру;
  • Әдістерді есеп шығаруда қолдану

Жетістік критерийлері

Біреуі сызықтық, ал екіншісі екінші дәрежелі теңдеу болатын екі теңдеуден тұратын теңдеулер жүйесін шешеді:

Теңдеулер жүйесін шешу әдістерін біледі және қолданады;

Өз ойын ашық жеткізе алады;

Өз қатесін тауып, оны дұрыстайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

теңдеу, квадрат теңдеу теңдеу/функция, теңдеулер жүйесі, сызықтық теңдеулер

нүктелерді графикте белгілеу, график салу /түзу, x/y осьтері

қию, айнымалы, коэффициент, мәні, реттеу/ салыстыру / алмастыру / индекс

English

Русский

Қазақ

Equation

Уравнение

Теңдеу

System of equation

Система уравнений

Теңдеу жүйесі

Substitution method

Метод подстановки

Алмастыру әдісі

Graphical method

Графический метод

Графиктік әдісі

Elimination меthod

Аddition method

Метод сложения

Қосу әдісі

System of nonlinear equations

Системы нелинейных уравнений

Сызықтық емес теңдеулер жүйелері

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

x/y осьтері дегеніміз ….

Осы түзудегі нүктелер....

Графикте төрт квадратант/ширек бар.

х және y координат осьтері оң не теріс болады (осы ширекте).

Кординаттары реттелген жұп ретінде жазылады.

2 түзу қиылысқан/ тоғысқан жерлері х және y мәндерін береді.

Құндылықтарды дарыту

бірлесіп жұмыс істей алу;

өзара ынтымақтастық,сондай-ақ өзара түсіністік қасиеттерін дамыту;

өздік жұмыс орындау кезінде шешім қабылдау, қалыптастыру, талдау дағдыларының болуы;

Пәнаралық байланыстар

Геометрия, өмірмен байланыс

Бастапқы білім

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін, квадрат теңдеулерді шешу жолдарын білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

6 – сыныпта өткен «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі және оны шешу әдістерін» еске түсіру:

Сызықтық теңдеулер жүйесі;Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу;Сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу;Сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілі арқылы шешу;

Сұрақ:

1)Сіздер сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімін графиктік тәсілмен қалай таптыңыздар?

2)Квадрат теңдеулер туралы не білеміз? Түбірлері қалай табылады? Шешімдері туралы не білеміз?

3)Квадрат функцияның графигін қалай сызамыз?

Презентация

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/tengdeuler-men-tengsizdikter/tengdeuler-zhui-eleri/lesson/eki-ai-nymalysy-bar-syzyqtyq-tengdeuler-zhui-eleri

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

5 минут

7 минут

3 минут

  • М
  • Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау. Күтілетін нәтижемен таныстыру.
  • Мәселе қою.

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін қалай шығарамыз?

Мысалы:

Оқушыларды әдістер аты жазылған карточкаларда сөздерді жасырын қойып, таңдату арқылы үш топқа бөлу. Әр оқушы өзінің таңдаған әдісі бойынша топқа қосылады.

Т

1 – топ: алмастыру тәсілімен шешу

Суреттегідей ортасы бөлінген аула салу үшін барлық ұзындығы 36 метр болатын қоршау қолданылған. Ауланың жалпы ауданы 54 кв.метр құрайтын болса, ауланың өлшемдері қандай?

2 – топ: қосу тәсілімен шешу

3 – топ: графиктік тәсілмен шешу Сіз және досыңыз бір көлде қайықтармен жүзіп жүрсіздер. Сіздің жолыңызды y = -х2 - 4x - 1 теңдеуімен модельдеуге болады. Сіздің досыңыздың жолын y = 2x + 8 теңдеуі арқылы модельдеуге болады. Жолдарыңыз бір-бірімен қиылысады ма? Егер солай болса, нүктелердің координаттары қандай?

Топтық жұмысты тексеру. Оқушылар орындаған жұмыстарымен тақтада таныстырып, қорғайды. Әр топ өздері пайдаланған тәсілдерінің тиімді және тиімсіз тұстарын айта кетеді. Алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасайды.

  • Жетістік критерийлері:
  • 1)Берілген тәсілді дұрыс қолданған;
  • 2)Шешімді дұрыс тапқан;
  • 3)Жауаптың дұрыстығын тексеріп, көрсетеді.
  • Дескрипторлар:
  • 1 – топ үшін:
  • А)Есеп шартына сәйкес теңдеулер жүйесін құрады;
  • Ә)Бірінші не екінші теңдеуден у – ті х арқылы өрнектеп, келесі теңдеуге апарып қояды;
  • Б)Квадрат теңдеуді шешеді;
  • В)Теңдеудің толық шешімін табады.
  • 2 – топ үшін:
  • А)Жүйедегі бірінші теңдеуді 2 – ге көбейтеді;
  • Ә)Теңдеулерді қосу арқылы х – ке қатысты квадрат теңдеу алады;
  • Б)Квадрат теңдеуді шешеді;
  • В)Теңдеудің толық шешімін табады.
  • 3 – топ үшін:
  • А)Бірінші теңдеудің графигін (парабола) салады;
  • Ә)Екінші теңдеу графигін алдыңғы координаталық жазықтыққа сызады;
  • Б)Парабола мен түзудің қиылысу нүктелерін көрсетеді.
  • Кері байланыс беру.
  • Ж

Тапсырма 1

Графиктік тәсілмен теңдеулер жүйесін шешіңіздер:

Тапсырма 2

Алмастыру тәсілмен теңдеулер жүйесін шешіңіздер:

;

Тапсырма 3

Қосу тәсілімен теңдеулер жүйесін шешіңіздер:

  • Жұптық жұмысты тексеру: Оқушылар бір – бірінің жұмыстарын алмастыру арқылы тексереді.
  • Дескрипторлар:
  • Тапсырма 1
  • А)Бірінші теңдеудің графигін (парабола) салады;
  • Ә)Екінші теңдеу графигін алдыңғы координаталық жазықтыққа сызады;
  • Б)Парабола мен түзудің қиылысу нүктелерін көрсетеді.
  • В)Теңдеулер жүйесінің шешімін табады.
  • Тапсырма 2
  • А)Бірінші не екінші теңдеуден у – ті х арқылы өрнектеп, келесі теңдеуге апарып қояды;
  • Ә)Квадрат теңдеуді шешеді;
  • Б) Теңдеулер жүйесінің шешімін табады.
  • Тапсырма 3
  • А)Теңдеулерді қосу арқылы х – ке қатысты теңдеу алады;
  • Ә)Теңдеуді шешеді;
  • Б)Теңдеулер жүйесінің шешімін табады.
  • Кері байланыс беру.

https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/9-synyp/eki-ajnymalysy-bar-syzyqtyq-emes-tengdeuler-zhujeleri-zhane-olardy-sheshu

Таратпа материалдар

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: теңдеулер жүйесін шешу

Reflection:

Қосымша 1

Ch7_Section4

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Шартты белгілер:

Ұ = Ұжымдық жұмыс

Т = Топтық жұмыс

Ж= Жұптық жұмыс

Ө = Өздік жұмыс

М = Мұғалімнің көрсетуімен

Т

1 – топ: алмастыру тәсілімен шешу

Суреттегідей ортасы бөлінген аула салу үшін барлық ұзындығы 36 метр болатын қоршау қолданылған. Ауланың жалпы ауданы 54 кв.метр құрайтын болса, ауланың өлшемдері қандай?

2 – топ: қосу тәсілімен шешу

3 – топ: графиктік тәсілмен шешу Сіз және досыңыз бір көлде қайықтармен жүзіп жүрсіздер. Сіздің жолыңызды y = -х2 - 4x - 1 теңдеуімен модельдеуге болады. Сіздің досыңыздың жолын y = 2x + 8 теңдеуі арқылы модельдеуге болады. Жолдарыңыз бір-бірімен қиылысады ма? Егер солай болса, нүктелердің координаттары қандай?

Ж

Тапсырма 1

Графиктік тәсілмен теңдеулер жүйесін шешіңіздер:

Тапсырма 2

Алмастыру тәсілмен теңдеулер жүйесін шешіңіздер:

;

Тапсырма 3

Қосу тәсілімен теңдеулер жүйесін шешіңіздер:

Қосымша 1

Есептер Ch7_Section4 кіапшасынан алынған

1 – 10 есептерде теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шығарыңыз.

19 – 24 есептерде теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шығарыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу