Мәтін есептерге математикалық модель құру. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерізімі:

Мұғалім аты-жөні:

Сыныбы: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мәтін есептерге математикалық модель құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 9.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру

 

Сабақ мақсаты

Есептің шартына талдау жасай алады; есептің математикалық моделін құрып орындайды; жалпы білімдерін өмірмен байланыстырып, шартты қанағаттандыратын нәтиже ала алады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді есептерді шешу кезеңдерін біледі.
  • Есептің шартына талдау жасайды.
  • Есептің математикалық моделін құра алады.
  • Теңдеуді шеше алады-шартты қанағаттандыратын нәтиже ала алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Мәтін есеп

Текстовая задача

Text task

Модель

Модель

Model

Математикалық модель

Математическая модель

Mathematical model

Теңдеулер жүйесі

Система уравнений

System of equations

Құндылықтарды дарыту

Өткен сабақтарда қарастырылған тақырыптарымен бірге жаңа тақырыпқа бағытталған сұрақтар қою арқылы оқушылардың өмірлік білім жолын қалыптастыруға үйрету, өзіне деген сенімділігін, ойын ашық жеткізе білуге үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Жолға байланысты, пайызға байланысты есептер шығаруда физика және химия пәнінен өтетін траектория, жол, орын ауыстыру, концентрация сияқты физикалық және химиялық терминдердің мағынасын түсінуге ықпал етеді.

АКТ қолдану дағдылары

Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды слайд арқылы көрсетіп, интербелсенді тақтаны пайдалана отырып есептер шығарту арқылы оқушыларды АКТ қолдануды үйретемін.

Бастапқы білім

Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер туралы, қарапайым теңдеулерді шешу әдістері.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Оқыту ресурстары

Ұйымдастырукезеңі

(1 мин)

Сабақтыңбасы

(1-3мин)

Мотивациялық кезеңі:

а) Сәлемдесу;ә) Оқушыларды түгендеу;б) Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру;

в)Үй жұмыстарының тексерілуін қадағалайды;

г)Интерактивті тақтаға үй жұмыстарының шешімдерін көрсетіледі;

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

Тақырыпқа сай оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсатын ашу үшін сұрақтар қояды.

Сабақтың бағалау критерийлері мен тілдік мақсат айтылады.

Қайталауға арналған сұрақтар:

  • Есептерді құрылымына қарай қалай бөлуге болады?
  • Мәтін есеп дегеніміз?
  • Мәтін есептерге мысалдар келтіріңдер?
  • Мәтінді есептедің шығарылу жолдары қандай деп ойлайсыңдар?

Презентация

Слайд 1

Слайд 2

Сабақтың ортасы

3-6 мин

Жаңа сабақты түсіну

Сыныппен жұмыс:

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.

Сабақ басында оқушылардың мәтін есептер туралы білімдерін еске түсіру үшін сұрақ қойылады.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады.

Мысалдар:

Мысал №2

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=QoYFvmfmYxg

Жеке жұмыс кезеңі

(5 мин)

Оқушыларға үлестірмелі материалдар беріледі, ондағы есептерді достарының көмегінсіз өзі орындауы тиіс. (Қосымша№1)

Тапсырма

Токарь 120 деталь өңдеуі керек еді. Жаңа тескіш қолдану арқасында сағатына 4 детальдан артық өңдеп, берілген тапсырманы 2 сағ 30 мин-қа ерте бітірді. Жаңа кескішті қолдана отырып токарь сағатына неше детальдан өңдеді?

Топқа бөлу кезеңі

(5 мин)

(Қосымша№2)

Тапсырма

Екі бригада орындықтар жасады. Сонда бірінші бригада 65 орындық, ал екінші бригада 66 орындық жасады. Бірінші бригада 1 күнде екіншісіден екі орындық артық, бірақ одан 1 күн кем жұмыс жасады. 2 бригада бірлесе отырып, бір күнде қанша орындық жасады?

Презентация Слайд 3

Жұппен жұмыс кезеңі

(5 мин)

Оқушылар жұппен жұмыста топтың ішінде жұп құрып өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. (Қосымша№2)

Тапсырма

Зауыт жоспар бойынша белгілі бір мерзімге 180 станок жасап шығаруы тиіс еді. Ол күндік норманы 2 станокқа артық орындай отырып, тапсырысты мерзімінен 1 күн ерте орындады. Зауыт жоспарды неше күнде орындап шығарды?

Презентация Слайд 4

Топпенжұмыскезеңі

(8 мин)

Тапсырма(Қосымша№3)

Жұмысшы белгілі бір детальды берілген мерзімінде жасап шығаруы тиіс еді. Егер ол күн сайын жоспардағыдан 10 деталь артық шығарып отыратын болса, онда бұл жұмысты мерзімінен 4,5 күн ерте, ал егер күніне 5 детальдан кем орындайтын болса, онда мерзімінен 3 күн кешігіп орындап шығар еді. Жұмысшы қандай мерзімде неше деталь шығарады?

Reflection

(4 мин)

Рефлексия

Менің есіме түсті ………………………………..

Маған қиын болды ……………..

Менің білгім келеді ………………………...

Мен орындай алмадым ………………………………

Мен оындағым келеді ………………………….

Презентация слайд 7

Үйге тапсырма (Homework)

1 мин

Мәтін есептердің шарты бойынша математикалықмодель құрастыру және шешімін табу:

1. Қандай да бір жұмысты бірігіп 12 күнде бітіре алады. Бірлесіп 8 күн жұмыс істегеннен кейін, біреуі ауырып қалады, содан екіншісі жалғыз істеп, жұмысты 5 күнде бітіреді. Әрқайсысы жеке-жеке жұмыс жасағанда, бұл жұмысты неше күнде бітірер еді?

2. Екі машина жиналған астықты 4 күнде басып бітіреді. Егер олардың біреуі барлық астықтың жартысын, ал одан кейін қалғанын екіншісі басатын болса, онда барлық жұмыс 9 күнде аяқталып бітеді. Барлық астықты әрбір машина неше күнде басып бітіреді?

 

Интерактивті тақта

Қосымша №1

1. Бір уақытта ашылған екі кран бассейннің бөлігін 18 минутта толтырады. Егер оның біреуі екіншісінен бассейнді 18 мин тезірек толтыратын болса, онда әр кран жеке-жеке бассейнді қанша уақытта толтыра алады?

 A) 25 мин; 55 мин; B) 35 мин; 55 мин; C) 26 мин; 54 мин;

 D) 36 мин; 54 мин; E) 38 мин; 56 мин.

2. Жұмысшы сағатына 108 тетіктен жасағанда, барлық тетікті 5 сағатта жасайды. Ол сағатына 60 тетіктен жасаса, барлық тетікті неше сағатта жасайтынын табыңыз.

 A) 9 сағ; B) 3 сағ; C) 6 сағ; D); E) 12.

3.Токарь 120 деталь өңдеуі керек еді. Жаңа тескіш қолдану арқасында сағатына 4 детальдан артық өңдеп, берілген тапсырманы 2 сағ 30 мин-қа ерте бітірді. Жаңа кескішті қолдана отырып токарь сағатына неше детальдан өңдеді?

4.Екі бригада ағаш отырғызды. Әр күні бірінші бригада екіншіге қарағанда 40 ағаш артық отырғыза жүріп, барлығы 270 ағаш отырғызды. Екінші бригада біріншіге қарағанда 2 күн көп істеп барлығы 250 ағаш отырғызды. Әр бригада неше күн жұмыс істеді?

 A) 5 күн; 7 күн; B) 3 күн; 5 күн; C) 4 күн; 6 күн; D) 2 күн; 4 күн; E) 1 күн; 3 күн.

5. Бір жұмысшы өзінің нормасын 6 сағатта, екіншісі 5 сағатта, үшіншісі 4 сағатта орындайды.Олар белгілі бір уақыт бірге істеп 750 деталь дайындады. Әрқайсысы қанша деталь әзірледі?

 A) 250; 260; 270; B) 200; 250; 300; C) 190; 210; 180; D) 210; 230; 240;

 E) 265; 266; 272.

Қосымша №2

1. Екі кран бірлесе жұмыс жасай отырып, биржадағы жүкті 6 сағатта түсіріп болды. Егер олардың біреуі екіншісіне қарағанда жүкті 5 сағат ерте түсіретін болса, онда олардың әрқайсысы жүкті неше сағатта түсіріп болар еді?

 A) 10 сағ; 15 сағ; B) 15 сағ; 20 сағ; C) 5 сағ; 10 сағ; D) 8 сағ; 13 сағ;

 E) 12 сағ; 17 сағ.

2. Трактор бригадасы егістік жерді жоспар бойынша 14 күнде жыртып болуы керек еді. Бригада күн сайын жоспардағыдан артық жыртқандықтан, жер жыртуды 2 күн бұрын аяқтады. Егістік жердің ауданын табыңыз.

 A); B); C); D); E).

3. Зауыт жоспар бойынша белгілі бір мерзімге 180 станок жасап шығаруы тиіс еді. Ол күндік норманы 2 станокқа артық орындай отырып, тапсырысты мерзімінен 1 күн ерте орындады. Зауыт жоспарды неше күнде орындап шығарды?

4. Бакты екі шүмек бірлесе отырып, 3 сағатта толтырады. Бірінші шүмек бакты екіншісіне қарағанда 8 сағат жайырақ толтырады.Бакты әр шүмек неше сағатта толтырады?

 A) 6 сағ; 4 сағ; B) 7 сағ; 4 сағ; C) 8 сағ; 4 сағ; D) 12 сағ; 4 сағ;

 E) 16 сағ; 4 сағ.

5. Бассейн екі труба арқылы 6 сағатта толтырылады. Бірінші труба жалғыз өзі екіншісіне қарағанда 5 сағат ерте толтырады. Әрбір труба жеке-жеке алғанда бассейнді неше сағатта толтырар еді?

 A) 8 сағ; 13 сағ; B) 9 сағ; 14 сағ; C) 10 сағ; 15 сағ; D) 14 сағ; 9 сағ;

 E) 15 сағ; 10 сағ.

Қосымша №3

1.Бірлесіп істегенде екі шебер бір тапсырманы 6 сағатта орындап шығады. Егер бірінші шебер 9 сағ істеп, одан кейін оны екінші шебер алмастыратын болса, онда ол жұмысты 4 сағ ішінде бітіреді. Жеке істегенде бұл тапсырманы шеберлердің әрқайсысы неше сағатта орындап шығады?

 A) 12 сағат, 8 сағат; B) 15 сағат, 10 сағат; C) 16 сағат, 11 сағат;

 D) 18 сағат, 12 сағат; E) 20 сағат, 15 сағат.

2. Бірлесіп істегенде екі машина мұз айдынын 20 минутта тазартып шығады. Егер бірінші машина 25 минут жұмыс істегеннен кейін, оны екінші машина ауыстыратын болса, онда ол мұз айдынын 16 минутта тазартып шығады. Жеке істегенде мұз айдынын бұл машиналардың әрқайсысы қанша сағатта тазартып шығады?

A) 36 мин, 27 мин; B) 38 мин, 30 мин; C) 40 мин, 32 мин; D) 42 мин, 34 мин; E) 45 мин, 36 мин.

3.Жұмысшы белгілі бір детальды берілген мерзімінде жасап шығаруы тиіс еді. Егер ол күн сайын жоспардағыдан 10 деталь артық шығарып отыратын болса, онда бұл жұмысты мерзімінен 4,5 күн ерте, ал егер күніне 5 детальдан кем орындайтын болса, онда мерзімінен 3 күн кешігіп орындап шығар еді. Жұмысшы қандай мерзімде неше деталь шығарады?

4. Бакты сумен бірінші шүмек екіншісіне қарағанда 10 мин бұрын толтырады. Егер екі шүмекті бірдей 8 мин ашып қойса, олар бактың бөлігін толтыратын болса, әрбір шүмек бакты қанша уақытта толтырады?

A) 20 мин, 30 мин; B) 25 мин, 35 мин; C) 30 мин, 40 мин; D) 35 мин, 45 мин; E) 40 мин, 50 мин.

5. Бір бассейнде су бар да, ал екіншісінде су бар. Бассейндерді толтыру үшін крандарды ашық қойған. Егер екінші бассейнге, біріншіге қарағанда су артық құйылатын болса, неше сағаттан кейін екі бассейннің су мөлшері бірдей болады?

 A) 4 сағ; B) 5 сағ; C) 6 сағ; D) 7 сағ; E) 8 сағ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу