Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері. Алгебра, 9 сынып, қосымша материал.
Блок I | Топтың аты: | Бәс тігу | ||
№ | Есептер | Жауаптары | ||
1 | Егер жай бөлшектің алымына да бөліміне де 1-ді қоссақ, онда бөлшек – ге тең болады, ал егер алғашқы бөлшектің алымы мен бөлімінің квадтаттарын қоссақ 136 шығады. Бастапқы бөлшекті табыңдар. | |||
2 | Екі таңбалы санның цифрларының квадраттарының қосындысы 13-ке тең. Егер сол екітаңбалы саннан 9-ды азайтсақ, дәл сол цифрлармен бірақ керісінше жазылатын сан шығады. Осы екі таңбалы санды табыңыз. | 32 | ||
3 | Егер ойлаған екі таңбалы санды оның бірлік цифрасына көбейтсек 376 шығады, ал егер ойлаңан саннан дәл сол цифрлармен бірақ керісінше жазылған санды азайтсақ 45 шығады. Ойлаған сан қандай? | 94. | ||
Блок II | Топтың аты: | Ставка | ||
№ | Есептер | Жауаптары | ||
1 | Көбейтіндісі 720 болатын екі натурал сандар жасырылған. Егер бірінші санды екінші санға бөлсек бөлінді 3-ке қалдық та 3-ке тең болады. Жасырылған екі сан қандай? | 48 және 15. | ||
2 | Айырмасы 7- ге тең екі натурал санды көбейткенде қателік жіберілген: көбейтіндідегі жүздіктер цифры 4-ке еселенген. Осы көбейтіндіні (дұрыс емес) кіші көбейткішке бөлгенде бөліндіде 52 қалдықта 26 шықты. Бастапқы сандарды табыңыздар. | 34 және 41 | ||
3 | Егер екі таңбалы санды цифрларының қосындысына бөлсек бөлінді 7 қалдығы 6 болады. Егер дәл сол екі таңбалы санды цифрларының көбейтіндісіне бөлсек бөліндіде 3 қалдығында бастапқы берілген санның цифрларының қосындысына тең сан шығады. Бастапқы санды табыңыздар. | 83 | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру