Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері. Алгебра, 9 сынып, қосымша материал.


Ұжымдық жұмыс

1. 1999 жылдың қаңтарында банктегі шотына ақшаның белгілі бір сомасы салынды. 1999 жылдың аяғында салым бойынша пайыз 200 тг-ні құрады. 2000 жылдың қаңтарында өз шотына тағы 1800 тг қосты. 2000 жылдың желтоқсанында салымшы банктегі шотын жауып қолына 4400 тг алды. Бастапқыда банкке қандай сомма салынды және банк жылына қанша пайыз ақша аударады?

2. 40%-дық тұздың ерітіндісін 10%-дық ерітіндімен қосқанда 800 г ерітінді алынды, ондағы тұздың концентрациясы 21,25% -ды құрады. Осы ерітіндіні алу үшін бастапқыда ір ерітіндінің неге граммы алынған? Жұппен жұмыс

1. Үлкен ағасында кішісіне қарағанда екі есе көп ақша бар. Олар ақшаларын бір жылға әр түрлі банктегі шоттарына салды. Кіші інісі ағасыныкіне қарағанда жылдық сияқыны 5% -ға көп беретін банк тауып алды. Бір жылдан соң өз ақшаларын қолына алды, ағасы 4600 тг., ал інісі 2400 тг алды. Олар ең басында банктерін ауыстырғанда ақшаларының қосындысы қанша болар еді?

2. Катер өзен ағысымен 15 км және 4 км тынық суда жүзді. Барлық жолға 1 сағат уақыт кетті. Өзен ағысының жылдамыдығы 4 км/сағ болса, онда катердің өзен ағысымен жүзгендегі жылдамыдығын табыңыз.

3. Суда екі тұздың ерітіндісі бар, біріншісі - 40% -дық, екіншісі- 60% -дық. Оларды араластырып, 5 л су құйып 20% -дық ерітінді алды. Егер 5 л судың орнына 5 л 80% -дық тұздың ерітіндісін қосса, 70% -дық ерітінді пайда болар еді. Бастапқыда 40% -дық және 60% -дық қанша ерітінді алынды?

4. Алтын мен күмстің құймалары берілген. Біреуінде бұл металдар 2: 3 қатынаста, ал екіншісінде 3: 7 қатынаста берілген.1 кг жаңа құймада алтын мен күміс 5:11 қатынасындай бол үшін әрқайсысынан қанша кг. алу керек ?

Дескрипторлар

+/-

Айнымалы енгізу

Есептің математикалық моделін құру

Бірінші теңдеуді құрады

Екінші теңдеуді құрады

Теңдеулер жүйесін шешеді

Есептің шартына сәйкес жауапты жазады

Үй жұмысы

1. а) Құрылыс алаңы тіктөртбұрыш пішіндес. Алаңның қоршауы 120 м, ал оның ауданы 800 м^2.

Құрылыс алаңының қабырғаларын табыңыз.

ә) Бақша тіктөртбұрыш пішіндес жерге салынған. Оның ауданы 700 м^2, ал оның бір қабырғасы екіншісіне қарағанда 15 м-ге ұзынырақ. Бақша салынға жер телімінің қабырғаларын табыңыз.

2. 84 фишка бар. Оларды үстелге бірдей қатарларға келесідей орналастыруға бола ма:

а) әр қатардағы фишкалардың санынан қатардың саны 3-ке кем болатындай;

ә) әр қатардағы фишкалардың санынан қатардың саны 5-ке артық болатындай.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу