Рационал теңсіздіктерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4А Теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Сабақ 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Рационал теңсіздіктерді шешу

Сабақтың түрі

Білімді бекіту, жүйелеу сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.9

рационал теңсіздіктерді шешу

Сабақтың мақсаты

Аралықтар әдісін қолданып рационал теңсіздіктерді шешеді.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу алгоритмін біледі

Бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешу алгоритмін біледі

Қолдану

Рационал теңсіздіктерді шешеді

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар бөлімнің негізгі терминдеріне сүйене отырып бүтін-рационал теңсіздіктерді шешуді ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология

квадрат теңсіздік

бүтін-рационал теңсіздік

бөлшек-рационал теңсіздік

көбейтінді

сан осі

аралық

бос жиын

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Көпмүшенің түбірлерін табамыз.

Жұп дәрежелі көпмүше.

Көбейтіндінің таңбасын анықтаймыз.

Бөлшекті ортақ бөлімге келтіреміз.

Бөлшектің алымын ықшамдаймыз.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, топта жұмыстану дағдысы.

Сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады.

Ұлтжандылық.

Сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу дағдысы алгебра және математикалық талдау пәндерін оқығанда қажет болады.

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар бүтін және бөлшек-рационал теңсіздіктерді шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

6 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Үй тапсырмасының орындауын тексеру

Оқушыларды кез келген ретпен 3 оқушыдан топтарға бөлінеді. Әрбір топқа үйге берілген тапсырманың біреуін тексеру тапсырылады. Оқушылар топта тексеріп, толықтырады. Кейін мұғалім әрбір топтан 1 оқушыдан алып жаңа 3 оқушыдан тұратын топ құрайды. Осы топта алдыңғы топта №1 есепті талқылап, тексерген оқушы №1 есепті, №2 есепті талқылаған оқушы №2 есепті, №3 есепті талқылаған оқушы №3 есепті кезектесіп тексереді.

Презентация

1-2 слайдтар

Сабақтың ортасы

12 мин

12 мин

10 мин

Есептер шығару

Тақтадағы есепті оқушылар орындарынан шығарады, тақтаға бір оқушыдан шығып, шығару жолын көрсетеді.

х-тың қандай мәнінде өрнектің мағынасы болады?

  • ;
  • ;
  • .

Дескрипторлар:

- Өрнектің мағынасы болатын шарт құрастырылған

- Рационал теңсіздік шешілген

- Шарттардың барлығы ескерілген

- Жауабы жазылған

Жұппен жұмыс

Оқушылар жұппен жұмыстанады. Тапсырманы орындағаннан соң, олар сәйкес жауаптың тұсына әріптерді қойғанда Қазақстандағы атақты тұлғаның аты-жөні шығады.

Теңсіздік

Әріп

О

Қ

Т

І

А

Р

В

У

Б

Кесте түсіндірмесі.

АТЫ:

ТЕГІ:

Жауабы: Тоқтар Аубакиров

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 - қазанда егеменді және тәуелсіз Қазақстанның ғарыштық бетін ашты. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері, 1946 жылы 27-шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1- Май ауылында дүниеге келген. Әкесі – ауыл ұстасы. Тоқтар бала кезінен ұшқыш болуды қалаған. Болашақ ғарышкер еңбектік қызметі Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болып бастаған. 1969 жылы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін әуе шабуылына қарсы қорғаныс ұшқышы болып бітірген. КСРО-ның ӘӘК-да (Әскери әуе күші) қызмет еткен.

Дескрипторлар:

- Рационал теңсіздікті шешеді

- Теңсіздіктің шешімін жазады

- Теңсіздіктің шешіміне сай әріптерді сәйкестендіреді

- Шыққан тұлғаның аты-жөнін жазады

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау

Оқушылар жеке жұмыстанады, жұмыстарын мұғалімге тапсырады.

  • теңсіздігін шешіңіз.

Дескрипторлар:

  • Көпмүшелердің түбірлерін табады
  • Көпмүшелерді сызықтық көбейткіштерге жіктейді
  • Түбірлерді сан осіне салады, таңбаларын анықтайды
  • Теңсіздіктің шешімін жазады.
  • теңсіздігін шешіңіз.

Дескрипторлар:

- Теңсіздікті (таңбасы маңызды емес) түріне келтіреді

- Бөлшектің бөлімі мен алымының түбірлерін табады

- Сан аралығында таңбаларды дұрыс қояды

- Теңсіздіктің шешімін жазады.

3 слайд

Қосымша 1

4 слайд

Қосымша 2

Сабақтың соңы

4 мин

Үй тапсырмасы

  • теңсіздігінің шешімдерінің ішінен ең кіші теріс бүтін санды табыңыз;
  • Теңсіздікті шешіңіз:

Рефлексия

«Досыма хат»

Рационал теңсіздік тақырыбын енді өтетін оқушы, сізден мына сұрақтарға жауап беруіңізді сұрайды:

- Рационал теңсіздіктерді шешу үшін қандай тақырыптарды қайталау керек?

- Қандай қиындықтар кездесуі мүмкін?

- Неге назар аудару керек? Қай жерде мұқият болу керек?

Осы сұрақтарға жауап ретінде хат жазу керек.

5 слайд

6 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар басқа сыныптастарына көмектеседі.

Жұппен жұмыс кезінде өзін-өзі бағалау жүзеге асады.

Сынып бөлмесі желдетіледі. Сабақ бойы оқушылар іс-әрекет түрлерін өзгертіп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу