Рационал теңсіздік. Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4А Теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Сабақ 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Рационал теңсіздік. Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.9

рационал теңсіздіктерді шешу

Сабақтың мақсаты

Аралықтар әдісін қолданып бүтін-рационал теңсіздіктерді шешеді.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Бүтін-рационал теңсіздіктің анықтамасын біледі

Қолдану

Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешеді

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар бөлімнің негізгі терминдеріне сүйене отырып бүтін-рационал теңсіздіктерді шешуді ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология

бүтін-рационал теңсіздік

көбейтінді

аралық

бос жиын

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Көпмүшенің түбірлерін табамыз.

Жұп дәрежелі көпмүше.

Көбейтіндінің таңбасын анықтаймыз.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, топта жұмыстану дағдысы.

Сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу дағдысы алгебра және математикалық талдау пәндерін оқығанда қажет болады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат теңсіздіктерді әртүрлі әдіспен шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

6 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, өткен сабақтағы қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын нәтижесіне тоқталады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Қайталау

Оқушылар берілген теңсіздіктерді шешіп, «ия» немесе «жоқ» деген жауаптардың бірін көтереді. Тақтадағы дұрыс жауаппен өздерін бағалайды, қателерін табады.

теңсіздігінің шешімі болады ма? (Ия)

теңсіздігінің шешімі болады ма? (Жоқ, )

теңсіздігінің шешімі болады ма? (Жоқ,)

теңсіздігінің шешімі болады ма? (Ия)

теңсіздігінің шешімі болады ма? (Ия)

Дескрипторлар:

- Квадрат теңсіздіктерді шешеді

- Сұраққа жауап береді.

Презентация

1-2 слайдтар

Қосымша 1

3-12 слайдтар

Сабақтың ортасы

20 мин

15 мин

Жаңа тақырыпты меңгеру

Оқушылардан бүтін-рационал теңдеудің анықтамасын еске түсіруді сұраңыз. Жауапты толықтырып, бүтін-рационал теңсіздіктің анықтамасын құрастыруды тапсырыңыз:

Екі жағы да рационал өрнектерден тұратын бір айнымалысы бар теңсіздікті рационал теңсіздік деп атайды. Егер рационал теңсіздіктің сол жағы да оң жағы да бүтін өрнектер болса, онда теңсіздік бүтін-рационал теңсіздік деп аталады.

Біздер бүгін дәреже көрсеткіші үш немесе одан да жоғары болатын бүтін-рационал теңсіздіктерді аралықтармен шешуді қарастырамыз.

Тақтада 1-мысал көрсетіледі. Оқушылардың ойлануына уақыт беру керек. Кейін тақтада бір оқушыны шығарып рәсімделуін талдап көрсетеді.

Мысал1: теңсіздігін шешіңіз.

Тақтада талданып болған соң келесі мысал көрсетіледі.

Мысал 2: теңсіздігін шешіңіз.

Бұл мысалды шығаруды да оқушылардың өздеріне тапсырған дұрыс. Кейін тақтада оқушы немесе мұғалім қалай шығарғанын талдап көрсетеді.

Мұғалім оқушыларға көбейткіштің дәрежесі жұп болғандағы ережеге тоқталады да, тақтада келесі мысалды талдап көрсетеді.

Мысал 3:

Жаңа тақырыпты бекіту

Тақтаға көлденең 1-8 есептердің нөмірі жазылған кесте сызылады. Оқушылар есептерді шығарады, мұғалімге қалай шығарғанын түсіндіреді, егер шығару жолы дұрыс болса, тақтадағы есептің нөмірінің астына өзінің атын жазады, осы есепті шығарған келесі оқушының түсіндіргенін тыңдай алады. Тексеруші қосымша толықтыру сұрақтарын қоя алады. Мұғалім сабақтың соңында кесте арқылы қорытынды жасайды.

Теңсіздіктерді шешіңіз:

  • ;
  • ;

Дескрипторлар:

- Көбейтіндіні нөлге айналдыратын айнымалының мәндерін табады

- Оларды сан түзуінде белгілейді және шыққан аралықтардағы көбейтіндінің таңбасын анықтайды

- Теңсіздіктің шешімін жазады

  • ;
  • ;
  • ;
  • .

Дескрипторлар:

- Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктейді

- Көпмүшенің түбірлерін табады

- Оларды сан түзуінде белгілейді және шыққан аралықтардағы көбейтіндінің таңбасын анықтайды

- Теңсіздіктің шешімін жазады.

13-15 слайдтар

Қосымша 2

Сабақтың соңы

2 мин

Үй тапсырмасы

Теңсіздіктерді шешіңіз:

  • ;
  • ;
  • .

Рефлексия

Нені жақсы орындадыңыз ?

Не қиындық туғызды?

Неліктен бұл қиын болды?

Оны қалай орындап шықтыңыз?

16 слайд

Қосымша 2

17 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар жаңа тақырыпты меңгеру кезінде басқа сыныптастарына көмектеседі.

Қайталау тапсырмаларын оқушылар өздерін бағалайды, ал есептер шығару барысында бірін-бірі бағалайды.

Мұғалім сыныпты аралап жүріп, ауызша кері байланыс береді.

Сынып бөлмесі желдетіледі. Сабақ бойы оқушылар іс-әрекет түрлерін өзгертіп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу