Рационал теңсіздік. Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Теңсіздіктер | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Рационал теңсіздік. Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу | ||||||||||||
Сабақтың түрі | Білімді қолдану | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Аралықтар әдісін қолданып бүтін-рационал теңсіздіктерді шешеді. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар бөлімнің негізгі терминдеріне сүйене отырып бүтін-рационал теңсіздіктерді шешуді ауызша түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология бүтін-рационал теңсіздік көбейтінді аралық бос жиын бүтін сан Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Көпмүшеліктерді көбейткіштерге жіктейміз. Көпмүшенің түбірлерін табамыз. Көбейтіндінің таңбасын анықтаймыз. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, топта жұмыстану дағдысы. Сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу дағдысы алгебра және математикалық талдау пәндерін оқығанда қажет болады. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар квадрат теңсіздіктерді әртүрлі әдіспен шеше алады. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 4 мин | Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар шағын топта шешімдерін салыстыра отырып, үй тапсырмаларын тексереді. | Презентация 1-2 слайдтар | |||||||||||
Сабақтың ортасы 8 мин 18 мин 10 мин | Жалпы сыныпқа ұсынылатын есеп Оқушылар төмендегі теңсіздікті көршілерімен талқылай отырып шығаруға тырысады. Кейін мұғалім тақтада дұрыс жауабын талқылап көрсетеді. Теңсіздіктерді шешіңіз: Дескрипторлар: - Теңсіздікті шешудің әдісін таңдайды - Көбейткіштерге жіктейді -Көбейтіндіні нөлге айналдыратын айнымалының мәндерін табады - Оларды сан түзуінде белгілейді және шыққан аралықтардағы көбейтіндінің таңбасын анықтайды - Теңсіздіктің шешімін жазады Бекіту тапсырмалары Оқушылар тапсырманы өздіктерінен орындайды. Сыныптың қабырғасына қызыл түсті параққа есептің шешу жолы, көк түсті параққа есептің тек жауаптары жазылады. Оқушы шешу жолын қарағысы келсе қызыл түсті параққа, ал тек жауабын тексергісі келсе көк түсті параққа барып қарай алады. Қаламсыз барулары ескертіледі. Теңсіздіктерді шешіңіз:
Дескрипторлар: - Теңсіздікті шешудің әдісін таңдайды - Көбейткіштерге жіктейді -Көбейтіндіні нөлге айналдыратын айнымалының мәндерін табады - Оларды сан түзуінде белгілейді және шыққан аралықтардағы көбейтіндінің таңбасын анықтайды - Теңсіздіктің шешімін жазады. Дескрипторлар: - Көбейткіштерге жіктейді -Көбейтіндіні нөлге айналдыратын айнымалының мәндерін табады - Оларды сан түзуінде белгілейді және шыққан аралықтардағы көбейтіндінің таңбасын анықтайды - Теңсіздіктің шешімін жазады.
Жұппен жұмыс Оқушылар деңгейлері бойынша жұптасып отырады, олар тапсырмаларды бірігіп талқылап орындайды, кейін осы тапсырманы орындаған басқа жұппен бірігіп жауаптарын талқылайды. Дұрыс жауаппен тексереді. Дескрипторлар арқылы бағалау жүргізеді. В деңгейі
Дескрипторлар: - Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктейді - Көпмүшенің түбірлерін табады - Оларды сан түзуінде белгілейді және шыққан аралықтардағы көбейтіндінің таңбасын анықтайды - Есептің сұрағына жауап береді С деңгейі 1. Теңсіздіктерді шешіңіз: а) ; б) . 2. Осы теңсіздіктердің ортақ шешімі бар ма? Егер болса, оларды көрсетіңіз. Дескрипторлар: - Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктейді - Көпмүшенің түбірлерін табады - Оларды сан түзуінде белгілейді және шыққан аралықтардағы көбейтіндінің таңбасын анықтайды - Теңсіздіктің шешімін жазады - Ортақ шешімді көрсетеді | 3 слайд Қосымша 1 Қосымша 2 | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Үй тапсырмасы Теңсіздіктерді шешіңіз:
Рефлексия
| 4 слайд 5 слайд стикер | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар басқа сыныптастарына көмектеседі. Қажет болған жағдайда қосымша тапсырма беріледі. | Сабақта өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау жүзеге асады. Мұғалім сыныпты аралап жүріп, ауызша кері байланыс береді. | Сынып бөлмесі желдетіледі. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру