Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу

Сабақ түрі: Бекіту сабағы

Оқу мақсаты: 8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • Жинақталған жиілік кестесін толтырады және жинақталған жиілік графигін салады, қолданады..

 

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
  • Қайталау.
  • Жинақталған жиілік ұғымын енгізу.
  • Бекіту.
  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия

 

 

Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.

Жинақталған жиілік статистикалық қатардағы сандардың қаншасы берілген мәннен аспайтынын көрсетеді. Жинақталған жиіліктер (абсолютті) жиіліктерді жинақтап қосқаннан пайда болады.

Мысал:

Интервалдық кестеде келесідей деректер берілген:

Ұзындық

Жиілік

4

22

56

32

5

Жинақталған жиілік былай есептеледі:

Ұзындық

<155

<160

<165

<170

<175

Жинақталған Жиілік

4

4+22=26

26+56=82

82+32=114

114+5=119

Жинақталған жиілік графигін кумулята деп те атайды. Осы график арқылы деректерді көрсету ыңғайлы болып келеді. Медиананы табуда ыңғайлы, мысалы, берілген тапсырмада жиіліктің барлық қосындысы 119 болды. Сонда медиана (119+1):2=60 болады. Оны графикпен қиылыстырсақ, онда ол 163 см-ге түседі. Сонда осы мән медиана болатыны шығады.

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

 Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.

 

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

 Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді әс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.

 

Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар

 

 Базалық деңгей

Кестеде IT компаниясында жұмыс істейтін 160 жұмысшының жасы туралы ақпарат берілген.

Жасы (A) жылмен

Жиілігі

15 < A  25

44

25 < A  35

56

35 < A  45

34

45 < A  55

19

55 < A  65

7

(a)Модалық класс интвервалын анықтаңыз.

(b)Жинақталған жиілік кестесін толтырыңыз.

Жасы (A) жылмен

Жинақталған жиілік

15 < A  25

15 < A  35

15 < A  45

15 < A  55

15 < A  65

(c)Төмендегі торкөзге жинақталған жиілік графигін салыңыз.

Күрделі деңгей

Мекемеде жұмыс істейтін 60 адамның жасы туралы ақпарат кестеде берілген.

Жасы (A) жылмен

Жиілігі

0 < A  10

4

10 < A  20

8

20 < A  30

11

30 < A  40

16

40 < A  50

9

50 < A  60

7

60 < A  70

5

(a)Жинақталған жиілік кестесін толтырыңыз.

Жасы (A жылмен)

Жинақталған жиілік

0 < A  10

4

0 < A  20

0 < A  30

0 < A  40

0 < A  50

0 < A  60

0 < A  70

(b)Жинақталған жиілік графигін торкөзге салыңыз.

(c)Графикті қолданып, мекемедегі 60 адамның жасының медианасын есептеңіз.

 

 Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

 Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

 

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

 Тапсырмалардың жауаптары өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға пайдалы болады.

 Қосымша 1 жауаптары.

№1. а) 25,5;

b)

Уақыт

Жинақталған жиілік

6

50

90

104

114

120

№2. а)

Уақыт

(t секунд)

Жинақталған жиілік

0 < t ≤ 10

16

0 < t ≤ 20

50

0 < t ≤ 30

82

0 < t ≤ 40

96

0 < t ≤ 50

100

№3. а)

Уақыт (t сағат)

Жинақталған жиілік

50 ≤ t < 55

12

50 ≤ t < 60

33

50 ≤ t <65

69

50 < t < 70

92

50 ≤ t < 75

100

 

 

 

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

Мордкович А.Г., Семенов В.П. События, Вероятности. Статическая обработка данных. Дополнительные параграфы к курсу алгебры 7–9 классов общеобразовательных учреждений. – М.: Мнемозима, 2009.

Ткачева М.Ф., Федорова Н.Е. Элементы статистики и вероятность. Учебное пособие для 7–9 классов общеобразовательных учреждений. – М.: Просвещение, 2007.

Бродский Я.С. Статистика. Вероятность. Комбинаторика. – М.: ООО «Издательство Оникс»; ООО «Издательство «Мир и Образование», 2008.

Макарычев Ю. Н.Алгебра : элементы статистики и теории вероятностей : учеб. пособие для учащихся 7—9 кл. общеоб–разоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк; под ред. С. А. Теляковского.— 3–е изд.— М. : Просвещение, 2005.

http://5klass.net/algebra–9–klass/Osnovy–statistiki/020–Poligon–raspredelenija–dannykh.html

http://x–uni.com/matematika/7klass/uchebniki/sobitiya–veroyatnosti–statisticheskaya–obrabotka–dannih–aalgebra–7–9–klass–mordkovich–a–g–semenov–p–v–2008

http://videouroki.net/filecom.php?fileid=98704116



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу