Орта мән, дисперсия, стандартты ауытқу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал.
№1. Төмендегі берілгендердің арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын, модасын, медианасын, дисперсия мен стандартты ауытқуын есептеңіз.
a)2244456689
b) 13.120.417.416.521.014.812.6
№2. Жұмысқа екі түрлі жолмен жетуге болады. Бірі қаладағы негізгі жолдармен, екіншісі қосымша жолдармен. Осы әрбір жолмен жұмысқа жетуге кеткен уақыт бірнеше рет өлшенді және оның нәтижесі төмендегідей:
Негізгі жол | 15 | 16 | 20 | 28 | 21 |
Қосымша жол | 19 | 21 | 20 | 22 | 18 |
a) Әрбір жолдың арифметикалық ортасы мен стандартты ауытқуын есептеңіз.
b) Сіз қай жолмен жүруді ұсынар едіңіз? Себебін түсіндіріңіз.
№3. 2016 оқу жылында қаладағы лицейлердің бірінің түлектері математикадан ҰБТ тапсырды. Емтиханға 71 адам қатысты. Нәтижелері бойынша кесте құрастырылды:
Х | 3 | 4 | 5 |
m | 4/71 | 21/71 | 46/71 |
Стандартты ауытқуды есептеп, емтиханды қалай тапсырғаны туралы қорытынды жасаңыз.
№4. Машина диаметрі орташа есеппен 2,0 мм болатын темір шарларды жасап шығарады. Өндіріс желісінен сегіз шар таңдалып алынып олардың диаметрлері өлшенді. Оның нәтижесі мынадай болды:
2.02.12.01.82.42.31.92.1
а) Диаметрлердің арифметикалық ортасы мен стандартты ауытқуын есептеңіз.
b) Машина дұрыс орнатылған деп ойлайсыз ба?
№5. Автобустың бір жолды жүріп өтуінің уақыты t минутпен 15 күн бойы өлшеніп отырды және оның қорытындысы келесідей болды:
Автобустың берілген жолға жұмсалған уақытының арифметикалық ортасы мен cтандартты ауытқуын есептеңіз.
№6. Мың бұйымдағы жарамсыз бұйымдар санының жиіліктер кестесі екі біртипті білдікке сәйкес келеді.
Осы білдіктермен шығарылатын жарамсыз бұйымдардың дисперсияларын салыстырып, білдіктер жұмысының тиянақтылығы туралы қорытынды жасаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру