Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу

Cабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.4 статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Кестемен, жиілік алқабымен, гистограммамен, жинақталған жиілікпен берілген ақпаратты талдайды, салыстырады, қорытындылар жасайды.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Кестедемен берілген ақпаратты талдайды;
  • Жиілік алқабымен берілген ақпаратты талдайды;
  • Гистограммамен берілген ақпаратты талдайды;
  • Жинақталған жиілікпен берілген ақпаратты талдайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Әртүрлі тәсілмен берілген ақпаратты талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, өз жауаптарына негіздемелер келтіреді.
  • Гистограмма, жиілік алқабы, жинақталған жиілік графиктерінің салынуын тұжырымдайды.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Жиілік алқабы; жинақталған жиілік, жиіліктердің интервалдық кестесі; интервал ұзындығы; медиана, гистограмма.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Кестедегі ақпаратты толықтыру үшін ... графигінен ... ақпаратты аламыз.
  • Бұл график арқылы ... байқауға болады.
  • Бұл нәтижелерді салыстыра отыра, ... қорытынды жасауға болады.
  • ... түрін пайдалану ұсынылады, себебі...

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Сабақта қарастырылатын мысалдардағы/тапсырмалардағы ақпараттар әртүрлі салалардан алынған, мысалы, география, биология, экономика т.с.с.

Бастапқы білім

Оқушылар гистограмма, жиілік алқабы, жинақталған жиілік графиктерімен таныс. Оларды салуды үйренген.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-10 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау.

Мұғалім оқушылардың бұрынғы білімдерін белсендендіру мақсатында деректерді ұсынудың графиктеріне шолу жасайды. Ол үшін оқушылардан жиілік алқабын, гистограмманы, жинақталған жиілікті салу жолдарын еске түсіру ұсынылады.

Презентация

Слайд 1-3

Қосымша 1

Презентация

Слайд 4-5

Сабақтың ортасы

10-38 мин

  • Ақпаратты талдауға есептер шығару.

Мұғалім оқушыларға жұпта тапсырмаларды орындауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады және сол кезде шешімді дұрыс жазуға назар аудара алады.

Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды, сонымен қатар, жұптық жұмыс кезінде әрбір оқушының үлесін бақылайды.

№1 тапсырманың Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Кесте түрінде берілген деректердің арифметикалық ортасын есептейді;
  • Өзгеріс ауқымын есептейді;
  • Кестедегі ақпаратты талдайды;
  • Жиілік диаграммасы бойынша кестені толтырады.

№2 тапсырманың Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Жинақталған жиілік графигін салады;
  • Медиананы есептейді;
  • Нәтижелерді салыстыра отырып, дұрыс қорытынды жасайды.

№3 тапсырманың Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Жинақталған жиілік графигін салады;
  • Медиананы есептейді;
  • Ақпаратты талдай отыра, дұрыс қорытынды жасайды.

№4 тапсырманың Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Диаграмманы дұрыс оқиды;
  • Жиілік алқабы графигінің салынуын қолданады;
  • Сұрақтарға жауап береді.

Қосымша 2

Презентация

Слайд 6

Презентация

Слайд 7

Презентация

Слайд 8

Презентация

Слайд 9

Сабақтың соңы

39-40 мин

  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 10

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу