Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру

Оқу мақсаты: 8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • Таңдама нәтижелерін интервалдық кесте түрінде ұсынуды үйренеді;
  • Топтастырылған нәтижелердің орташа мәнін есептейді.

 

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
  • Қайталау.
  • Интервалдық кесте ұғымын енгізу.
  • Интервалдық кестемен берілген мәліметтің арифметикалық ортасын табу.
  • Бекіту.
  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия

 

 

Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.

Дискретті шама – ол саналатын мәндер жиыны, яғни оны алдын ала санауға болады. Мысалы, сабақтың басында қарастырылған отбасындағы адамдар саны жайлы тапсырмада адамдар саны – дискретті шама, өйткені оны санауға болады.

Портфель массасы

Портфельдің орташа массасы

Абсолютті жиілік

1 ден 2 кг

1,5 кг

6

2 ден 3 кг

2,5 кг

10

3 тен 4 кг

3,5 кг

3

4 тен 5 кг

4,5 кг

1

Үзіліссіз шама – ол қандай да бір (а;b) немесе [a;b] аралығын үзіліссіз толтыратын мүмкін мәндер. Мысалы, портфельдің салмағы, өйткені онда саналмайтын сандар қолданылады.

Интервалдардың орталары жиілікке көбейтіліп, қосылады. Содан кейін оның нәтижесі жиіліктің қосындысына бөлінеді. Сонда:

Модалық класс болып жиілігі ең жоғары интервалды атайды.

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

 Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.

 

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

 Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді әс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.

 

Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар

 Базалық деңгей

Фирмадағы 50 жұмысшының еңбек ақысын тексеру кезінде келесі нәтижелер шықты (жүз мың теңгемен):

214, 204, 212, 201, 190, 222, 226, 216, 228, 240

224, 220, 260, 204, 240, 190, 218, 232, 254, 224

204, 221, 256, 260, 228, 232, 204, 182, 230, 214

242, 222, 260, 198, 216, 198, 232, 242, 216, 226

208, 221, 202, 204, 222, 196, 222, 238, 224, 223

180 мың теңгеден бастап интервал ұзындығы 10 мың теңге болатын жиіліктің вариациялық интервалдық қатарын құрыңыз.

 Күрделі деңгей

Мұғалімнің сыныптағы оқушылардың күніне кітап оқуға жұмсайтын уақыты (минутқа жуықталып) төмендегі кестеге жазылған.

Уақыт

Оқушылар саны

20-29

12

30-39

21

40-49

36

50-59

24

60-69

12

70-89

9

90-119

2

а) оқушылардың кітап оқуға жұмсайтын орташа уақытын табыңыз;

b) қандай да бір уақыттан кейін мұғалім көрші мектептегі 25 оқушыдан сауалнама алды. Онда орташа оқушылар күніне 75,5 минут жұмсайтыны анықталды. (а) бөлімінде табылған жауапты салыстырыңыз. Осы мәліметтер бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

 

 

 

 Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

 Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

 

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

 Тапсырмалардың жауаптары өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға пайдалы болады.

 Қосымша 1 жауаптары.

 №1. а) 24,7; b) 50, 30.

 №3.

Жиілігі

Машиналар санының орташа мәні

Жиілік Орта мән

5

4,5

22,5

8

14,5

116,0

13

24,5

318,5

20

34,5

690,0

22

44,5

979,0

21

54,5

1144,5

11

65,0

715,0

100

3985,5

 

 

 №4. а) ; b) 70,2мм; с) 46; d) 30%; e) i) 754; ii) 686.

 

 Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.

 

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

Мордкович А.Г., Семенов В.П. События, Вероятности. Статическая обработка данных. Дополнительные параграфы к курсу алгебры 7–9 классов общеобразовательных учреждений. – М.: Мнемозима, 2009.

Ткачева М.Ф., Федорова Н.Е. Элементы статистики и вероятность. Учебное пособие для 7–9 классов общеобразовательных учреждений. – М.: Просвещение, 2007.

Бродский Я.С. Статистика. Вероятность. Комбинаторика. – М.: ООО «Издательство Оникс»; ООО «Издательство «Мир и Образование», 2008.

Макарычев Ю. Н.Алгебра : элементы статистики и теории вероятностей : учеб. пособие для учащихся 7—9 кл. общеоб–разоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк; под ред. С. А. Теляковского.— 3–е изд.— М. : Просвещение, 2005.

http://5klass.net/algebra–9–klass/Osnovy–statistiki/020–Poligon–raspredelenija–dannykh.html

http://x–uni.com/matematika/7klass/uchebniki/sobitiya–veroyatnosti–statisticheskaya–obrabotka–dannih–aalgebra–7–9–klass–mordkovich–a–g–semenov–p–v–2008

http://videouroki.net/filecom.php?fileid=98704116



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу